Қала дәрігерлері мен колледж студенттері майдангерлер үшін сауықтыру флешмобын көрсетті.
Алматы қаласындағы Республика Сарайы алдындағы алаңда ҰОС ардагерлеріне арналған «Деніңіз сау болсын, ардагер!» флешмобы өтті.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжановтың айтуынша, үш колледждің студенттері бір қатарда, Алматы медициналық мекемелерінің бас дәрігерлері басқа қатарда тұрды.
30 минутқа жалғасқан флэшмобта 200-ге жуық студент, дәрігер мен қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері бар. Қонақ ретінде 100-ге жуық ардагер шақырылды.
Bnews.kz