Автор белгілі көркем туынды «Игорь полкі туралы жырды» қазақ тіліне аударумен қоса жүргізілген зерттеу барысында өмірде болған тарихи оқиғаға жаңа көзқарас, тың ойлар ұсынады
Қазақ
Еврей (иврит) тілінде Kazak «мықты» дегенді білдіреді. Шумерлерде Ka za num – қоғамдық бақылаушы, басшы. Қа – ыдыс, сауыт. Kaziz – ағаш ыдыс. Каз – ағаш. Қазаншы дейміз. Қаз – сот. Қазақтар: «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан», «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса» деп айтады. Қазан – өзгеріс, жаңалық, жаңғыру. Қазаншы – елді алға бастаушы, ел басы.
Көне түркі бітіктеріндегі қазғану, қазғандұқ, қазғантұқын, қазғанмасар деген етістіктер «қажырлы қайрат жұмсау, күресу, талпыну, еркіндікке ұмтылу, ерлік істеу, табысқа қол жеткізу» мағынасында қолданылады.
Карамзин «Казанъ» қаласының атауын Алтын түб деп те таратады.
Тұран елі
Х. Құрбанғалидың аңызда айтылатын «муғ трса» қауымын атап өтті. Аңыздың ар жағы ақиқат. «Мық тұр» қауымы бұрында болғаны рас. Тұр – бақсылардың Әлемдік ағашы. Мұқан ағашы. Бергі түрік билеушілері «Тұр- айын» титулын иеленген. Жырдағы «рища въ тропу Трояню чресъ поля на горы» дейді Боянды. Троян – Тұр-айын.
Жырда қалай келтірілген:
«Боянъ бо вещий,
аще кому хотяше песнь творити,
то растекашется мыслию по древу,
серымъ вълкомъ по земли,
шизымъ орломъ подъ облакы».
«Байан» – бұл да титул және «Бай» сөзі киелі деген мағынада да пайдаланылған. Байғыз – киелі құс. Жыр да он «вещий» деп бағалайды. «Мыслью По древу».
Мықанда оймен құйылып,
Көсілер көсегенің көгінде,
Абадандай құйғытып,
Майқы шыңда құйқылжыр.
Қара кесек
Әлемдік ағаштарды тағы бір атап өтелік: Тұр ағашы, Мықан ағашы. Бұл екеуіне Кусук – Қу сақ пен Тозды қосайық. Тоз – қайың. Сөзге сенбе, тозға сен. Кусук – кедр. Кесек. Қара кесек. Қара – аспан. Кесек – ағаш. Қара кесек – аспан ағашы.
Қарға тамырлы
Түркіде «Каргу» (Кара) – өзен. Сегіз өзеннің бірі – Тамыр. Қазақтың «Қарға тамырлы қазақпыз» дейтіні осы өзендер бойын жайлаған. Қарағай. Қарға – ағаш. Римдерде «хара» деген шөп өскен, оның тамырынан нан илеген. Ағаш, бақан – кітаптың белгісі, символы болып саналады. «Аш» – атты ағаш.
Құс жолы-половец
Құс жолы. Бұрында түркіде «Саман иолы» деп атады және де әлемдік ағашқа баланды. Ертеде жаңа Айды әлемдік ағаштың ойығында (түб) туады деп санаған. Ай – әйел символы. Полово –солома. Куба/кума. Құба/құма. Поло-вец.
Қаһан-қатын
Ғылымда жырдағы «Рекъ Боянъ и Ходына, Святъславля песнотворца стараго времени Ярославля, Ольгова коганя хоти: «Тяжко ти головы кроме плечю, зло ти телу кроме головы» – Руской земли безъ Игоря» деген біз астын сызып белгі соққан хоти сөзін әркім әрқилы талдап таратты.
Барлық болжам бұл сөзді княздің әйелі, қатыны, нақсүйері (коганя хоти) дегенге сайды. Болжам дұрыс, бірақ түп-төркін мағынасы басқа.
Қатын деген сөзге назарымызды аударайық. Тувада – хадын, якутта – хатын. Қаdһін – қайын. Қайын жұрт. Қайың. Інжілдегі «Каин» есімін құдай берген адам деп те оқиды.
Шындығында хоти термині көп елдің басын біріктіре білген билеушіге қаһан атағына қоса берілген ресми титул, атақ-дәреже болатын: қаһан-қатын.
XII ғасырда орыс княздері де қолданған «қаһан-қатын» титулын XVI ғасырдың көшірушісі «хоти» деп берген. Саяси-билік титулынан әлеуметтік атауға ауысқан. Көшірушінің уақытында «қаһан-қатын» (коганя-хоти) термині өзінің негізгі ең алғашқы философиялық, құқықтық, мемлекеттік мән-маңызынан айырылған сыңайлы.
«Қаһан-қатын» титул-термині жырдың Игорь тұтқыннан қашып үлкен княздің алдына оралғанына қатысты жерде айтылады:
Рекъ Боянъ и Ходына,
Святъславля песнотворца
стараго времени Ярославля,
Ольгова коганя хоти:
«Тяжко ти головы кроме плечю,
зло ти телу кроме головы, –
Руской земли безъ Игоря».
***
Баян жырау Қотан бабасының семіз сөзін алға тартып, Киев князіне Игорьді кешір дейді. Себебі, қай елге болсын, басшы қажет. Барлығының басын қосар басшы жоқта, игорьлер де керек дейді:
Серлетті сөзді Баян ұзаның –
намы Қотан-намадан,
Жырауы Святъславльдің,
Көне көзі Ярославльдің,
қаһан-қатын Олегтің,
Дескен ескі сөзді мысалдап:
«Ауыр басқа иінсіз,
бассыз бой да игісіз
Ел болмайды, хан ием,
телі-тентек, қисықсыз.
Болар қиын, Русь жеріне, Игорьсіз»¹.
Әрине, жырау Игорьді Киевтің көзімен «кінәлі, орыс мүддесінен бұрын өзінің жеке басының қамын күйттеді. Игорь телі-тентек, жаза тартуға тиіс», – деп айыптайды. Алайда, орыс мүддесі үшін Игорь керек, сондықтан қылмысын кешіріп, бауырына тартпақ. Мұны ұсынып отырған Баян жырау Қотан жыраудың ертеде айтылған сөзін еске салады.
Жырдың айтып отырған Олегі – «қаһан-қатын» титулы бар кінәз Олег. Қотан жырау – сол Олег заманының адамы. «Қаһан-қатын» титулы Ел- Білге қатын-қаған. Кезінде мемлекет туыстық және одақтық тұрғыдан құрылған. Қатын алу – саяси одақ құру. Саяси одақта билікке жеткен қос титульға қол жеткізген, яғни толық билік иесі.
Көшірмеші «қаһан-қатын» титулы болғандығын білмегендіктен «қатын» сөзін «хоти» деп аудару салдарынан мемлекеттік-құқықтық термин неке-отбасылық деңгей ауысып, төменгі сатыға түсіп кеткен соң, Қотан жырау қай дәуірдің жырауы екені жөнінде дау туған. Қотан – Баян жыраудан көп бұрын өмір сүрген адам. Атының өзі заты түркі екенін айғақтап тұр.
Қаһан – абыз, бақсы, жырау, пір. Амхар тілінде «Kаһәn» – абыз. Қа һән. Ка – сияқты. Һән – құдай. Қаһан – тәңір іспеттес. Алланың соңында болмақ.
«Қатын» терминінің мәні – «білікті біріктіруші». Қа – қайыр, сауыт, қауыз. Тын – рух, жан. Сондықтан да, «қатын» термині қаһан терминімен қоса айтылған, яғни біріктіруші – билік иесі, небір елдің басын құраған одақ басшысы. Неміс тілінде Qatn — қосақ, жар. Tun – қылық, әрекет, қимыл. Қат – шайға сүт қат. Тіл қат. Католик – одақтас. Қаталық. Рух бірлігі. Тұтастық. Ортақтық. Ай да, Күн де ортақ. Оларды белгілеген сөз де ортақ. Қа – сияқты, ұқсас, тәрізді. Тын – жан. Қатын – сабырлы келісім, дүние-заттардың жиынтығы емес. Ол – төзім мен татулық.
Қарым-қатынас. Қар-күш. Қары-туыс. Қарым-туыстық. Тату-туыс.
Көк бөрі – Күн
Көшірмеші төменгі жерде екі рет қатарынан «влъкомъ» сөзін қолданады. Түпнұсқада жыртқыш аңның екі атауы қолданылған. Көшірмеші балама таппай бір атауды екі рет қайталауға мәжбүр болған сыңайлы.
Ал, жыр мәні бойынша «қасқыр» бірінші рет жағымсыз реңде, ал екінші рет «көк бөрі» деп көкжалға тән табиғи қасиетін ашады.
Всеславъ князь людемъ судяше,
княземъ грады рядяше,
а самъ въ ночь влъкомъ рыскаше:
изъ Кыева дорискаше до куръ Тмутороканя,
великому Хръсови влъкомъ путь прерыскаше.
Тому въ Полотьске позвониша заутренюю
рано
у святыя Софеи въ колоколы,
а онъ въ Кыеве звон слыша.
Аш қасқырдай түні бойы жортады. Ер жігітке жараспайтын қылық. Ұлы Күннің жолын қияды, қарсы шабады. Күнге тіке қарай алатын ит-құс та қасқыр. Көк бөрі.
Всеслав кінәз жүргізген билік қараға,
Кінәздерге таратқан
тарту-таралғыға қалалар,
ол – қасқырың түн жамылып,
таңнан Киевтен шыға жортқанда,
Тура тартып көк бөрі
Ұлы Көріс жолын қияды.
Тұм тарханға жетеді.
Азан айтса Полоцкіде,
Киелі София қоңырау
дауысы күмбірлеп,
естір еді үнін ол Киевте.
Ағылшын тілінде horse – ат, жылқы. Таң атты дейміз. Күн – ат. Көріс – KRS. Көрісу. Күнкөріс. Хар ассириялық монументтерде «күн» мағынасын береді. Харис – от қаласы.
Араб тіліндегі түбір сөз хар-ис-тың мағынасы – «сақтау» деген етістік. Харис сөзінің мағынасы –күзетші, отты сақтаушы, отбасы. Яғни, күн отты сақтаушы.
Інжілдің көне еврейлік түпнұсқасының кейбір жерлерінде «күн» мағынасын беретін хрс деген сөз кездеседі. Бұл еврей сөзі емес, себебі, көне еврей тілінде осындай сөз «саз», «бас сүйекше» (қазіргі айтылуы – [хэрэс]) деген мағынаны білдіреді. Көне орыс тілінде – хорс, інжілдегі – хрс, қазақ тілінде – көріс («кездесу, жүздесу, амандасу, сәлемдесу»). Күнкөріс – тіршілік, тұрмыс: күн + көріс. Кіріс – «табыс» мағынасында.
Қытайдың графикасы «he» [хэ] – «байлықты молайту», яғни құттықтау, құт тілеу. Құт – береке, байлық: құт болды, құт дарыды – береке орнады, байлықтың басы болды.
Майя халқында таңба бар, [қатын] деп оқылады. Қытайда [Хэтун] дегеніміз – өмірге деген көзқарастардың, мақсат-мүдделер қарама-қайшылық, текетіресін қан майданда не саяси тартыста болсын жеңе отырып бірігу.
Әйел — үйдің құты. Белорус, украин, поляк әуел баста мал, дүние, байлық атаулыны белгілейтін худоба сөзі бар: сhudoba — құт оба. Түбі құт. Неміс тілінде — Guten Morgen! Guten Tag! Guten Abend! Gute Nacht! Gut — жақсы; жақсылық тілеу. «Да не оскудеет рука дающего» дейді орыстар. Скудный, скудъ; щадить, жалеть: Sko, -d > ske, d-. Түбі — -құт-. Береке, байлық, ызғұтты, іс дейміз.
Сонымен, хрс, хорс, көріс – күн дейміз және бәрінің түбі -хэ- – қайыр, құт, жақсылық тілеу.
Қораздану
Енді Баян сөзіндегі мына «ни пытьцю горазду» деген тіркесте жоғарыдағы пікірімізді толықтыра түседі.
Жырда Баянның Всеславъ князьге арнаған сын сөзін келтіреді. Баға түркі тілінде берілгені анық.
Аще и веща душа въ дерзе теле,
нъ часто беды страдаше.
Тому вещей Боянъ
и пръвое припевку,
смысленый, рече:
«Ни хытру,
ни горазду,
ни пытьцю горазду
суда божиа не минути».
«Горазду» құс дейді. Қандай құс? Кәдімгі қораз: Қоразсыз да таңым атқан. Қораз – күн; хорс. Күнкөріс – тіршілік, тұрмыс. Kyn Hrs – өмір, тіршілік.
Жан жүрегі өршіл денеде,
Қайғы шекпеген де жиі де.
Көсем тіл ер Баян
Арнап еді Семіз сөз,
Қиыннан қиыстырып:
«Қулан, қодилан,
Қораздан –
құтылмайсың ешқашан
махшарда сұрау алатын
Алла тағала сотынан».
Латын, неміс тілінде горизонт – horizon, көкжиек, французда, сонымен қоса, «өріс» – білім дәрежесін, дүниетанымын білдіреді. Латында hora – уақыт, сағат, жыл мезгілі. Немістің Horst – тағы құстың ұясы. Көне (ЭА) және классикалық араб тілінде «hrs» – күзету, қорғау. М. Фасмер «ура» сөзін жаңа жоғарғы неміс тіліндегі «Hurra» ура ол орта жоғарғы неміс тілінен «hurren» — жылдам қимылдау, ұшқыр (М. Фасмер. IV-том, 166-б).
Марат Ақторғайұлы