Екінші дүниежүзілік соғысқа не себеп болды?
08.05.2023 2087

Бірінші содан кейінгі екінші дүниежүзілік соғыстың тұтануына мынандай факторлар әсер етті. Ол әлемдік үстемдік үшін күрескен ұлы державалардың өзара қырқысқан қаржылық тай-таласы десек те болады. Енді осы ойымды бұлтартпас дәлелдермен дәлелдей түсейін. Тарихи деректерге кезек берсек, екінші дүниежүзілік соғыс КСРО мен Германияның өзара бірлескен экономикалық және саяси нақты жобасы болатын. Ең әуелі Польша мемлекетін екіге бөліп алумен басталған бұл саяси жоспарға бұдан өзге де алпауыт топтардың араласуымен қос елдің арасындағы қатынас бірден ширығып кетті. Сөйтіп бұл фактор соғыс өртінің тұтануына әкелді.


Енді осы орайда «Екінші дүниежүзілік соғыс қалай басталады? Мұны кім қаржыландырады?» деген табиғи сұрақтың да тумай қоймасы анық. Ең қызығы 1933 жылы Нидерланды елінде қалыңдығы  пышақтың қырындай ғана бір шағын кітап жарыққа шығады. «Синдей Уарбург» деп ат беріліп, айдар тағылған бұл кітапта алдағы майданның түгелдей дерлік жоспары сызылған екен. Еңбектің ақы иесі әлі күнге дейін беймәлім болса да бұл туындыны кей зерттеушілер Уарберг отбасына тиесілі дейді. Алайда Уарберг отбасы бұл пікірді еш мойынына алмай мұны  түгелдей  дерлік теріске шығарды. Аты шулы осы еңбек  турасында «New York Times» газетінің өзі 1933 жылғы 24 қарашадағы санында құмалақтың тіліндей аз ғана ақпар берген екен. Енді аталған еңбекте не туралы айтылған, осы мәселелерге аз кем тоқтала кетсек дейміз. Кітап парағында Ұлыбритания банкілерінің Гитлерді тікелей қаржыландырып отырғаны, сондай-ақ  «Dawes Plan» және «Юнг»  секілді үлкен жобалардың артында «Уолл Стрит» секілді ірі алпауыт қаржы топтары тұрғандығы туралы айтады. Енді осы   Уолл-Стрит дегеннен шығады ғой, мұның артында сол кезде бүкіл Еуропаны билеп төстеп отырған банкирлер мен Рошильд династиясы тұрғандығы да бәрімізге мәлім.  Осы орайда мына дүниелерді де оқырманға арнайы айта кетсек дейміз. 

Жалпы соғыс атаулыдан өзара соғысқан  екі  елдің экономикасы да үлкен жапа шегетіні белгілі. Ал керісінше мұны ұйымдастырып, айтақтап отқа май құйып, шөмшек тастап  отырған алпауыттар орасан зор  пайдаға кенелетіні бесенеден белгілі . Мұны бейне бір екі боксерді жекпе-жекке шығарып пайда табатын промоутермен салыстыруға болады. Шындап келгенде беттері көгеріп қан-жоса болатын ұйымдастырушы  тарап емес, шынтуайтында шаршы алаңға шыққан  ана екеуі ғой. Сонымен 1943 жылы шұғыл жағдайда  сөйлескен Рузвельт пен Черчиль «Германия, сөз жоқ жеңілуге тиіс» деген қорытындыға келеді. 

Ең қызығы осының бәрі жоғарыда жазылған кітапта түгелдей дерлік тәтпіштеліп баяндалған болатын. Мінекей, аталған жайларға қарап отырып-ақ бұл соғыстың немен басталып немен аяқталуының бәрі алдын ала жоспарланып қойғанын бірден бағамдауымызға болады. Сонымен бұл соғыстан Рошильд династиясы секілді қаржылық топтар үлкен қазынаға кенелсе, керісінше КСРО мен фашистік Германия секілді қаншама адамынан айырылып қан кешкен елдер алапат азаптың астында  қалды. Мұны айырықша айтып отырғанымыз, екінші дүниежүзілік соғыс тарихына  басқалай өлшем тезінде қарайтын уақыт әлдеқашан жеткен секілді. 

Ғалымдардың зерттеуінше, 43 миллионнан астам адамынан айырылған Сталиннің бұл «жетістігін» бүгінде  жеңіске балау шынымен-ақ  ойланатын дүние. Соғыс дегеннің өзін таза гуманистік көзқараспен бағамдасақ адам өлтіруді заңдастыру десек те болады. Ал бұдан артық жұмыр жер бетінде  қандай трагедия мен зор  қылмыс болуы мүмкін…

Оқи отырыңыз: Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (дерек пен дәйек)