Тулар туралы қызық дерек
04.06.2024 1838

Тарихқа үңілсек, көне заманда ту соғыстағы бірін-бірі танудың белгісі болған. Ал бүгінгі таңда туға қарап қай мемлекет екенін білеміз. Жер бетінде қанша ел болса сонша ту бар екені анық. Ал әрбір мемлекеттік тудың өз тарихы бар. Сондай-ақ сол туда әр елдің тарихы, ұлттың мұраты, елдің болмысы бейнеленіп жатады. Ол түс, белгілі бір өрнек, бейне арқылы көрініс табады. Санаулы турларда кездесетін кейбір ерекше белгілерді қоспағанда, негізінен барлық мемлекеттік ту бір-біріне жақындау болып келеді. 


 

Giulia De Amicis Біріккен Ұлттар ұйымына мүше 193 мемлекет пен 2 бақылаушы мемлекеттің туын түсі мен сипатына қарай төмендегіше 12 түрге жіктеп көреді. Байқағанымыздай, тулар дизайнына қарай бөлінген. 

Оң жаққа көп қолданылған түстер топтастырылса, оның астыңғы бөлігіне 12 түрлі дизайндағы тудың түрі мен саны көрсетілген. 68 елдің туы теңдей көлденеңінен немесе тігінен үшке бөлініп, үш түрлі түске боялғанын байқаймыз. Одан қала берді туларына жұлдыз өрнектеген елдер де көп екені көзге шалынады. 

Ортақ пішіндер мен арақатынастар

Тулар негізінен дерлік тік төртбұрыш және шаршы формада болып келеді. Арақатынасы болса – 2:3 немесе 1:2. Тек Непалдың туы ғана ерекшелігімен көзге түседі. Ол жоғарғы жағына ай мен күн, төменгі бөлігіне күн орналасқан қатар үшбұрыштан құралған. Бұндай стандартқа сай келе бермейтін тулардың кей жағдайда өз әурешілігі де болатыны анық. Сондықтан да болар, 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарында Непал туы басқа тулармен ұқсас пішіндегі ақ төртбұрышты матаға орналастырылған екен. 

Қай түс ең көп қолданылған?

200-ге тарта тудың 20 пайызы қызыл түсті қолданған. Вексиллологияда қызыл түс қуаттылықтың, ерліктің, революцияның және мығымдықтың символы ретінде қарастырылады. Сондай-ақ қызыл түс жаугершілік замандағы қан төгісті сипаттайтынын айта кеткен жөн. 

Қызылдан кейін ең көп қолданылатын түс – жасыл. Әлем туларының 15 пайызы осы түске боялған. Бұдан әрі қара (14%), күлгін (12%), ақ (11,5%), ашық көк (11%) және көк (9,5%) түстерді ретімен тізбелей беруге болады. Ал ең аз қолданылған түс – сары. Яғни 7%  ел ғана оны өз туларына пайдаланған. 

Фон мен бейнеленген суреттердің символдық мәні

Ең қарапайым дизайн – туды теңдей көлденеңінен немесе тігінен үшке бөлу. Осындай дизайндағы туды 68 мемлекеттен байқаймыз. Ал 40 елдің туына жұлдыз орналастырылса, 29 мемлекеттік туға түрлі жолақтар мен мөр басылған. 

Ішінара тулардың дизайнына жеке-жеке тоқталуға тура келеді. Мысалы, Куба мен Оңтүстік Африканың тулары геометриялық дизайнда жасалған, Ұлы Британия туында крест, ал Жапония мен Оңтүстік Корея туына дөңгелек пішінді пайдаланған.  Сондай-ақ ешқайсысына ұқсамайтын дара дизайндағы тулар да бар. Мысалы, Пәкістанның туында жасыл фонға жарты ай мен жұлдыз салынып, сол жақ бөлігі тек ақ түске боялған. Ұлы Британия туы да кресттен бөлек көптеген жолақтарды пайдаланған. 

Тулардың қиялдағы дизайнмен жайдан-жай жасала салмайтынын сөзіміздің басында айттық. Сондықтан да кез келген ту түрлі өзгерістерге де ұшырап отырады. Әсіресе оған саяси өзгерістің ықпалы басым екені анық. Қытай Халық Республикасының бес жұлдызды қызыл туын мысалға алайық. Бес жұлдыздың ішіндегі ең үлкен болып бейнеленгені Қытай Коммунистік партиясы болса, қалған төрт ұсақ жұлдызды қоғамды құрайтын төрт әлеуметтік тап деп есептейді. 

Дизайны ұқсас тулар

Just the Flight-тың келесі инфографикасында әлемдегі ең танымал тулар және олардың дизайнында кездесетін кейбір оқиғалар мен идеялар қарастырылған.

Америка Құрама Штаттарының туындағы жұлдыз бен жолақтар 1777 жылдан бері көптеген өзгерістерге ұшырады. Қазіргі нұсқа 1960 жылы Гавайи қосылғаннан кейінгі дизайн. 

Оңтүстік Америкадағы ең үлкен ел Бразилия туының дизайнын 1889 жылы қабылдады. Ондағы жасыл фон жасыл желек жамылған Амазонка орманын, сары гауһар тастар оның алтын байлығын бейнелейді екен. Ал тудағы португалша Ordem e Progresso ұраны демократияны жақтайтындықтарын көрсетсе керек. 

1625 жылдан бері бірде-бір рет туын өзгертпеген Дания Гиннестің рекордтар кітабына енген. Дания туы қысқаша Dannebrog немесе Danish Cloth деп аталады. 

Ұлыбританияның туы ескі үш мемлекеттік туларының аспектілерін біріктіріп, 1801 жылы қабылданған.  

Үндістанның үш түсті туы алғаш рет 1923 жылы көтерілді. Дегенмен, ондағы түстер дінді немесе уақытты білдірмейді. Шафран материалдық пайданың құнды емес екенін көрсетсе, ақ жолақ жарықты білдіреді, ал көкшіл Дхарма Чакра (Ақиқат шеңбері) динамикалық өзгерістерді бейнелейді, жасыл болса елдің қарым-қатынасын көрсетеді. 

Жаңа Зеландияның туында достық элементтері бейнеленген. Жаңа зеландиялықтар тудың дизайнын өзгерту керек пе, жоқ па дегенді 2015 жылдан бері талқылап келеді. Өйткені Жаңа Зеландия мен Австралияның мемлекеттік туы ұқсап кететіндіктен, жиі шатасулар болып тұрады. 

Непал - төртбұрышты (немесе шаршы) туы жоқ жалғыз ел. Тудағы екі үшбұрыш Гималайдағы орналасуына және Шах пен Рана әулеттеріне құрметті білдіреді екен. Тудағы күн мен ай бұрын адам бейнесі болған, бірақ 1962 жылы алынып тасталды.

Оңтүстік Африкада әлемдегі ең түрлі-түсті тулардың бірі бар. Ол Нельсон Мандела түрмеден шыққаннан кейін алғаш рет қабылданған кезде, бұл алты түсті бейнеленген, бірақ мөр немесе гобелен жоқ бірінші әлемдік ту болды. Бір қызығы, оның түсінің ішкі мағынасы болмаса да, Y пішіні көптеген элементтердің бірігуін және әлеуметтік бірлікті білдіреді.

Оңтүстік Африкада әлемдегі ең түрлі-түсті тулардың бірі бар. Ол Нельсон Мандела түрмеден шыққаннан кейін алғаш рет қабылданған кезде алты түс қолданған болатын. Сөйтіп мөр немесе гобелен бейнеленбеген әлемдегі  түңғыш ту  болды. Бір қызығы, оның түсінің ішкі мағынасы болмаса да, Y пішіндегі көптеген элементтердің бірігуі бірлікті білдіреді.

Мозамбик туы  - әлемдегі заманауи қаруы бар жалғыз ту. 1983 жылдан бері бейнеленген мылтық қырағылық пен сақтықты көрсетеді.  Ал ұңғы елдің ауыл шаруашылығын бейнелейді.

Суреттер мен инфографикалар ашық дереккөзден алынды