Әйел – отбасының алтын діңгегі, күміc қазығы
08.03.2025 691

Әр дәуірдің өз батыры болады. Алайда, батырлық тек қана білектің күшімен өлшенбесе керек. Бүгінгі кейіпкерлеріміз – гүлдей нәзік болса да таудай міндет пен жауапкершілік арқалаған аналар. Олар бір-бір үйдің түтінін түтетіп, берекесін арттырып, жанұясына жылулық сыйлап қана қоймай, үлкен қадамдарға барып, өмірлерін өзге арнаға бұрған батыл жандар.