Шабдан Әлғалиұлы Баян-Өлгей аймағында ірі қара малдың жұқпалы, жұқпасыз ауруларын, төлде кездесетін микро элементтердің жеткіліксіздігінен пайда болатын ауруларды жою ісінде көптеген тәжірибелер енгізген. Өз кезегінде білікті маманның өзі ғана білетін іс-тәжірибелері үлкен нәтиже береді. Әсіресе ұсақ малдың ішкі ағзаларында кездесетін кейбір паразит аурулар, нақты айтар болсақ, ешкінің кемелегі, қойдың секіртпесі, сиырдың оқырасы, қой, ешкінің жұқпалы күл аурулары сияқты ұзын-саны15 түрлі аурудың таралу қаупі төмендеген. Тіптен кейбіреуі түбірімен жойылып кеткен.
Моңғолияның экономикасында мал шаруашылығы маңызды рөл атқарады. 2023 жылдың соңында жүргізілген мал санағының алдын ала қорытындысы бойынша, елдегі мал басы 64,7 миллионды құраған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 9,1%-ға азайғанын көрсетеді. Атап айтқанда, қой саны 29,4 миллион, ешкі 24,6 миллион, сиыр 5,3 миллион, жылқы 4,8 миллион және түйе 473,9 мың басты құраған. Мал басының азаюына 2023 жылы болған қолайсыз ауа райы әсер етіп, әсіресе қой мен ешкі санының біршама азаюына алып келді. Алайда мал басының өзгеруі Моңғолияның ауыл шаруашылығының дамуына онша әсер ете қоймайды.
Моңғолиядағы мал шаруашылығының тарихы тым тереңде жатыр. Елде Халық революциясы жеңгеннен кейін де халықтың негізгі шаруашылығы малмен тығыз байланысты болды. Осы себепті 1923 жылы ел билігі Арханғай аймағына қарасты Цэцэрлэг қаласында Ресей дәрігерлерінің атсалысуымен мал дәрігерлік комитетін құрып, мал шаруашылығын өркендетуге ерекше көңіл бөле бастады.
Сол секілді Моңғолияның батысындағы қазақтар тығыз қоныстанған аймағы Бай-Өлкеде (Баян-Өлгий) 1940 жылдан бастап мал шаруашылығын ғылыми тұрғыда басқару жұмыстары қолға алына бастады. Бұл өңірде де мал шаруашылығы негізгі кәсіп көзі болып табылады, оның ішінде қой, ешкі, сиыр және жылқы өсіріледі. Бұл өз кезегінде білікті мамандардың шоғырын қалыптастырды.
Бай-Өлкеден шыққан алғашқы ветеринар
Ұланбатыр қаласындағы Моңғолия мемлекеттік университетінің мал дәрігер бөлімін алғашқылардың бірі болып тәмамдаған мамандардың бірі - Шабдан Әлғалиұлы еді. Шабдан Әлғалиұлы 1952-1957 жылдары аралығында аталмыш оқу орнынан білім алып, мал дәрігері деген диплом алып, еліне келіп қызмет ете бастайды.
«Ол кісіні Оқуаға дейтін едік. Ағамыз дәстүр салтты ұмытпаған қалың қазақтың ортасында өсіп, тәрбие алып, ұлттық салт-дәстүрдің майын қанып ішкен адам. Сол себептен де болар, мал дәрігерлік ғылыми мамандықты, дәстүршілдікпен үйлестіріп, халықтың малдың небір сырқаттарын емдейтін әдіс-тәсілдерін қоса қолданып, нақты нәтижелерге жетіп отырды. Қазақтың ұмыт болған, ұсақ малды (қозы, лақ, тайынша) ақтайтын «Тарту» әдісін ғылыми түрде қайта жаңғыртып, іске қосты. Соның нәтижесінде малдың салмағын арттыруға қол жеткізді. Жылқының көптеген ауруларын қазақтың «қан алу әдістемесін қолданып, табан астында емдеп, халықтың ықыласына бөленіп жүрді. Ол кісі білікті маман ғана емес өте шебер ұйымдастырушы, іскер бастық бола білді. Өзі 28 жыл үзбей басқарған Баян-Өлгей қаласында мал дәрігер ұйымын, 12 аймақты малдың аға және кіші дәрігерлерімен толық қамтамасыз етіп, материалдық базасын заманауи техникамен машинамен, орын жаймен жабдықтап, ветеринарияның ғылыми негізін қалап берді», - деп еске алады Шабдан дәрігердің қарындасы, оқу ағарту ісінің озат қызметкері Жәлей Әлғалиқызы.
Шабдан Әлғалиұлы – 1932 жылы Баян-Өлгей аймағы Ұланқұс ауылына «Қарасу» деген жерінде дүниеге келген. 1942-1952 жж. аймақ орталығында жаңа орнаған 10 жылдық орта мектебін бітіреді. 1952-1957 жж. Моңғолдың мемлекеттік университетін (ММУ) мал дәрігері мамандығын алып шығады.
1957-1962 жж Баян-Өлгей аймақтық Мал дәрігер ұйымында жұқпалы мал аурулары бөлімінде аға дәрігер болып қызмет етеді. Кейін осы мекеменің (1962-1990 ж) бас аға дәрігері, бөлім бастығы болған. Осы жерде табан аудармастан 28 жыл атқарып, 1990 жылы маусым айында зейнет демалысына шығады.
«Бұл әр адамға бұйыра бермейтін мүмкіндік. Бұған Шәкең өз мамандығын жетік меңгергендігінің арқасында еліне, отанына, халқына, еңбекке деген адалдығының арқасында жетті деп ойлаймыз. Осы 28 жыл уақыт аралығында Шәкең өзінің білімі мен ұйымдастырушылық қабілетін үнемі шыңдап, барлық мүмкіндікті толық пайдаланып, Моңғолия мал дәрігер ұйымын өркендету, оның даяшылық қарым-қабілетін арттыруда көп іс тындырған, өте білікті маман, іскер басшы бола білді. Шабдан ағамыз «Баян-Өлгей аймағы орнағаннан бері, керейлермен бірге жасасып құда-жекжат, нағашы-жиен болып біте қайнасып, аймақ өркеніне ақыл-ой парасаты, адал еңбегімен үлес қосып келе жатқан рулы ел Уақ әулетінен. Осы елден ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де туып шықты. Солардың бір бөлшегі, ғылым- білімімен, адал еңбегімен елге танылған көп ұрпақ өсіп, «Әйең ауылы» атанды. Әйең ауылының мықты ұлдарының бірі және бірегейі Уак-Өтеп- Қыдырманың екінші баласы Ардабайдан тараған», - дейді Шабдан Әлғалиұлының шәкірті, аға ветеринар Мекеш Тәліпұлы.
Мекеш Тәліпұлының айтуынша, Шабдан Әлғалиұлы Баян-Өлгей аймағында ірі қара малдың жұқпалы, жұқпасыз ауруларын, төлде кездесетін микро элементтердің жеткіліксіздігінен пайда болатын ауруларды жою ісінде көптеген тәжірибелер енгізген. Өз кезегінде білікті маманның өзі ғана білетін іс-тәжірибелері үлкен нәтиже береді. Әсіресе ұсақ малдың ішкі ағзаларында кездесетін кейбір паразит аурулар нақты айтар болсақ, ешкінің кемелегі, қойдың секіртпесі, сиырдың оқырасы, қой, ешкінің жұқпалы күл аурулары сияқты ұзын-саны 15 түрлі аурудың таралу қаупі төмендеген. Тіптен кейбіреуі түбірімен жойылып кеткен.
Сондай-ақ ол кісінің Моңғолия мал дәрігері ғылыми институтының ғалым мамандарымен бірлесіп жасаған зерттеулері де әлі өзектілігін жоя қойған жоқ. Соның ішінде таулы өлкелердегі ұсақ малдың төлінде кездесетін белгісіз бір ауру түріне «бұлшық ет ағару ауруы» деген диагнозын қоюды. Әрі оның емдеу әдісін тауып, ол тәсіл үлкен нәтижесін береді.
«Бұнымен қоса, Шабдан бастық ауылды жерлердегі мал дәрігері бөлімшелерінің шаруашылығын нығайтуға да ерекше көңіл бөлді. Қолынан іс келетін жастарды қамқорлығына алып, білікті маман етіп шығарды. Бар білгенін үйретті. 1970-1980 жылдары 5-6 кіші дәрігерді аға дәрігер, белсенді 10 адамды малдың кіші дәрігері қылып тәрбиелеп шығарды. Онысын арнайы мамандарға дәлелдеп, маман ретінде құжат алды. Сондай-ақ, аймағымыздың 12 аймағында мал дәрігері бөлімшесін құрып, барлығын заманауи ғимаратпен жабдықтаған. 12 сұмында Емдеу пунктін (ЕжП) ашып, қажетті құралдар, транспортпен қамтамасыз етіп кетті», - дейді Мекеш ағамыз.
Шабдан Әлғалиұлы аймақтық мал дәрігері бөлімінің бастығы болып тұрған қарсаңында аймақ көлемінде 12 малдың аға дәрігерлік бөлімшесін, 70 кіші дәрігер бөлімшесін, 28 ЕжП, 1 лаборатория, 4 диагностикалық кабинет жасақтап кеткен. Бұл жерде 40 аға дәрігер, 136 кіші дәрігер, 50 санитар, 52 жүргізуші жалпы саны 278 маман жұмыс жасаған.
«Еліміздің мал шаруашылығын өсіріп, өркендету үшін қажымай-талмай еңбектеніп, өлшеусіз үлесін қосқан іскер басшы болды. Осы жылдар аралығында малға тұрақты түрде жылына 15 түрлі вакцина салынып, қанның сарысуынан жасалған арнайы дайындалған 5 түрлі сывороткалар егіліп тұрған. Әрі бұлар тұрақты түрде жылына екі рет салынатын. Ұзын-саны 2,3 млн малға жұқпалы аурулардан, 3,6 млн басқа 13 түрлі паразит ауруларынан сақтандыратын екпе салынды. Осындай шаралардың ұйымдастырылуы малды жұқпалы және паразит үл ауруларынан сақтандыруға үлкен нәтижесін берген еді», - дейді Шабдан ағаның шәкірті.
Сондай-ақ ол Шабдан дәрігердің зейнеткерлікке шыққаннан кейін де қол қусырып қарап отырмай, ғылыммен айналысып, ғылыми жоба жасап, жас мамандарға қазақтың ежелгі ұсақ малдың төлін, (қозы, лақ, тайынша) ақтайтын «тарту» әдісін насихаттап, әдістемелік кітап қылып бастырып, таратып отырғанын айтады.
Өз қолымен мамандарға «тарту» әдісін үйретіп, ет өнімділігін арттыру ісіне сүбелі үлесі қосты. Осы тарту әдісі әлі күнге дейін көлемде қолданылады. Тарту әдісімен тайынша, қозы, лақ, пішуге арналған арнайы шпицы (бәкі) жасап, осы өнер табысы 2006 жылы 70-мемлекеттік No 21406 арнайы куәлікке ие болған.
«Шабдан Әлғалиұлының еліміздің мал шаруашылығын өркендетуге, малдың жұқпалы және паразит ауруларын жоюға жасаған игі істерін, қажырлы еңбегін, ұзақ жылдар бойы жеткен жетістіктерін, аймақтық мал дәрігер ұйымын 28 жыл табысты басқарған ұйымдастырушылық қабілетін үкімет жоғары бағалап,
1963 жылы «Еңбек құрмет» медалі,
-1973 жылы «Алтын жұлдыз» ордені,
-1983 жылы «Еңбек қызыл ту» ордені,
-1989 жылы «Моңғол еліне еңбек сіңірген мал дәрігері» атағымен марапаттады», - деп еске алады Мекеш Тәліпұлы.
Енді осы Шабдан Әлғалиұлының шәкірті, аға ветеринар Мекеш Тәліпұлының ұстазы туралы естеліктеріне назар аударсақ: