Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды
14.03.2025 72

Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy  порталы


Жиын барысында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады. Құрылтайдың панельдік сессиялары кеше өтті. Ол секциялардың тақырыптары азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қамтыды.  

Айта кетейік,  2022 жылы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтті.  Ал 2023 жылы Түркістанда өткен екінші отырыс "Әділетті Қазақстан – Адал азамат" тақырыбына арналды. Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны Атырауда, тарихи маңызы зор көне Сарайшық қаласы маңында өтті.  Құрылтайды осындай тарихи орындарда өткізу – ұлт тарихына деген ерекше құрметтің белгісі. Бүгін ұлттық құрылтай жер шоқтығы Бурабайда өтеді. Пленарлық отырыс санаулы сәттерден соң басталады.