Астана туралы 20 дерек
06.07.2018 3881
NDH порталы елордасы Астана тарихына қатысты ел көп біле бермейтін қызықты деректерді топтастырып ұсынады

1. Бүгінгі Астананың аумағында барлық уақытта қоныстар болған. Көне мен замандас зерттеушілердің еңбектерін мұқият оқығанда, Ақмоланың даласы әр түрлі этностар мен мәдениеттер бірлесіп өзара әрекет жасаған жанасқан жер екендігіне сену қиын емес. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасында да бұл даланың жазығында көне грек тарихшысы атап өткен Дала жолы созылып жатқан. 1998 жылы Астанадан 5 шақырым қашықта археологтар орта ғасырлық Бозоқ қалашығын ашқан. Дәл осы Астананың аумағы жерінен Сібір – Орта Азия керуен жолы XVI ғасырда жүрген. Бозоқ Қыпшақ хандығының астанасы болған.

2. V-VII ғасырларда қазіргі Ақмола облысының аумағында негізі қарлұқ, қыпшақ және қимақ атты түрік тайпалар өкілдерінен құрылған Түрік қағанаты мен Батыс Түрік қағанаты қуатты тайпалық бірлестіктер дәйекті түрмен қалыптасқан.

3. Мұндағы ең көрнекті тарихи нысандардың бірі – орта ғасырлардан бастап (VII-VIII ғғ) Қазақ Хандығы дәуіріне дейінгі (XV-XVI ғғ) аралықта сайын даланың төрінде салтанат құрған Бозақ қаласының ежелгі орны.

4. XVI ғасырда қазіргі Ақмола облысының солтүстік бөлігі үлкен Сібір Хандығының құрамына кірген. 1598 жылы сібір ханы Көшім Ермактың казак жасақтарынан жеңіліп қалғаннан кейін, ұлан-байтақ дала атырабын ресейліктер кедергісіз отарлау процесін бастады. Бұл мәселе жайында тарихшылар «20-ы жылдары (XVII ғ.) казак әскерлері Көкшетау уйездің үздік (таулы) бөлігін жаулап, қазіргі Ақмола, Баянауыл, Көкшетау мен Қарқаралы бекіністерінде көрінген» деп жазған.

5. XIX ғасырда бекініс қалаға айнала бастады. Өңірдің маңызды әкімшілік және саяси орталығы бола отырып барлық округті басқарды. Осы уақытта мұндағы халықтың саны шамамен 2000 адам болған. Ал кейінгі 30 жылда қала халқы үш есеге дейін артты.

6. 1820 жылы «Сибирский вестник» атты Императорлық Ресей журналында Иван Шангин орыс тау-кен инженерінің күнделігі жарияланған. Бұл күнделіктің беттерінде Шангин 1816 жылы бас штабтың тапсырмасымен Есіл мен Нұра өзендерінің аңғарын зерттеу кезеңінде, көне қаланың қираған жұртын тапқандығы туралы ескертулер бар.

7. 1829 жылы Қарлық, Алтай және Қуандық болыстарының халқы, старшиналары мен сұлтандары орыстардан Қоқан хандығына қарсы тұруға елдің басын біріктіретін бірден-бір шаһарға ие ішкі округ құрып беру туралы ұсыныс айтады. Осы тұрғыда олар бұл істі Федор Шубиновке сеніп тапсыруды сұрайды. Батыс Сібір губернаторы Вельяминов бұл ұсынысты құп алып, Ақмола атты төртінші округ ашады. Осыдан кейін Ақмола облысы өңірдегі болыстардың басын біріктіретін бірден-бір әкімшілік орталық болады.

8. 1830 жылы полковник екінші Фёдор Кузьмич Шубин тарапынан (Бородино шайқасының қатысушысы) қазақтардың бекінісі құрылды.

9. 1832 жылы көркем Қараөткел шатқалында орналасқан ауыл Ақмола қалалық қорғанға айналған. Санкт-Петербург қаласында 1863 жылы басылып шыққан «Ресей империясының географиялық-статистика сөздік» беттерінде Орталық Қазақстанның жаңа қаласы туралы былай айтылған: «Ақмола – Есіл өзенінде орналасқан сібір қырғыздардың аймағындағы Ақмола өңірінің басты қалашығы. Бүкіл облыстың орналасқан жері жағынан орталық пункт бекеттік жолдармен шығыстағы Қарғалы қаласымен, оңтүстікте – Ақтау бекінісімен, батыста – Атбасар станицасымен, сол арқылы – Көкшетаумен байланысқан».

10. Қазақ халқының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының әрі белсенді, әрі жігерлі әскери әрекеттері 1838 жылының көктемінде осы Ақмола бекінісінің қоршауымен басталған.

11. Польша ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушы, поляк революционері Адольф Янушкевич 1843-1848 жылдары Қазақ даласында айдауда болды. 1846 жылы шекаралық бастық генерал Вишневский басқарған экспедиция құрамына еніп, Омбыдан шығандап, қазақ даласына келеді. Теріскейін күнгейге дейін жүріп өткен ол қазақ даласының кіндік жұрты Қараөткел екенін қапысыз таныды. 1848 жылы 31 мамыр күні інісіне Аягөзден жолдаған хатында ол алдымен Аягөз шаһары туралы айта келіп, «Ақмола, мәселен, бүкіл қазақ даласының болашақ астанасы» деп тұжырым жасайды.

12. Ал әйгілі орыс саяхатшысы, этнограф, фольклорист және публицист Григорий Николаевич Потанин (1835-1920) – қазақ халқының үлкен досы. Ұлт тарихы мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Потаниннің атасы Илия Абылай ханмен хат алысып тұрған ірі мал саудагері болатын. Ал әкесі Николай географияны, әскери тарих пен ішкі саясатты ерекше білетін сауатты адам болған. Ол Шыңғыс Уәлихановпен тамыр болса, Григорий мен Шоқанның достығы аңызға айналды. «Қазақты аутономиа қылсақ, Қараөткел Алаштың ортасы, сонда  университет  салып,  қазақтың  ұлын,  қызын  оқытсақ, «Қозы-Көрпеш – Байанды» шығарған, Шоқан, Абай, Ақымет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін еуропа сонда білер-ау» дейтін Г. Потанинді Алаш арыстары қатты құрметтеген.

13. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Ақмола тек қана экономикалық ғана емес, сонымен қатар Совет одағының әскери-көлік торабы болған. Осы жерде бір атты әскер және үш атқыштар дивизиясы болған.

14. Қала өмірінің жаңа кезеңі өткен ғасырдың 60-ыншы жылдары басталды. 1960 жылдың желтоқсан айында қала Қазақстан солтүстігінің ірі орталығына айналып, 1961 жылы шаһар Целиноград атала бастады.

15. 1961 жылы Акмолинск қаласы Целиноград деген атау алып республиканың бірнеше ірі облыс кіретін тың жердің кіндігі деген атаққа ие болды. Сол уақытта Никита Хрущев бастаған Одақ басшылығы Қазақстанның астанасын Целиноградқа көшу мүмкіндігін шындап талқылаған.

15. Ақмола Хрущевоград болуы да әбден мүмкін еді. Бұл бастаманы өзіне қалай да болса назар аудару үшін қала әкімшілігі ұсынған. Хрущевке ол пікір ұнаған – тыңды көтеру өзі сүйетін жұмысы болғанмен, ол өзінің күш салуын осылай бағалауын қалаған. Алайда Қонаев жергілікті шенеуніктерді сынаған соң, бұл бастама ресми түрде жүзеге аспады.

17. 1997 жылғы қазанның 20-сында «Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы деп жариялау» туралы жарлық шыққан. Ол жарлық 1997 жылы желтоқсанның 10-нан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болатынын жариялап, ал 1998 жылдың 10 маусымында ажаңа астананың ресми презентациясы болатынын мәлімдеді.

18. Жаңа астана атын өзгертуін талап етті. Қараөткел, Есіл, Сары-Арқа дегендей әр түрлі пікірлер болған. Тіпті Қазақстан атауын берейік, одан басқа Нұрсұлтан деген ұсынымдар түскен. Бірақта бір түні мені жайнатты – Астана! Астананың аты астана. Барлық тілде айтуы мен түсінуі айқын және анық. 

19. Содан 180 жылдай өткен соң, 1999 жылы осы мәселеге сүйсініп кіріскен Кемел Ақышев бастаған археологиялық экспедиция қазіргі Астанадан 15 километр қашық жерде орналасқан және Ақ жол жұмыс аты берілген көне қаланың қазуын бастаған. Ақырында анықталғаны қаланың шын аы Бозоқ болған. Бозоқ қаласының нағыз өркендеген уақыты біздің заманымызға дейін Х-ХІ ғасырларда болғанын ғалымдар анықтаған.

20. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды.

 

Аян ӘДЕН