Цирк – бұл әрқашанда жаныңды баурап, сиқырлы әлемге жетелейтін мереке. Оның табынушыларына ешбір жас шектеулері қойылмайды. Циркті бәрі де жақсы көреді. Бұны осы наурыз күндерінде алматылық «Казгосцирк» әртістері әкелген «SKIFIY» цирктік бағдарламасын аса бір шабытпен қарсы алған астаналықтар тағы да бір рет дәлелдеді. 30 жылдың ішінде «Казгосцирк» алғаш рет Астанаға гастрольге толық құрамымен келді. NDH порталы бұндай тарихи оқиғаның жанынан бей-жай өтіп кете алмай, біз әртістермен астаналық манежде кездестік
«Астаналық цирк» МКҚК директоры ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ерік ЖОЛЖАҚСЫНОВ өзінің әріптесі, жаңа форматтағы жаңа цирк маусымын Астана ашып отырған Қазақ мемлекеттік циркінің басшысы Б.Бөкебаевқа ризашылығын білдірді.
- Мен бұндай өнерді, бұндай бағдарламаны тіпті шетелде де көрген жоқпын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа әлеуметтік бастамалары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бізге жаңа мүмкіндіктер беріп, біздің цирк өнерімізді дамытуға күш бергендігін айта кеткен жөн. Мәдениет – кез-келген ел өмірінің маңызды бөлігі. Біз мәдениетті дамытуға цирк жанры арқылы өз үлесімізді қосамыз. «Казгосцирк» МКҚК – қазақ циркінің негізін қалаушы. Біз әрқашан кәсіби қарым-қатынастамыз және алматылық цирктің премьерасына қуаныштымыз. Бірақ, бүгін, Қазақ мемлекеттік циркінің басшысы Бақыт Бөкебаев басқаратын ұжым тұңғыш рет осындай форматта өнер көрсетпекші.
Қазақ мемлекеттік циркінің басшысы Бақыт Бөкебаев:
- Құрметті әріптестер, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астананың 20 жылдығы қарсаңында Қазақ мемлекеттік циркі «SKIFIY» атты жаңа бағдарламасымен келді. Бұл этномәдениетке құрылған бағдарлама болғандықтан, біз оны жаңа тігілген костюмдеріміз, лазерлік шоу арқылы беруге тырыстық. Бүгін бұл – цирк өнеріндегі жаңа тәсіл.
Қойылым тобы – әртістер, режиссер, балетмейстерлер, костюм бойынша суретшілер жанымызда тұрып, бізді қызықтырған сұрақтарға жауап беруге дайын болды. Кургижинов Қанат «Номад» тобын таныстырды. Үйретілген ешкілерді – Әсел Бисенова, ең кішкентай кейіпкерлер: Әлия, Аделина, Сұлтан. Осы жуырда ғана акробаттық өнер бойынша республикалық жарыстарда Сұлтан күміс жүлдегер атанды. Манежде болып жатқанның бәрінің техникалық жағынан жауап беруші – Алексей Храменков. Басты кейіпкерлер – Әділет Тиканов пен Камила Көркембаева.
Бақыт БӨКЕБАЕВ қоюшы режиссер, балетмейстер, Марина РЕДЬКОны таныстырды. Марина цирктің жаңа қойылымы астаналықтардың көңілінен шығады деген үмітін білдіріп, қойылымда әртістердің не айтпақ болғандарын ашып көрсетуге тырысып, біздің сұрақтарымызға жауап берді.
- «SKIFIY» қойылымының тұжырымдамасы қандай?
- Бұл – ұлттық қорйылым идеясы. Біз түрлі кейіпкерлерді қарастырып, солардың ішінен Ер Төстік тарихын таңдап алдық. Бірақ, біздің ертегіміз түрлендірілген. Бұл жерде Ер Төстік те, ертегі кейіпкерлері де, өзіміздің ойдан шығарған кейіпкерлеріміз де бар.
Біз, әрине, қазақ мәдениетін, қазақтың ұлттық киімдерін заманауи тұрғыдан көрсетуге көрсетуге тырыстық, бізбен костюм бойынша суретші Зәуреш Жабағина жұмыс жасады. Ұлттық киімдер қатты түрлендірілген, бірақ оюларында, басқа да бір бөлшектерінде ұлттық нақыш сақталған. Ал, «SKIFIY» деп біз жайдан-жай қоя салған жоқпыз, «SKIFIY» - бұл фэнтези, ертегі.
- Астаналықтар мен қала қонақтарына арнап қандай ерекше сый дайындадыңыз?
- Меніңше, бұл жердегі жаңалық – лазерді қолдануымыз. Адамдар оны арнайы әсерлер ретінде үйлену тойларында ғана көруге дағдыланған. Біз лазермен сурет саламыз, лазер біздің нөмірлеріміздің ішінде де бар. Ол біздегі басты кейіпкер.
- Бұл сіздердің цирктеріңіздің алғашқы гастрольдері. Қанша нөмір көрсетіледі?
- Біздің бағдарламамызда 11 нөмір көрсетіледі. Микс нөмірлер де, классикалық нөмірлер де бар. Барлық нөмірлер бір тақырыпқа біріктірілген, үзіліс пен конферансье деген жоқ. Конферансьенің орнына – лазер.
- «Казгосцирктің» жарты ғасырлық тарихы бар. Сіздерде қандай цирк дәстүрлері сақталған және бүгін өздеріңізбен не әкелдіңіздер, сол туралы айтып берсеңіз?
- Екі жылдан кейін Қазақ мемлекеттік циркіне 50 жыл толады. Бізде не сақталған? Біріншіден, бізде цирктің құрылған алғашқы күнінен бастап, соның басы-қасында болған Қазақ мемлекеттік циркінің корифейлері бар. Олар бізде жұмыс істеп, жастарды үйретеді. Солардың арқасында көптеген студенттер цирк өнерінің қыр-сырымен танысты.
- Ал, қазір қандай жаңалықтарыңыз бар?
- Шынында, бұрын барлық цирк нөмірлері дивертисмент нұсқасында өтетін- жүргізуші шығады, ал содан соң цирк нөмірлері жүре береді. Ал, бүгін ол бізде жаңа форматта өтеді. Басынан бастап қойылым ертегі түрінде өтеді де, осы ертегінің ішінде цирк нөмірлері көрсетіледі. Біз бұны «Щелкунчикті» қойған кезде көргенбіз, ол үлкенге де кішіге ұнаған еді. Көрермендер ертегіні көре отырып, цирк нөмірлерін де тамашалайды, біздің жаңалығымыз – осы.
Марина Редько тағы бір жаңалық туралы айтып өтті:
- Біздің бағдарламамыз өте жас бағдарлама, бұл жерде қариялар жұмыс жасамайды. Бағдарлама тұтастай жастардан тұрады. Бағдарламаға 60 адам қатысады – гастрольдік бағдарлама үшін бұл өте көп. Мысал келтірсек, коммерциялық бағдарламалардың көпшілігіне 20, әрі кетсе 30 адам ғана қатысады. Бізде 60 адам, біз үлкен балаганымызбен, барлық таборымызбен келдік.
- Сіздер Скифия тақырыбын таңдапсыздар. Сақ-скиф мәдениеті бірінші кезекте, өзінің аң стилімен танымал. Сіздер аңдарды әкелдіңіздер ме?
- Әрине, ертегі аңсыз болуы мүмкін емес, сондықтан бізде аю, жылқы, иттер бар. Бәрі де ертегідегідей.
- Кішкентай актерлеріңіз туралы айтып берсеңіз. Олар әртістеріңіздің балалары ма?
- Әрине, әртістердің балалары. Ең кішкентай орындаушымыз Темірлан небәрі 2 жаста ғана. Ол кішкентай Ер Төстіктің рөлін ойнайды. Ер Төстік – шынында халық қаһарманы, ертегі кейіпкері. Ең кішкентай әртісімізідің ата-анасының есімдері – Камила мен Әділет. Ертегі бойынша, олар, басты кейіпкерлер Кенжекей мен Ер Төстіктің рөлдерін сомдайды. Олар күллі Еуропада жұмыс істеп, көптеген фестивальдардың күміс, қола жүлдегерлері, гран-при иегерлері.
- Қойылымы ұлттық нақышқа негізделген. Бұл шоуда тағы қандай идеялар жүзеге асырылды?
- Менің ойымша, біз заманауи технологиялармен байланысты тамаша қойылым әкелдік. Бұл жай ғана шоу емес, бұл – лазерлік шоу, бұнда лазер құр жарық ретінде ғана емес, нөмірлердің кейіпкері ретінде қатысады. Астаналықтарды қалай да таңғалдыру үшін біз өте көп жарық тарату аппаратурасын әкелдік. Астанада жоғары ауқымды түрлі шоулар үнемі болып тұратындықтан астаналық көрермендерді бірдеңемен таңғалдыру өте қиын екенін түсінемін. «SKIFIY» қойылымы «Ер Төстік» ертегісіне негізделгенімен, ертегіден қалғаны аз. Бұл – махаббат туралы ертегі, онда махаббат бәрін де жеңеді. Барлық жерде, нөмірлерде, музыкада да ұлттық нақышл сезіледі. Осы шоу үшін 200-ге тарта костюм тігілді. Бізбен тамаша дизайнер Зәуреш Жабағина жұмыс жасады, ол «Қазахфильм» киностудиясында да жұмыс істейді.
- Бұл қойылымның Астананың 20 жылдығымен қандай байланысы бар?
- Ол 20 жылдықпен тығыз байланысты, өйткені, біріншіден, бұл – ұлттық бағдарлама. Екіншіден, «Казгосцирк» ұжымы 30 жылдан бері гастрольдік сапарларға шықпаған, бұл – осы жылдар ішіндегі ұжымның тұңғыш гастроліміз. Жекелеген нөмірлер гастрольге шығатын, халықаралық конкурстардың жүлдегерлері және лауреаттары болатын. Бірақ, тұтас бағдарламамен, басынан бастап аяғына дейін – 30 жылдың ішінде тұңғыш рет орын алып отыр.
- Ер-Төстік идеясы кімдікі? Ол қалай пайда болды?
- Идея Бақыт Әбдіғалиұлы Бөкебаевтікі. Ол сценарий жазушыларды шақырды. Біз бұны ұзақ уақыт талқыладық. Сценарий жаздық, костюмдердің суреттерін салдық. Идеяны ойластыруды ақпаннан бастағанбыз, наурызда сценарийге кірістік, сонымен, өткен жылдың қыркүйегінде ғана осының бәрі тұтас бір қойылым болып шықты. Біз, 1 наурыздан бастап 1 сәуірге дейін Астанаға тамаша шоу әкелдік деп ойлаймын. Сондықтан да, барлық елордалықтарды және қала тұрғындарын «SKIFIY» лазерлік шоуын тамашалауға шақырамын.