Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарихи дамудың салтанаты

1309
Тарихи дамудың салтанаты - e-history.kz
Мемлекет тарихы институтының «Нұр Отан» партиясының қолдауымен 30 қаңтарында партияның Орталық аппаратының еліміздің саяси, рухани өміріндегі екі үлкен оқиғаны атап өтті

Оның біріншісі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылға арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы. Екінші, Елбасының Тәуелсіздік күні қарсаңында тұсаукесері өткізілген«Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы.

Аталған шараға өңірлердегі партия филиалының бірінші орынбасарлары, ұлттық-мәдени бірлестіктердің, ғылыми интеллигенция мен Елбасымен кезінде бірге қызмет атқарған зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ білім беру және агроөнеркәсіп саласының үздік мамандары партияның аймақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп, бейнебайланыс арқылы қатысты.

Шараның басты мақсатыпартия қызметкерлеріне Елбасы Жолдауында алға қойылған он тапсырманың тарихи маңызы мен ұлы мақсатын тіпті де тереңдетіп түсіндіру және жауапкершілігі мол міндет жүктеліп отырғанын айқындай түсу болды.

Сонымен бірге, Қазақстанның Орталық Азияның бірінші мемлекеті болып Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етіп отырған бүгінгідей тарихи сәтте Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында баяндалған тәуелсіздіктің 27 жылында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз бастамасымен іске асырылған Ұлы еңбектерін тағы бір мәрте еске түсіріп, ой елегінен өткізу және тарихи бағасын беру.

Дөңгелек үстелге Қостанай облысынан Еңбек Ері, облыстық мәслихаттың депутаты, «Каркен» ЖШС-ның директоры Буканов Сайран Балкенович; Алматы қаласынан – Еңбек Ері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мұғалімі Миразова Аягуль Тореевна бейнебайланысқа шығып, өз салалары бойынша Жолдаудан алған әсерлерін өздерінің өмірлік жиған бай тәжірибелерімен байланыстыра отырып ортаға салды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?