Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Өзіңді нағыз номад сезініп көр

1912
Өзіңді нағыз номад сезініп көр - e-history.kz
«ЭКСПО-2017» қонақтарын ата-бабаларымыздың тарихына серуендету үшін, өзін көшпенді ретінде сезініп көруі үшін этноауыл ашылды

Үкіметтің тапсырмасы бойынша Мәдениет және спорт министрлігімен жасалған тамаша этнокешен арқасында көрме қонақтары көшпелі халықтың өмірімен етене танысады. Бұнда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлер көрсетілген. Халықаралық көрме өтіп жатқан кезде, әр облыс Мәдениет күндері аясында өздерінің үздік шығармашылық ұжымдарын, қолданбалы және қолөнер туындыларын көрсетулері керек болады

Ақмолалықтар Италиядан келген делегацияны қарсы алды

Шетелден келген қонақтардан басқа, Ақмола облысы күндерінде  2017 жылғы 20-25 маусым аралығында өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайының қатысушылары да этноауылда болып қайтты.  Ақмола облысы Мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бурбаеваның айтуы бойынша этноауыл аумағында қазақтың ән-жыры шырқалып, күйі күмбірлеп, термесі жырлануда. Бұның барлығы шетелдік туристер мен ЭКСПО қонақтарын болашақтың технологиясымен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар қазақ халқының өзіндік мәдениетімен де таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Импровизацияланған хан ордасына кіре берісте қонақтарды Ақмола облысының шығармашылық ұжымдары мен әртістері қарсы алады. Ақ жаулықты әжелер келушілерді шашу шашып қарсы алды.  Қазақтар шашу кезінде теріліп алынған тәттілер сәттілік әкеледі дегенге сенеді.

Итальялықтарды киізден ою-өрнек жасау үдерісі қызықтырды

Қолөнер шеберлерінің жұмыстары, әсіресе сүйекке салынған оюлар қатты қызықтырды. Қой жауырынында нағыз өнер туындылары: «Алтын адам» мүсінінен бастап, республика Елтаңбасының құрамдас бөлшектеріне дейін жасалған. Ал тұрмыстық заттардан: тарақтан бастап қыз-келіншектердің әшекейлері қызықтырды. Сонымен қатар, ағаштан жасалған бұйымдар дақонақтарды бей-жай қалдырмады. Бұнда, астау, ожау және басқа да үйге арналған керек-жарақтар, қамшы, музыкалық аспаптар қойылған.

Ақмолалықтар Дүниежүзі қазақтары құрылтайына қатысушыларды қарсы алды

Мажарстаннан келген қонақтар әйелдер бұйымы – сүт молынан келуі үшін бала емізетін аналарға арналған үшжүзграммдық күміс әшекейді сатып алды. Ол алты алқадан тұрады, әрқайсысына табиғи тас – күлгінтас (аметист) орнатылған. Құны – 350 мың теңге.

Ақмолалық актерлер халық сүйіктілері – Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайларды қайта жандандыра алды. Домбыра мен қобыздың сүйемелдеуімен солардың әндері орындалды. Күресетін боз кілемдерде палуандар күресі өтті. Қонақтарға бүркіт, құмай тазы мен бөрібасарлар көрсетілді. Бала-шаға асық атып, тоғыз құмалақ ойнады. Қазақ тағамдарынан басқа, орыс, украин, түрік, кавказ, кәріс халықтарының тағамдары ұсынылды.  

Тарихи отанына осыдан 25 жыл бұрын Қытайдан оралған, Құрылтай делегаты, Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ШҚО Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы, ақын Алмас Сәтпаев атап өткендей, ол жерде қазақтардың ең үлкен диаспорасы – 2 млн адам орналасқан.  «ҚХР тұратын қазақтар Қазақстанның тарихын сүйіспеншілікпен оқып-үйренеді, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайлар сияқты ақындық және ән шығармашылығы кемеңгерлерінің аттарын мақтан тұтады, «Алаш» қозғалысының көсемдері мен белсенді қатысушыларын құрметтейді», – дейді А.Сәтпаев.

Бұл күндері ақмолалықтар түрлі делегацияларды, оның ішінде итальяндық және қытай делегацияларын, қазақ халқына тән қонақжайлылықпен қарсы алды. Оларды бай мәдениетіміз таңғалдырды.

Естеріңізге сала кетсек, бізде, Қазақстанда, әлемнің көптеген елдері энергия ресурстарын сақтау саласындағы өздерінің ғылыми жетістіктерін әлем назарына паш етуде.

Ақмолалықтар Қытайдан келген делегацияны қарсы алды

Фото: Ақмола облысының Мәдениет басқармасы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?