Күн тəртібіндегі көтерілген маңызды мəселе - 2018-2019 жылдарға арналған ЮНЕСКО-ның Бүкілəлемдік мұра тізіміне енгізілетін ұсыныстарын талқылау болды. Шараның модераторы «Әлем жады» ЮНЕСКО бағдарламасы ҚР Ұлттық комитетінің төрағасы, ҚР ҰАК басшысы Үмітхан Мұңалбаева талқылауға ұсынылатын өтінімдерді хабарлады.
«Комитеттің құрамында 43 адам мүше болған. Соның көбісі бүгінгі отырысқа қатысып отыр деп ойлаймын. Ендеше тәртіпке қарай отырып, маңызды шарамызды бастауға болады деп ойлаймын»,-деді комитет төрағасы.
ҚР Ұлттық комиссиясының кезекті отырысына Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен әдебиеттанушы ғалымдар, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының оқырмандары, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссияның мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
«Әлем жады» бағдарламасы аясында ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының отырысына ұсынылған негізгі тақырыптарға тоқталып өтсек:
- ССС-дің НКВД лагерлері тарихымен байланысты сталиндік репрессия кезеңі бойынша құжаттар: КарЛАГ, СтепЛАГ, Песчан Алаг, Алжир.
- Жеке тұлғалар мұрағаттары бойынша: Абай Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сатпаев.
- «Бабалар сөзі»: Жүзтомдығы.
Бекбалакова Гауһар, «Әлем жады» ЮНЕСКО бағдарламасы ҚР Ұлттық комитетінің хатшысы: «Бұл кезекті «Әлем жады» Юнесконың бағдарламасында бар. Осы «Әлем жадында» біздің ҚР Ұлттық комитеті бар. Олар ҚР өтінімдерінің берілуі мен дайындау механизмін жүзеге асыруға, Ұлттық, Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің және Бүкіләлемдік тізімдерін жасауға, сондай-ақ, Бірыңғай Ұлттық каталог құру үшін жұмыс атқарады. «Әлем жады» деген бағдарламаның негізі құжаттар мұрасы жинақталады. «Әлем жады» бағдарламасында ҚР Ұлттық комиссиясы бірнеше бағыттарды қарастырады. Бұл тақырыптардың бүкіләлемдік ЮНЕСКО тізіміе ену үшін бүкіләлемдік тарихи мәні, мазмұны болу керек. Бүгін біз тек қана ұсыныс береміз. Бұл ұсынысты ЮНЕСКО-ның тәртібі бойынша номинацияға беріп, содан кейін олардың консльтациялық кеңестері болады. Бұл жұмыстар бірнеше уақытта өтеді. Бір-екі жылдай болуыда мүмкін. Әр түрлі әлемдік сарапшылар бұларды тексереді. Мысалы биыл 78 номинация өтті. Қазақстаннан кезінде өткендер Қожа Ахмет Иассауидың және оның шәкірттері Сүлейман Бақырғанидың қолжазбалары 2003 жылы енгізілген. Сонымен қатар Семей-Невада қозғалысының құжаттары да Юнесконың мұрасына енгізілген. Арал тағдырына қатысты құжаттар 2009 жылы енгізілген».
«Әлем жады» бағдарламасы аясында ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының отырысы барысында елдегі құжаттық мұралардың болуы мен ҚР ең құнды және сирек кездесетін құжаттық мұрасын анықтап, оның тереңдетіп зерттелуін қадағалайды.
Нәтижесінде бұл тізімдер мекемелердегі сирек жарияланымдар мен басқа да құжаттық артефактілерге мониторинг жүргізу үшін қажет.