Бұл вернисаж – Жердің алғашқы жасанды серігінің ұшырылуына 60 жыл толуына орай өткен ауқымды акцияның нәтижесі. Акция тарихы да қызықты. 2017 жылы Байқоңыр ғарыш айлағының негізін салған Г.М.Шубников атындағы № 1 орта мектептің оқушылары айтулы датаға орай суреттер дайындауға бастама көтерді.
Бұл шараны Қазақстан Республикасына қарасты Байқоңыр қаласындағы білім беру мекемелерінің оқушылары да қолдады. Нәтижесінде байқоңырлық оқушылар 5,5 мыңнан астам сурет дайындады. Бір мезгілде екі құқықтық негізде қызмет ететін «Байқоңыр» кешенінің айрықша мәртебесін ескере келе, балалар өз шығармаларын Қазақстан және Ресей Президенттеріне жолдауға шешім қабылдады. Суреттерді Астана мен Мәскеуге жіберу жер серігінің ұшуын және оның орбитаға шығуының символы іспеттес.
Шығармалардың бір бөлігі Мәскеудегі Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасында көрсетіледі. Көрменің ашылуына Астана қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының оқушылары қатысты. Бұл мектеп Тұңғыш Президент Кітапханасы Музейінің ең сенімді серіктестерінің бірі. Осы мектептің педагогтары вернисажды басқаруға көмектесті.
Балалар көркемсурет мектебінің директоры ИСЕНОВА Гүлзия Жағыпарқызы қонақтарды мерейтойлық датамен құттықтап: - Біз бүгін айтулы дата – ғарышты игерудің, тұңғыш жер серігінің ұшырылуына 60 жыл толуының құрметіне орай ұйымдастырылған көрмеге қатысып отырмыз. Біз Байқоңыр қаласының көркемсурет мектебінде болып қайттық. Бұл жерге осы тамаша қаланың балалары салған суреттер қойылды. Мен Байқоңырда болып, балалармен танысқаныма өте қуаныштымын. Сіздердің жас суретшілеріңізге шығармашылық табыс тілегім келеді. Біз осы қаламен бірлесе жұмыс жасаймыз деп үміттенемін. Біздің астанамызға келіңіздер!
Исенова Гүлзия сонымен қатар өз мектебінің оқушылары туралы да айтып берді: - Біз оқушыларымызға осы айтулы күн – ғарышты игерудің 60 жылдығы туралы, ғарышты жақыннан зерттеудің басталуы – шын мәнінде тарихи белес. Жыл сайын осы мерейлі күнге орай ұйымдастырушылар осындай іс-шаралар ұйымдастырады, біз ғарышпен байланысты түрлі конкурстарға қатысамыз. Біздің оқушыларымыз бұған дейін орындар алып келген. Біз, тақырып бермес бұрын, ол туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп береміз, бейнематериалдар қосамыз. Егер мүмкіндік болса – ғарыш туралы білетін адамдарды шақырамыз. Балалар шабыт алып, содан соң барып өз туындыларын салады.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары АҚТАЕВА Күлайша Қабдуәлиқызы көрме бастамашылары туралы айтып берді: - Бұл балалардың бастамасы. Біз, әрине, көрмені шығармашылықпен айналысатындардың аудиториясына қарай құрастырамыз. Сондықтан бүгін біздің вернисаждың қонақтары - «Қазғарыш» мектебінің және Астана қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының оқушылары. Біз ғарышты игеру, жаңа инновациялар, экономиканы цифрландыру, төртінші өнеркәсіптік революция туралы айтқан кезде – біз қазіргі өмірімізді толғандыратын тақырыптар туралы айтамыз. Балалар бүгінгі қоғамның жай-күйін құрайтын өз түсінік-танымдарын көрсетеді. Осындай экспозициялар арқылы балалардың жоғары шығармашылық талғамын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қоса, олардың ғарыш және адамзат үшін ғарыш энергиясының мәні туралы түсінік-танымдарын көреміз, бұл қуантады.
Міне, бұл өте маңызды. Бұл көрменің өзі Елбасы кітапханасының «Балалық шақтан көзқарас» балалар жобасы аясында ұйымдастырылды. 200 суреттен тұратын топтама Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа жолданды. Суреттер «Балалық шақтан көзқарас» балалар жобасы аясында Астана қаласындағы Елбасы кітапханасының Музейінде өткен көркемсурет көрмесінде қалың жұртшылыққа ұсынылды. Көрме 2018 жылғы 18 ақпанға дейін созылады.