Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Астанада Пикассо туындыларының көрмесі ашылды

1813
Астанада Пикассо туындыларының көрмесі ашылды - e-history.kz
ҚР Ұлттық музейінде ХХ ғасырдың ең танымал және беделді шеберлерінің бірінің Пабло Пикассоның бірегей көрмесі ашылды

ҚР Ұлттық музейінде ХХ ғасырдың ең танымал және беделді шеберлерінің бірінің Пабло Пикассоның бірегей көрмесі ашылды»,- деп хабарлайды NDH порталы ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Пабло Пикассо «Селестина және Валлористық керамика» атты Астананың 20 жылдығына арналған көрмеге керамикадан жасалған туындылар мен Пикассоның гравюра коллекциясы қойылған. Құмыралар, табақшалар, құстар, мифтік тіршілік иелері – барлығы Пикассо Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өмір сүрген Францияның шуақты оңтүстігіне сай ашық түспен берілген.

Бұл көрмеге 32 түпнұсқа  экспонат ұсынылды, бәрінде де түпнұсқалығын айқындайтын куәліктері бар. Көрменің ашылу салтанатында сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Бүгін, біз сіздермен маңызды іс-шараның куәсі болып отырмыз. Ұлттық музейдің ашылғанына аз ғана жылдар болса да, осындай дүниежүзіне белгілі тұлғалардың көрмесін осы жерден көріп жатырмыз. Ол біз үшін үлкен қуаныш. Пабло Пикассо – тек сурет өнерінің ғана емес, сонымен қатар, бүкіл тіршілік көшінің, жалпы адамзаттың дамуына үлкен үлес қосқан тұлға. Мына ғажайып әлемнің сұлулығын қылқаламмен қағаз бетіне түсіріп, оған ерекше әр бере білу екінің қолынан келетін іс емес. Сурет өнері – табиғат тарту еткен талантты жандарға тиесілі десек, Пабло Пикассо сондай талант иесі», –  деді.

Өз сөзінде Италияның Қазақстандағы Елшісі Паскуалю Д’Авино мырза осы көрмені ұйымдастыруға атсалысқандардың бәріне, атап айтқанда,  ҚР Мәдениет және спорт министріне алғыс білдірді. Осындай мәдени шаралар түрлі ұлттардың бір арнада тоғысып, өзара тілдесуіне, түсінісуіне септесетінін атап өтті. Көрменің ашылу салтанатын Қазақстан Республикасындағы Испания Елшілігінің миссия бастығының орынбасары Айки Маулеон Мураматсу мырза аяқтады.

– Мәдени оқиғалар мен оларға деген қызығушылық тек Астанада ғана емес, жалпы Қазақстанда кең етек алып отырғаны қуантады. Бүгінгі Пабло Пикассоның көрмесі Орталық Азияда тұңғыш рет өткізіліп отыр. Пабло Пикассо – Испанияның әлемдегі ең танымал суретшілерінің бірі. Ол суретші әрі мүсінші де болған,- деп сөзін қорытындылады Айки Маулеон Мураматсу мырза. 1946 жылы Воллористе жыл сайын өтетін керамика көрмесіне барған Пабло Пикассо, сол жерден шабыт алып, төрт мыңнан аса декоративті керамикалық форма жасаған. Пабло Пикассо таныс заттардың уталитарлығын бірегейлік, даралық пен көркем туындының сиқырлығымен біріктіре алды. Шебер көзеші шарығын пайдаланбаған. Оның сауыттары мен кеселері өзінің әдейілеп жасалған формаларының арқасында әдемі, тұтас және тылсым һәм тартымды архаикалық мүсін өнерін еске түсіреді.  Осы көзтартарлық, мінсіз пішіндерге ой жүгіртіп қарасақ, ғажайып құстар мен аңдардың тіріліп, ал түр-түссіз керамикадан жасалған мүсіндерге жан бітіп, адам кейіпіне енетінін елестетеміз, әдеттегі қарапайым образдар қайталанбас тұтас тарих ретінде көз алдымызға келеді.

Пикассоның бұл жұмыстары – тираждық және сонымен қоса, авторлық керамиканың алғашқы тәжірибесі емес. Валлористік керамиканың бесігі – «Мадура» керамикалық шеберханасы әлі күнге дейін бар. Мадура шеберханасының бұйымдарын сатып алатын коллекционерлердің туындыларында міндетті түрде Edition Picasso («Пикоссо қолынан шыққан») жазуы мен нөмірі бар. Көрме осы жылдың 3 қарашасына дейін созылады.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?