Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдары тек ресми басылымдармен ғана шектеліп қоймайды. Тәуелсіз авторлар жасайтын бірегей жаңа контент зор танымалдыққа ие болып келеді. Электрондық БАҚ дамуымен байланысты осындай тенденцияларды талқылау үшін Astana Media Week форумы заманауи құбылыс болып табылады. Дегенмен де, баспасөз басылымдары үлкен рөл атқарады, әсіресе, өңірлерде. Әлі күнге дейін баспасөз басылымына жазылып, типографиябояуының иісі аңқыған, шытырлаған газетті қолына ұстағанды жақсы көрушілер де бар.
Қазақстанның публицистикалық мұрасы Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев сияқты тарихи тұлғалардан басталады. Өз қызметін журналистік қызмет ретінде қабылдап, газетте жұмыс істеген журналистердің келесі буыны Ешмұхамбет Абылайханов, Дінмұхамет Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсенбаевтан басталады. Азаттық көңіл-күйі көтерілген кезде демократиялық басылым туады – 1911 жылы «Қазақстан» атты газет пайда болады. Алаш көсемдері «Қазақ» газетін өздерінің идеологиялық қағидалары мен көзқарастарын жариялайтын құрал ретінде пайдаланған.
Ал, екі кезең тоғысында – революцияға дейінгі және кеңес заманында өмір сүрген газеттің өзі отандық журналистикадағы жаңа кезеңнің басталғанын білдірді. Телевидение пайда болысымен жаңалықтарды жеткізу және бұқаралық ақпаратты тарату форматы өзгерді.
Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Astana Media Week-тің жаңа мүмкіндіктері туралы айтып берді:
- Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен осымен екінші жыл Astana Media Week өтіп отыр. Биыл қатысушылар көп болғандықтан, ол бұрынғыдан да қызықты бола түсті. Қатысушылар ішкі мәселелерді, отандық телевидение тенденцияларын талқылап қана қоймайды, сонымен қатар бұл жерде шетелдік телекомпаниялардың өкілдері де белсенді қатысуда. Іс-шараға Белоруссия Ақпарат министрлігінің вице-министрі, Түркиядан, басқа да мемлекеттерден қонақтар келді. Бұл біздің телеарнамыздың, продакшн-компанияларымыздың әлемдік тенденцияларға сәйкес дамып жатқанын көрсетеді.
Бүгін көптеген жаңа жобалардың тұсаукесерлері өтті. Питчинг ашық түрде өтіп жатыр, бұл жерде түрлі продкашн-компаниялардың басшылары, кино түсіргісі келетін, қызықты деректі фильм жасағысы келетін белгілі режиссерлер, жас режиссерлер өз ойларын білдіреді. Жеке секцияларда журналист кадрларды дайындау сұрақтары талқыланады, онда ЖОО өкілдері, медиа-курс, медиа-орталықтардың өкілдері және жұмыс берушілер – отандық телеарналардың топ-менеджментінің өкілдері қатысады. Бұл өте өзекті сұрақтар, өйткені, журналистерді төрт жыл дайындамай-ақ, екі жылдық курстың өзі жеткілікті деген сияқты көптеген дебаттар болған.
Astana Media Week-тің басты мұраты – өңірлік БАҚ-ты дамытуға жеке бір күн арналған. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасымен екі жыл бұрын Жергілікті БАҚ Қауымдастығы құрылды. Осы қауымдастық аясында өңірлік БАҚ дамуындағы трендтер, сонымен қатар, отандық БАҚ дамуына қатысты жаңалықтар талқыланатын болады.
Astana Media Week аясында көптеген қызықты келесімшарттарға қол қойылады деп үміттенемін. Мысалы, «Хабар» агенттігі былтыр тұңғыш Astana Media Week форумы аясында үш жоба құқығына ие болған. Соның бірі «The Nomads» деп аталады, бұл – қазақ халқының салт-дәстүріне негізделген қазіргі номадтар туралы реалити-шоу. Бұл жобаны көрермендер жуырда Kazakh TV эфирінен көре алады.
Сонымен қатар, былтырғы жылдың келіссөздерінің нәтижесі бойынша «Хабар» арнасында «Спасаем жизни» медициналық жобасы сатып алынды. Былтыр тап осы жерде біз сақ жауынгерлері мен сақ әйелдерінің батырлығы, іс-әрекеттері туралы әңгімелейтін «Амазонкалар» деректі фильмінің құқық иелерімен келісімге келдік. Биыл да біздің агенттік пен әріптестеріміз көптеген жаңа жобалар табады деп ойлаймын. Бұл жалпы отандық телевидениенің дамуына және отандық медиа-нарықта жаңа есімдердің пайда болуына көмектеседі.
Танымал вайнер және блогер Мәрлен Қапбар өзінің «НТК» телеарнасымен іске асырып жатқан жобаларымен және жеке жоспарларымен бөлісті:
- Менің аты-жөнім – Мәрлен Қапбар. Мен блогермін – интернеттің адамымын. Қазіргі уақытта «НТК» арнасымен тығыз қарым-қатынастамын. Қазір бізде «Номад» жобасының пост-продакшны жүріп жатыр, бұл жобада мен мотоциклмен Оңтүстік Қазақстанды аралаймын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл жоба тек танымдық жоба ғана емес, сонымен қатар ойын-сауық жобасы. Менің ойымша, тек НТК-да ғана ойын-сауық және де танымдық контентті орналастыруға қабілетті. Бұдан кейін де НТК-мен бірлескен жоспарларымыз өте көп, өйткені арна ынтымақтастыққа ашық, оның үстіне дәл блогерлерді қолдайтын аздаған арналардың бірі. Мен НТК-ны визуалдық қабылдаудың жаңа деңгейіне шығаратын жаңа ребрендинг философиясын әзірлеуге қатыстым. Қазіргі кезеңде бәрі де жақсы жүріп жатыр. Рейтинг бойынша бәрін жолда шаң қаптырып кететін статистикалық деректер бар. Менің бағдарламам да кіреді деп үміттенемін.
Өзім туралы айтар болсам, мен вайнер болып бастағам, кейін блогтер, влогтер – бұл әзіл-сықақ контенті болатын. Ал, қазір мен сәл басқа ой әкелсем деймін. Есейген сайын әлеуметтік жауапкершілік жүктеу ойымда бар. Мен үшін ыңғайлы тақырып – саяхат, менің блогымды көріп, телеграмдағы арнамды оқып: «окей, мен өмір сүргім келеді» деп айтатындай етіп адамды ынталандырғым келеді. Өйткені, жасырудың қажеті жоқ, соңғы уақытта Қазақстанда тек үш қала ғана өмір сүріп отыр – Шымкент, Алматы мен Астана. Туризм, жалпы саяхат, Қазақстанның барлық аумағында дамыса.
Бұл үшін менің өз тәсілдерім бар – бұл менің влогтарым. Мен ішкі туризмнен бастадым, өйткені, біріншіден, ол арзан, екіншіден, көптеген компаниялар осы бағытта ақша салуға дайын, себебі жоғары жақтың тапсырмасы бар – ішкі туризмді дамыту, мен бұнымен толықтай келісемін, өйткені бізде көруге тұрарлық орындар өте көп. Орман көру үшін Шығыс Еуропаға барып не керек – олар біздің Көкшетауда да бар, Куршавельге барудың не керегі бар – өзімізде Шымбұлақ бар, ақыр соңында, өзіміздің Шарын тұрғанда Колорада шатқалын көруге Америкаға барудың не қажеті бар. Көретін де, көрсететін де жерлеріміз жеткілікті.
Astana Media Week 2018 жылғы 28 қыркүйекке дейін созылады. Форумға келушілерді ақпараттық контентті дамытуға қатысты кең көлемді мәселелерді қамтитын көптеген баяндамалар күтіліп отыр.