Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатына 25 жыл

2605
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатына 25 жыл - e-history.kz
ҚР Президентінің Мұрағатындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті туралы қор құжаттарына шолу

1994 ж. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бұрынғы Орталық мемлекеттік қазіргі заман тарихы архивінің негізінде қоғамдық-саяси сипаттағы құжаттар сақталынатын, жаңа әлеуметтік-саяси бағыттағы құжаттарды қолдануды ұйымдастыру, жинақтау және сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві құрылды. Биыл ҚР Президенті Архивіне 25 жыл толып отыр.

Бүгінгі күнде Архив Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігінің және мемлекет басшысына тікелей бағынатын басқа да мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық-мұрағаттық қамтамасыз ету саласында негізгі міндеттерді атқаратын, заманауи техникалармен жабдықталған кешен болып табылады.

ҚР Президенті Архивінің қорын құруда үлкен жұмыстар атқарылды. Сараптау жұмыстарынан соң архив қорларында ҚР Президентінің қызметіне қатысты құжаттар кешенін құрайтын №7 «Қазақ КСР Президенті» (1990 ж. сәуір – 1991 ж. желтоқсан) және №5-Н «Қазақстан Республикасының Президенті» (1991 ж. желтоқсанынан бері) қорлары қалыптасты.

№7 қор құжаттарында ҚР Президентінің ант қабылдауы, Президент Кеңесі мүшелерін, мемлекеттік кеңесшілерді, республикалық тізімдеме басшылары мен министрлерді тағайындау, азаматтыққа қабылдау мен шығару, республикалық министрліктерді құру туралы 1990-1991 жж. алғашқы Жарлықтары сақталған.

ҚР Президентінің қызметі Президент Кеңесі, Республика Кеңесі, Жоғары экономикалық кеңес жиналыстарының хаттамаларында жан-жақты бейнеленген. Онда саяси және экономикалық реформалардың, қаржы-кредиттік саясаты мен шетелдік инвестициялар, халық шаруашылығы саласына нарықтық қарым-қатынасты енгізу, еркін экономикалық аумақ қалыптастыру және т.б. сұрақтардың нәтижесі мен іске асырылуы туралы мәліметтер бар. Сонымен қатар ҚР Жоғары Кеңесі жиналысының стенограммалары, өндірушілер, кәсіпкерлер, шығармашылық бірлестіктердің жетекшілері, жастар, кәсіподақ қызметкерлері, еңбекші ұжымдарының өкілдерімен, кеңестік және құқыққорғаушы органдармен кездесу стенограммалары сақталған.

Елбасының сыртқы саяси қызметін айқындайтын Алматы қ. аккредитацияланған дипломатиялық өкілдіктермен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Д. Бейкер, ГФР сыртқы істер министрі Г. Геншермен, РКФСР Президенті Б.Н. Ельцинмен саяси және ынтымақтастықты дамыту сұрақтары бойынша, Еуропарламент делегациясымен, Сингапур үкіметінің делегациясымен кездесу стенограммалары бар. ҚР Президенті қызметінің бір түрі – мемлекет және үкімет басшыларымен, дипломатиялық қызметтің өкілдерімен және шетел мемлекеттерінің өзара сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту жөніндегі хаталмасулары да бар. Қордың барлығы 1990-1991 жж. қамтитын 1644 істі құрайды.

5-Н «Қазақстан Республикасының Президенті» қорында 1992–2003 жж. аралығының құжаттары сақталған. Бұл аралықтың құжаттарында тәуелсіз елдің статусына ие болған республиканың қалыптасуы, айтулы тарихи оқиғалар: Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, БҰҰ, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық ұйымы, мемлекеттік рәміздерді бекіту, бірінші Конституцияны қабылдау, ұлттық валютаны енгізу, Т. Мұсабаевтың космосқа ұшуы, Кедендік одақтың құрылуы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, ядролық сынақтарды тоқтату туралы келісімшартқа қол қою, астананы Алматы қ. Ақмола қ. көшіру туралы құжаттар бар.

Қор құжаттарының мазмұны республикадағы саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдай туралы, өндірістің даму жағдайы, ауылшаруашылығы, білім саласы, ғылым, мәдениет және денсаулық, сондай-ақ Елбасының қызметі туралы ақпарат береді. Қор құрамында Конституцияның 1995 ж. 6 қыркүйегіндегі түпнұсқасы, 1999 ж. 20 қаңтардағы ҚР Президентінің Анты сақталған. Елбасының Қауіпсіздік кеңесі жиналыстарында «Қорғаныс туралы», «Қарулы күштер туралы», «Мемлекеттік тапсырыс», «Мемлекеттік шекараны қорғау», Әскери доктрина туралы сөйлеген сөздері де қорда бар.

Қор құрамында 211 сақтау бірлігінен тұратын 1992-1995 жж. фоноқұжаттар бар. Фоноқұжаттар ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шетел мемлекеттерінің делегацияларымен, халықаралық ұйым өкілдерімен, олимпиада командаларымен, Парламент депутаттарымен, облыстық әкімшілік басшыларымен, агроөнеркәсіптік кешен жұмысшыларымен, банк және қаржы секторларымен кездесу жазбалары сақталған.

Аталған қорлардың құжаттары негізінде әртүрлі тақырыптарда тарихи-құжаттық көрмелер дайындалып, көпшілік назарна ұсынылады. Олардың қатарында Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай «ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті күшейтудегі бастамалары», «Тәуелсіздік күні», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 15 жыл» көрмелері бар. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлының көпқырлығын айқындайтын қайталанбас құжаттар түрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, ғылыми басылымдарда, тарихи-құжаттық көрме құру жұмыстарында қолданылады.

ҚР Президенті Архивінің кітапханасында Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Сындарлы он жыл», «Тарих толқынында», «Тәуелсіздік белестері», «Еуразия жүрегінде», «Әділеттің ақ жолы», «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік дәуірі» және т.б. көптеген кітаптары бар.

 

С.М. ШАЙЖАНОВА, ҚР Президенті Архивінің сарапшысы

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?