Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Айқындық. Бірлік. Жауапкершілік

1829
Айқындық. Бірлік. Жауапкершілік - e-history.kz
Бұл қабылданған шешімнің негізі – халықаралық және ұлттық мүдде тұрғысында жан-жақты ойластырылып қабылданғаны жөнінде мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жақында Ресей баспасөзіне берген сұқбатында заманауи кезеңдегі халықаралық қатынастардағы дағдарыс үрдістері экономикалық өсімнің баяулауына  қаржы және валюталық рыноктың тұрақсыздығы мен дүниежүзілік сауда ахуалының төмендеуіне ықпал етіп отырғанын ашық айтқан болатын. Оның үстіне геосаяси бәсеке мен түрлі шиеленістер дамушы елдер тұрғындарының ретсіз көші-қонына әсерін тигізді. Әлемде қаншама адамдардың тағдыры тәлкек болуда.    

Ал, заманауи Қазақстанның басты құндылығы оның кез-келген елмен сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық орнатуға әлеуетінің басымдығында. Сондықтан да басты міндеттердің бірі - халық мүддесі үшін өзге елдермен арадағы достық, одақтастық және стратегиялық әріптестік байланыс мүмкіндіктерін кеңейту. Екіншіден, еуразялық қатынастарға қатысты мәселелердің орталығы болуында.  Осындай жағдайда мемлекеттік билік бейбіт жолмен ауысқаны өздеріңізге мәлім. Шындығында бұл, ел тұрғындарының саяси әлеуетінің көтерілгенін білдірді.

Бүгін біз Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы Үндеуімен таныстық. Бұл қабылданған шешімнің негізі – халықаралық және ұлттық мүдде тұрғысында жан-жақты ойластырылып қабылданғаны жөнінде мәлімдеді.

Расында, ел іргесінің бүтіндігі үшін – айқындық, жауапкершілік, бірлік, қоғамдық келісім  басты рөлде. Қазіргі елдің әлеуметтік-демографиялық дамуына кедергі келеңсіздіктерді шешу – негізгі міндет болып тұрғаны жасырын емес. Мемлекет басшысының шешімін қолдай отыра, Президенттікке үміткерлердің тек белсенділігі емес, адами құндылығы, халыққа жақындығы басты нысанда болатыны айқын. Оған тек ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, даналықпен шешім қабылдай алатын үміткер лайықты деп ойлаймыз.

Мемлекет басшысы алдағы Сайлаудың демократиялы түрде ашық түрде өтетіндігіне кепілдік берді. Сондықтан да таңдау – халықта, жауапкершілікпен сайлауға қатысуға белсенділік көрсетуіміз керек. Болашақ ұрпақ және Қазақстанның тұрақтылығы мен жасампаздығы үшін таңдау жасайық!

 

Құндызай ЕРІМБЕТОВА, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты             

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?