Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақтың көне музыкалық аспаптары

4726
Қазақтың көне музыкалық аспаптары - e-history.kz
Қазақтың ұлттық аспаптарын кәсіби түрде зерттеу жиырмасыншы ғасырдың басында ғана қолға алына бастағанымен аспаптану ғылымы енді ғана дамып келе жатыр деуге болады.

Зерттеушілердің айтуынша, аспаптану ғылымы 1964 жылдан бері ғана дамып келеді дейді. Оның негізін белгілі музыкатанушы, ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі педагог, өнертану ғылымдарының кандидаты Болат Шамғалиұлы Сарыбай қалады. Тынымсыз еңбектерінің арқасында «Қазақ халқында домбыра мен қобыз аспабынан басқа аспаптар болмаған» деген теріс пікірді жоққа шығарған тұлға.

Болат Шамғалиұлы ұмыт бола бастаған көне музыкалық аспаптарды терең зерттеуді Отырар қаласында жүргізілген қазба жұмыстарында табылған үскірік аспабынан бастаған. Осылайша зерттеу саласына біржолата бет бұрған ол отызға жуық көне аспапты тауып, ұлт өнерінің игілігіне айналдырды. Артында «Қазақтың халық аспаптары» атты монографиясы мен «Қазақтың музыкалық аспаптары атты» көлемді зерттеу еңбегі қалды.

Расын айту керек Шоқан мен Әлкей Мар­ғұланнан кейін көне аспаптарды зерттеген ешкім болған жоқ. Оның өзінде олар бірді-екілі мақала жазумен ғана шектелді. Автор «Қазақтың музыкалық аспаптары атты» еңбегінде қазақтың музыкалық аспаптарының Батыс Сібірді мекендейтін түркі тілдес халықтардың, сондай-ақ қалмақтар мен монғолдардың музыкалық аспаптарына көп ұқсастығы барын айтады. Қырғыздың халық музыкасын зерттеуші В. Виноградов былай дейді: «Музыка аспаптарының өзара байланыстылығы тайға таңба басқандай болып, ап-айқын көрінетін белгілері Солтүстікке, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірге, Алтайға жетелейді» (Виноградов, 1958, 71-б.). Одан әрі былай делінген: «...қырғыз музыкасы да, қазақ музыкасы да бір кезде бейне бір тамырдан өсіп шығып, бөлек-бөлек бүр жарған қос өркен іспетті» (Виноградов, 1958, 71-б.). Аспаптар өздерінің аталуына, құрылысына, пiшiн-түріне, ою-өрнегіне, шығатын үніне қарай белгілі бір ұлтқа тән болған, сол ұлттың өнерін паш еткен. Бізге белгілі бір тектес аспаптар өзара ұқсас болғанымен, олардың, жасалуында бірқатар айырмашылықтар бар. Сібір халықтары: алтайлықтар, хакастар, тувалықтар, тофылар, шорцылар өз музыка аспаптарының бұрынғы құрылысын өзгертпей, сол күйі сақтаған. Әр түрлі халықтардың бір тектес аспаптарындағы бар зерттегенде оның эволюциялық дамуының кейбір аптарының жақтарын аңғаруға болады», - дейді ол.

Зерттеушінің пайымынша, үрлеп және ұрып ойналатын аспаптар ерте заманда адамдардың бір-біріне дыбыс беруі үшін немесе аң мен құстың дауысын салу үшін пайдаланылған. Мұндай аспаптарды біздің арғы аталарымыз жорыққа шыққандарында, аң аушы күш аулағанда өздерімен бірге ала жүрген, сондай-ақ діни салт-жораларда, бекзадалардың сауық-сайранында асырларға пайдаланған. Әсіресе, дабыл қағуға өте қажет ақыт бойы болғандықтан көне аспаптардың үрлеп тартылатын әрі немесе және мембраналық ұрып ойналатын түрлері көп болған, өйткені, бұлардың даусы қатты шығады.

Сондай-ақ, Болат Шамғалиұлы көне аспаптардың бір қатары ән мен жырды сүйемелдеу үшін пайдаланылған. Халықтың ән-күйінің дамуы аспапты арына көп жетілдірумен және орындау шеберлігін арттырумен қатарласа жүріп отырған. Әуелгі қарапайым әндер әдетте аның өзара аспаптың техникалық мүмкіндігіне қарай, сондай-ақ, , ап-айқын айтушының өнері мен шеберлігіне қарай түрлі нұсқада орындалып келгенін айтады. Өкінішке қарай уақыт өте келе сирек қолданылатын болғандықтан осы айтылған аспаптардың кейбір түрлері мүлде ұмыт қалдырылған. Есесіне музыканы, ән мен биді ансамбль сүйемелімен орындау музыкасы түрлері кең дамыған халықтарда көне аспаптар жақсы сақталған.

«Қазақтың музыкалық аспаптары» еңбегінде ансамбльдік аспаптарға жататындар мынадый түрлерге жіктеледі: үрлеп тартылатын керней; сілку арқылы дыбыс шығаратын сафаиль, ұрып ойналатын нагора. Тунур, орба сияқты тын үніне аспаптар Сібірді мекендейтін түркі тілдес халықтарда бақсылар арасында ғана сақталған. Ежелгі тайпалардың негізінен аңшылықпен айналысқаны белгілі. Олар аңға шыққанда пырғы, амырғы, авырғы, эдиски, сымысха, және басқа аспаптарды пайдаланған. «Бұл аспаптар алтайлықтарда, хакастар мен тувалықтарда күні бүгінге дейін бар», - делінеді еңбекте.

Түркі тілдес тайпалар арасында үрлеп және ұрып ойналатын аспаптармен бірге ішекті, тілді және сілку арқылы дыбыс шығаратын аспаптар да қолданылған. Кейбір мәліметтерге қарап бұлардың қай топқа жататынын анықтауға болады. Көне аспаптардың көптеген аттары VII-XII ғасырлардағы ежелгі түркі жазу ескерткіштерінде кездеседі. Мысалы, Жүсіп Баласағұнның, «Қалай бақытты болу жайындағы ғылым» деп аталатын этикадидактикалық поэмасында (XI ғасыр) былай делінген: «built kokradi urdi nаvbаt tuvi» (Древнетюркский словарь, 34-б.) – күн күркіреді бұл қарауыл барабанның даусы). Немесе Сутренің «Алтынша жылтырауында» ежелгі ұйғыр тілінде: «nomluy kovruquq toqip nomluy labajiy urup» (Древнетюркский словарь, 35-б.) — ілім барабанын ұрып қалып, ілім трубасын үрлеп, - деп келеді. «Қарауыл барабанын», «ілім барабаны» немесе «ілім турбасы» деген аттарына қарап-ақ бұл аспаптардың қандай мақсатта қолданылғанын аңғаруға болады (Древнетюркский словарь, 35-37, 38-бб.).

«Мұндай сөздер басқа да көптеген жазу-сызу ескерткіштерінен кездеседі. Соларға қарап, сыбызғы, сырнай, карнай, керней, бырғу, абырга, чан, чанг, лютня, қобыз, дабыл сияқты музыкалық аспаптар түркі тілді тайпаларында болғанын аңғару қиын емес. Аспаптардың кейбір атаулары ортақ: кубыз, комуз, комус, хомус, Хомыс, қобыз. Бұл мысалдан айқын көретініміз, аталған аспаптардың түрлерімен ғана емес, сондай-ақ үні жағынан да бір-бірінен өзгеше болып келетін аспаптардың о бастағы атаулары бірдей болған. Ұрып ойналатын аспаптар ішінен ежелгі жазу-сызу ескерткіштерінде бәрінен де барабан мен бубен тәрізді аспаптар жиі аталады. Ежелгі ұйғыр жазу-сызу ескерткіштерінде арфа аспабы кеңінен аталынған (Древнетюркский словарь, 32-38-бб.)», - дейді Б.Сарыбай.

Автор өзінің зерттеу еңбегінде өзі талдайтын аспаптардың басты ерекшеліктеріне де тоқталып өтеді. Мәселен, шертіп ойналатын аспаптың бірі – арфаның алғашқы түрі садаққа ұқсас болып келген. Варган (шаңқобыз) тектес сым тілшелі аспап, флейта тектес үрлеп тартылатын аспап, қобыз тектес қияқпен ойналатын аспап, барабан, бубен тектес ұрып ойналатын аспап т.б. бұрын барлық халықтарда болған, оларда қазір де бар.

«ХІ ғасырдағы араб мәдениетінің мұрасы «Дивону лугатит туркте» (автрдың сөз саптауы сақталды – Б.Н)  ежелгі түріктер пайдаланған музыкалық аспаптардың сегіз түрі аталады. Олар - қобыз, чаң, buri, ikama (соңғы екеуі лютня тектес шертіп ойналатын аспаптарға жатады); үрлеп тартылатын аспап - борлуі; ұрып ойналатын аспап - kywpyk немесе mompyk mовіл туғ (Махмуд Кашгарий, 1967, 202-б.). Осы аспаптар атауларының ішінен қазақ лексиконында қобыз, шың, сы сыбызғы, дабыл ғана сақталған. Булгар-қыпшақ ақыны Ғалидың «Жүсіп пен Зылиха» Іп поэмасында үрлеп тартылатын көне аспаптар — бырғу, ку карнай, наккар және ұрып ойналатын тыйбл жайында айтылады. Бұл дерекке қарағанда, Қазан хандығында н музыкалық аспаптардың түрлері көп болған, олар: үрлеп ы тартылатын – бырғу, карнай, қурай, наккар, сырнай;  шертіп ойналатын - етиген, тунбур, домбыра, саз; қияқпен ойналатын – кобас, сым тілшелі аспаптар кұбыз; ұрып ойналатыны - тыйбл, бубен» деп көпшілік жұрт біле бермейтін аспаптардың түрлеріне тоқталады.  

Сонымен қатар, еңбекте сыбызғы секілді атаулардың өте көнеден бері бар екені айтылады: Египетте мамлюк қыпшақтарының тілінде басып , шығарылған түрік-араб сөздігінде «Сыбызғы, сыбызғышы» (Воробьев, Хисамутдинов, 1967, 444-б.) деген сөздер бар. Сол секілді ежелгі түрік мәдениетінің ескерткіші, І ХІІІ ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында жарық көрген «Кодекс Куманикста» музыка аспаптарының: таф (тамбурин), суруна (сырнай), накара (тимпан, бубен), 1 бурғу (труба), бурғуча (кішкентай труба) сияқты атауларын 4 кездестіреміз. Сол тәрізді Л. Пиккеннің еңбектерінде де осы аспаптардың аттары ұшырасады. «Әлбетте V-XIII ғасырлардағы жазу-сызу ескерткіштері ежелгі түркі музыкалық аспаптарының мән-жайын бізге Толық ашып бере алмайды. Ежелгі түркі тайпаларында мұнан да басқа аспаптар болғанын тап басып айту қиын, дегенмен, осы мәліметтердің өзінен-ақ байқауға болады», - дейді еңбек авторы.

«Қазақтың музыкалық аспаптары» еңбегінде көптеген халықтар арасында кең таралған аспаптарға да тоқталып өтеді. Мысалы, өзбектердің, азербайжандардың, ұйғырлардың музыкалық аспаптары, парсы және араб аспаптарымен, тувалықтардікі монғол аспаптарымен біршама ұқсас келеді. Өзбек пен ұйғырлардың аспаптарының аталуы да, жасалуы да араб-иран аспаптарына ұқсайды (ауған аспаптары — тамбур, дамбура, дотар, рабаб, дойра, чанг). Нақ осындай, тува аспаптары — лимби, бушкуур, бурээ, чанзы, кенгирге, шан монғол аспаптарынан аумайды. Сөйтсе де, сырттан келген аспаптар жергілікті халықтың бұрынғы өз аспаптарын ығыстырмақ емес. Мысалы, Өзбекстанда бақташылардың үрлеп тартатын қошнай (қазақтың қос сырнайына ұқсас жіңішке екі түтікті біріктіре жасалған), қазақтың сыбызғысына ұқсас, чупон най немесе гажир най қамыс сырнайына ұқсас, сибизик, кобуз, чангкобуз, домбыра сияқты аспаптар күні бүгінге дейін қолданылып жүр, рас, бұлар өзбектердің басқа аспаптарына қарағанда онша жетілдірілмеген.

Фольклорлық деректер мен этнографиялық материалдар атты бөлімде қазақтың төл ұлттық аспаптарына тоқталады.  Қазақтың көптеген музыкалық аспабы халық |поэзиясында аталатыны тектен-тек емес. Батырлар жырында үрлеп ойналатын және урып ойналатын қоңырау, аспаптардың аттары кездеседі, бұл аспаптарды дабыл заттар қағу үшін жорықтарға алып шығатын болған.

Мұндай аспаптарға тән ортақ қасиет – олардың даусы дұңғырд күшті болып келеді. Үрлегі ойналатын аспаптарда дабыл қағу белгісі қысқа қайрылатын әуен, орындаушының қажет деп табуына қарай бірнеше рет қайталанатын болған.

Жорықта пайдаланылатын ұрып ойналатын аспаптардың Қаза көлемі үлкен, даусы зор. Оның жер күңіренткен күшті жынын даусымен жауынгерлер өз жауларының үрейін ұшыруды қоңырау көздеген. Мысалы, «Қамбар батыр» дастанында (XVI даңғырл ғасыр) былай делінеді:

Тоғыз санды торғауыт,

Он сандайын Оймауыт,

Барабан соғып, шың қағып... (Қамбар батыр, 1968)

Дабыл қағу мақсатында мүйіз сырнай мен керней алатын кеңінен қолданылған. Бұл жайында көне батырлар жырында жиі айтылады. Мысалы, «Алпамыс жырын батыр» дастанында (XVII ғасыр) мынадай жолдар бар:

Керней-сырнай тарттырып,

Даңғыра дабыл қақтырып,

Барып түсті Алпамыс,

Қаракөзайым үйіне» (Алпамыс батыр, 1968, 127-б.).

... Бір жолы Алпамыс батыр, жорықтан қайтып келе жатып, ойламаған жерде байқамай терең орға құлап түседі. б.). Одан шықпақ болып қанша тырмысса да шыға алмайды. Қаза Сонда Алпамыс өзінің бұл халін сүйгені Қаракөзге хабарлау үшін терең ордың түбінде отырып сырнай жасайды...

Сырнай халық поэзиясында жиі еске алынады. Семей облысының (бүгінгі Шығыс Қазақстан облысы - ред.) «Халық Аякөз ауданында туған ақын Әріп Тәңірбергенов (1856даналық 1924) өз өлеңінде былайша толғайды:

Сыбызғы, сырнай қызығы әлі-ақ кетер,

Білдірмей жүргеніңде ажал жетер.

Халық тұрмысында, сонау бағзы заманнан бері, налатын қоңырау, көлемі әр түрлі сақиналар және басқа металл заттар қолданылған. Жауынгерлер жорыққа шығарда оларды өздерінің найзаларына тағады, сөйтіп даңғұр- дұңғыр дауысты көбейтіп жауларын сескендірмек болады екен.

Осындай көп жорық, шайқастарға қатысқан халық ақыны Ақтамберді Сарыұлының (1675-1768) дастанынан да музыкалық аспаптар атын кездестіреміз.

Қазақ бақсылары да өздері ем жасаған кездерінде ен күшті жынын алдырғандай болып ақыра-бақыра отырып,қоңыраулар мен сақина-шығыршықтарды қоса даңғырлатып-күңгірлететін болған. Оларды көбінесе музыкалық аспаптар даңғыраға, асатаяқ пен қылқобызға тағып алады екен, домбыраға сирек таққан, сондай-ақ бақсы салт бойынша қолына ұстап жүретін бұйымдары мен үстіне киетін киімдеріне де қоңыраушалар байлап алатын болған. Жоғарыда айтылған аспаптардан басқа «Ер Тарғын» жырында ұрып ойналатын тағы бір көне металл аспап – бар: шың жайында сөз болады. Дастанда ол туралы былай делінген:

«Тоғыз санды торғауыт,

Он сандайын оймауыт,

Барабан соғып, шың қағып

Алдына әскер жүргізіп» (Батырлар жыры, 1963, 360 б.).

«Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Б. Бафин: «шың», тегінде ежелгі түркі  тайпаларында болған музыкалық аспап «чанның» көне атауы болуы мүмкін деп жорамал жасаған. Ал Радлов көне түркілерде металл аспаптан шығатын үнді «чан» немесе «чын» деп атағанын айтады. Қазақтың шаңқобыз аспабы туралы да осыны айтуға болады. Сонымен қатар аңшылар да үрмелі аспаптар пайдаланған. Олардың арасында ұрып ойналатын дауылпаз бен шаңдауыл көп пайдаланылған», - дейді автор.

Бір қызығы, бұл еңбекте ертедегі аңшылардың кей жануарлардың үнін айнытпай салатын аспап болғаны туралы дерек бар. Автордың айтуынша марал шақыру үшін бұғышақ деген құралпайдаланылған. Дәлел ретінде бұл аспапты өз көзімен көрген Бейсенбек Наурызбай есімді адамды сөйлетеді: Жас кезімде сапарлап жүріп бір үйге түстім. Ол аңшы екен. Түн ауғанша ұйықтамай әңгіме айтты. Құралдарына қарап отырып көзім сабында тесігі бар сыбызғы тәрізді аспапқа түсті. Онымен марал шақырады екен. Аңшы аспаптан маралдың үніне ұқсас дыбыс шығара бастады. Сол-ақ екен көп кешікпей бір марал келдді. Аңшы ойнауын қойып еді марал жалт бұрылып көзден ғайып болды». «Оны аңшылар бұғышақ, бұғы сыбызғы,  бұғы шақырғыш деп атаған екен. 9-10 ғасырларда тән ауыз әдебиетінде домбыра көп айтылады. 7-8 немесе 13-14 пернелі домбыра қолданған» деп жазады автор.

Айтпақшы, бұл еңбекте ертеректе бабаларымыз кәдімгі қылқобызды барабан ретінде пайдаланғаны туралы дерек бар. Бақсылар қылқобыздың шанағына байланған көн теріні қолдарымен ұрып дыбыс шығарған.

«Көптеген орыс және шетел зерттеушілері жетіген туралы дерек қалдырған. Мәселен орыс саяхатшысы 1769 жылы Жайық бойынан жетігеннің көне түрін тапқан. «Бұл аспап шыршадан жасалған шағын ғана ағаш жәшік. Оның түбі ғана бар. Оған жуандығы әркелкі алты ішек сым ешбір құлақсыз ілінген. Бұл аспапты күйінекелтіру үшін әрбір ішек астына кішкене тиек қойылда.ы ішектің ұзын жағын сол қолмен тартып оң қолымен дишкантша ойнайды» деп жазады. Мұндай саяхатшы зерттеушілер асатаяқ, ұран, керней  секілді аспаптар туралы да көптеген деректер қалдырып кеткен. Өкініштісі сол, бүгінде мұндай әскери дабыл аспаптар мүлдем ұмытылды. Өйткені ешкімге қажеті жоқ», - деп атап өтеді автор.

Болат Шамғалиұлы Сарыбай аталмыш еңбегінде қазақтың музыкалық аспаптарын бірнеше түрге бөліп жіктеп көрсетеді: Аспап зерттеуші аса ірі ғалым К.А. Вертков өзінің 1975 жылы жарық көрген «Орыстың халықтық музыкалық аспаптары» деген еңбегінде музыкалық аспаптарды жіктеудің жетілдірілген жаңа жүйесін талдап жасады. Осы жүйені басшылыққа ала отырып, қазақтың музыкалық аспаптарын мына төмендегідей топтарға бөліп, ол топтарды тармақтап тарату қажет.

І. Үрлеп тартылатындар.

Тармақталуы:

1. Флейталық — сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек саз сырнай, үскірік тастауық, ысқыруық.

2. Тростық – қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.

3. Мундштуктік – мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.

ІІ. Ішекті.

Тармақталуы:

1. Шертіп ойналатын – жетіген, шертер, домбыра.

2. Қияқпен ойналатын-қылқобыз. еттері I

II. Мембраналы. Ұрып ойналатын – даңғыра, кепшік дабыл, дудыға, дауылпаз, шыңдауыл.

IV. Сым тілшелі: шаңқобыз.

V. Сілкіп ойналатындар: асатаяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау.

Автор қазақтың кейбір музыкалық аспаптарын аралас топқа жатқызған. Мысалы, даңғыра мен қылқобызға темір теңгешелер мен сақиналар т.б. ілінетіндіктен, оларда үн шығатын қосымша жаңғырықтар болады. Міне, осы себептен даңғыра да, қылқобыз да өз бойына екі түрлі аспапты біріктіретінін көреміз. Соның нәтижесінде таза даңғыра - мембраналық-сілкіп ойналатын аспапқа айналса, ал қылқобыз – ішекті-сілкіп ойналатын аспап болып шығады. Аспаптар негізінен мынадай мақсаттарға пайдаланылады: дудыға, шың, мүйіз сырнай, керней, ұран, дабыл әскери жорықтарда дабыл қағу үшін; бұғышақ, дауылпаз, шыңдауыл аңшылық кезінде.

Ал металл сылдырмақтары бар даңғыра мен қылқобызды және асатаяқты көбінесе бақсылар өздерінің бақсылық ісінде қолданған;

сыбызғы, шертер, қос сырнай және қамыс және қос сырнай бақташылардың аспаптары болып саналды;

домбыра, металл сылдырмақтары жоқ қылқобыз, жетіген, кепшік саз сырнай, үскірік тастауық, қоңырау және ол шаңқобыз халық таланттары ойнаған аспаптар.

«Алайда, аспаптарды тек белгілі бір орайда ғана пайдаланылады деу жаңсақтық болар еді. Мысалы, дабылды кейде аңшылар да қолданған болса, кепшік пен домбыраны бақсының да қолынан көруге болатын еді”, - деп жазады Болат Шамғалиұлы.

Болат Сарыбаев 1927 жылы дүниеге келген. Әкесі Шамғали кәделі кәсіптің етегін ұстаған көзі ашық, сауатты жан. Ел ағаларымен тығыз қарым-қатынаста болған екен. Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының негізін салушылардың бірі. Ұлы Отан Соғысы жылдарында Шамғали шаңырағында ақтаңгер күйші Дина Нұрпейісова тұрған. Болаттың өнерге деген ықыласын байқаған ол: «Болатжан, балам, домбыра тартуды әуелі өзің үйрен, кейін өзгелерге үйрет. Мына домбырамды өзіңе бердім. Сен енді оны өзіңнен кейін ұрпаққа табыста» деп тілегін айтып, өз домбырасын сыйға тартыпты. Аты аңызға айналған күйшінің тартуы Болат Сарыбаевтың өміріне үлкен өзгеріс әкеледі. Ол қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына оқуға түсіп, Ж.Қаламбаев пен Л.Я.Эдельман класында білім алады. Консерваторияны ойдағыдай аяқтаған ол өзі білім алған оқу ордасының ұлт-аспаптар кафедрасына қызметке орналасады.
 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?