1991 жылдың 16 желтоқсан күні өзінің тәуелсіздігін жария етіп, Қазақстан әлемге дағдарыс кезеңінде келіп қосылды. Қазақстан экономикалық қиыншылықтарды, электр энергиясының жетіспеушілігін, өңірлердегі тұрақсыздықты басынан кешірді. Келесі күні АҚШ Президенті Джордж Буш Президент Назарбаевқа Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде ресми мойындауы туралы хат жолдады, осылайша Құрама Штаттар Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел болып табылады.
АҚШ Бас Консулы Президент Буштың Президент Назарбаевқа 1991 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстанның тәуелсіздігін ресми мойындауы туралы хат көшірмесін мақтанышпен көрсетті, сондай-ақ сол хатта Президент Буш Президент Назарбаевты Вашингтонға өзінің бірінші ресми сапарын жасауға шақырды.
Директор Жаппаров, Сізге бүгін осы хатты сыйға тарту мен үшін үлкен құрмет! Он екі тарихы абзацтардан тұратын осы тарихи хатты ҚР Президентінің Мұрағатына АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастардың 25-жылдығына орай салтанатты түрде сыйға тартып отырғанымызға біз қуаныштымыз. Мына суреттер екі елдің қалайша достасып, серіктеске айналғаны, кейін ол ұзақ және берік қарым-қатынастарға ұласқаны туралы айтып береді. Сіздің рұқсатыңызбен мен осы суреттермен бөліскім және соңғы 25 жыл ішінде екі ел арасындағы ынтымақтастық тарихын айтып бергім келіп отыр.
Біздің тарихымыз Президент Назарбаевтың 1992 жылдың 19 мамыр күні Ақ Үйге алғашқы сапарынан басталады. Өзінің сапары барысында Президент Назарбаев стратегиялық қаруландыруды қысқарту туралы келісімді қолдау шешімін қабылдап, Қазақстанның бастамашылдығын паш етті. Бұл әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан ядролық қаруларды таратпау саласындағы ынтымақтастықтың бастауы болды. Президент Назарбаевқа қарай отырып, Президент Буш былай деді: «Біздің бүгінгі кездесуіміз жаңа қарым-қатынастардың бастауы болып табылады – шығыс-батыс қақтығысының немесе «суық соғыстың» аяғында мүмкін болған қарым-қатынастарға. Барлығымыз үшін жағымсыз кезең аяқталысымен біз шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы демократиялық және еркін бағытқа бағытталған үмітке толы жаңа кезеңге өттік... Барлық американдықтардың атынан мен сіздерді Құрама Штаттарының бейбітшілікке, өркендеу мен еркіндікке ұмтылатын Қазақстанды қолдайтынына сенім білдіргім келеді.
Осы сапар барысында Президент Буш сондай-ақ қазақстандықтардың барлық мәселеде– оның ішінде «Подковы» америкалық ойынын табысқа жетуге ниетті екендігін білді.
1992 жылдың қыркүйек айында Елші Уильям Кортни бұрынғы Кеңес Одағында АҚШ-тың Тұңғыш Елшілігін ашу үшін Алматыға келді. Елші Кортнидің сапарынан кейін көп ұзамай Қазақстан және Құрама Штаттары білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, сондай-ақ ядролық қаруларды таратпау саласындағы кең екі жақты қарым-қатынастарды орнатты. Құрама Штаттар, Қазақстан және Ресей Қазақстанды бір мың төрт жүз ядролық ату-жарақтарынан босату, сондай-ақ Кеңестік қаруландыру бағдарламасынан қалған радиоактивті және биологиялық материалдарды шығаруға көмектесу жөніндегі бірлескен жұмыстарын бастап кетті.
Біздің бірлескен жұмыстарымыз сол кезде Кеңестік қауіпті ядролық материалдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы АҚШ күшін басқарған АҚШ сенаторлары Сэм Нан мен Ричард Люгердің тарапынан маңызды қолдауға ие болды. Бұл фото олардың 1992 жылдың қарашасында Алматыдағы алғашқы сапарын бейнелейді. Олар Президент Назарбаевпен Кеңес Одағының жаппай жою қаруларымен байланысты адам денсаулығы мен қоршаған ортаға төнетін ықтимал қауіптердің алдын алу туралы мәселелерді талқылау үшін кездесті.
Біздің осы саладағы ынтымақтастығымыз осы күнге дейін жалғасып келеді. Елші Кортнидің қызметі кезінде Президент Назарбаев АҚШ-тың келесі Президенті Уильям Джефферсон Клинтонмен кездесті.
Біздің екінші елшіміз, Элизабет («Бэт») Джонс, Қазақстанға 1995 жылы серіктестікті дамыту жұмысын жалғастыру үшін келді. Мына суретке олар Ғылым және технология министрі және Семей қаласының әкімімен Семей полигонының Дегелең тау шатқалындағы алғашқы ядролық сынақ туннелін жабу салтанатында түскен. Бұл Нанна-Лугара бағдарламасы қаржыландырған жоба болатын. Біздің елшілер әрдайым Қазақстан халқымен терең байланысымен ерекшелінеді және елші Джонс солардың қатарында болды. Ысқырық қысқы борандар кезінде Қазақстанның ауруханалары электр тоғынан қол үзіп қалғанда, Елші Джонс әр облыстың балалар ауруханаларын үлкен электр генераторларымен қамтамасыз етті. Елші Джонстың Қазақстанмен ерекше байланысы отбасы мүшелерінің арқасында орнықты. Оның әпкесі осы жерде Ажима деген жетім қызды асырап алды. Ажима – қазір Вирджиния университетінің студенті. Шын мәнінде, соңғы 25 жыл ішінде американдықтар мен қазақстандықтар серіктестерден де артық туысқандарға айналды. 2000 жылға қарай Қазақстанның аймақтық көшбасшылығы айқын көріне бастады.
Біздің кезекті елшіміз, Ричард Джонс, Орталық Азия батальоны 2000 – АҚШ Орталық қолбасшылығы қаржыландырған гуманитарлық көмек көрсету және бейбітшілікті қолдау жөніндегі мемлекетаралық оқулар қарсаңында қазақстандық ресми тұлғалармен кездесу барысында.
Қауіпсіздік саласындағы аймақтық ынтымақтастықтағы Қазақстанның маңыздылығы біздің кезекті елшіміз Лэрри Нэппердің 2011 жылдың 6 қыркүйекте келуімен байланысты жоғары деңгейге көтерілді. Нэппердің Қазақстанға келгеннен кейін бес күн өткен соң бүкіл аймақты 11 қыркүйектегі қасіретті оқиғалар дүрліктірді. АҚШ-тағы лаңкестік әрекеттерден кейінгі ауыр күндерді есіне ала отырып, Елші былай деп жазды: «Мен Қазақстан басшылығы мен халқы біздің елшілік алдында гүлдерден апатты мемориал жасап, американдықтарды ауыр сәтте қолдағанын ешқашан ұмытпаймын. Сол кезеңде мен әлі елші уәкілеттігін ресми түрде бастамағаныма қарамастан, Президент Н. Назарбаев рақымдылық пен тілектестік таныта отырып, АҚШ Елшілігіне келді және көңіл айтып, Қазақстанның АҚШ-қа лаңкестікпен күресте қолдау көрсету ниеті туралы мәлімдеді. Елші Нэппер Қазақстанға сол қайғылы кезеңде көрсеткен қолдауы үшін риза болды және сол кісінің атынан мен бүгін Қазақстанға алғысымды білдіремін.
АҚШ-тың Қазақстандағы келесі елшісі Джон Ордуэй өзінің үлгісінде Қазақстанға бір рет келген американдықтың бұл жерден кеткісі келмейтінін көрсетті. Ол АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық Миссиясының басшысы ретінде төрт рет қызмет атқарғанымен ерекшеленді. Бірінші рет ол 2004 жылдың тамыз айынан бастап 2008 жылдың қыркүйек айына дейін қызмет атқарды және содан кейін үш рет Қазақстандағы АҚШ Елшілігі істерінің Сенімді өкілі ретінде қызмет атқарды. Соның басшылығымен біз Президент Назарбаевтың біздің елшілікті Астанаға көшіру туралы өтінішін орындадық. Осылайша, Ордуэй АҚШ-тың Алматыдағы ең соңғы елшісі және Астанадағы тұңғыш американдық елші болды. Бұл фото 2006 жылдың 14 қараша күні елшіліктің ашылу күнінде түсірілді. Қазақстандағы қызмет атқарған кезеңі туралы есіне ала отырып, Елші Ордуэй кейін былай деді: «Қазақстанда болған кез келген адам бұл елдің мәдениетімен, қонақжайлылығымен тәнті болады».
Елші Ордуэй Президент Назарбаевтың 2006 жылы Ақ Үйде АҚШ-тың басқа Президенті – Джордж Уокер Бушпен кездесуі барысында қасында болу мүмкіндігіне ие болды. Президент Джордж Буш Президент Назарбаевты Овальды кабинетте қарсы алды және оған Қазақстанның Ауғанстандағы көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін он бес жылдан соң екі елдің президенттері Орталық Азия мен жалпы аймақта тұрақтылық, өркендеу және жалпы демократиялық реформаларға бейілділігін растады. Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толғанымен, біз оның көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі және бай мәдениеті бар екенін білеміз.
Елші Крол Қазақстанға келгеннен кейін АҚШ елшілігіндегі өзінің резиденциясының артында киіз үйдің үстінде шаңырақ көтерді. Президенттер Обама және Назарбаев 2015 жылдың қыркүйегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде екі жақты кездесу барысында халықаралық ынтымақтастықты талқылады.
Тойлау үшін көптеген себептер болды. Қазақстан жаңа ғана Дүниежүзілік сауда ұйымына және МАГАТЭ-ге енді, Қазақстанда төменгі байытылған уран отынының банкі ашылы. Жиырма бес жыл бұрын Қазақстаның болашағы күңгірт болатын. Бүгін біз Қазақстанға БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде өзінің орнын тапқан ел ретінде арқа сүйейміз.
Шын мәнінде, бұл үздік тараулары әлі алдағы тарих болып табылады. Бұл табыстың көп бөлігіне бүгін осы залда отырған қазақстандық дипломатиялық корпустың ардагерлері арқасында қол жеткізілді және мен ол кісілерге қошемет көрсетуге шақырамын. Мен 2041 жылы тәулесіздіктің 50 жылдығына арналған көрмені ұйымдастырамыз деп сенемін. Қазақстанды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен және екі елді табысты екі жақты қарым-қатынастардың да 25 жылдығымен құттықтаймыз!
Марк Муди, АҚШ-тың Бас консулы
Аударған: Гүлнұр Серікқызы