Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Нұр-Сұлтанда Алаштану интерактивті кабинеті ашылды

3420
Нұр-Сұлтанда Алаштану интерактивті кабинеті ашылды - e-history.kz
Нұр-Сұлтан қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының ішінен Алаштану интерактивті кабинеті ашылды. 

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай келген шара барысында Qyr balasy қорының «Алаш кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан кітаптары оқырман назарына таныстырылды.

BAUR8147.jpg

Интерактивті кабинеттің ашылу рәсіміне белгілі алаштанушы ғалымдар – профессор Тұрсын Жұртбай, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, алаш мұғалімі, әдебиетші Сейітбаттал Мұстафаұлының ұрпағы Ермек Әбілғазин және «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов, «Qyr balasy» қоры Әлихан Бөкейхан атындағы Алаш ғылыми зерттеу институтының директоры Ұшқын Сәйдірхаманұлы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистранттары мен докторанттары, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

BAUR8215.jpg

Жиын барысында қонақтарға Алаштану интерактивті кабинетінен бөлек, Абай музейі, Абай және Шәкерім кабинеттері таныстырылды.

BAUR8169.jpg

Жаңадан ашылған интерактивті кабинетте Алаштың ардақты азаматтарының портреті, қайраткерлік кезеңдерін көрсететін құжаттық деректер, «Алаш оқулықтары», «Алаш мұғалімдері», «Алаш мектептері» аты стендтік бұрыштамалар орналасқан.

BAUR8206.jpg

BAUR8213.jpg

BAUR8295.jpg

Шара барысынан фоторепортаж төмендегі сілтемеде

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?