Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Саяси қуғын-сүргін: трагедия тарихы

4853
Саяси қуғын-сүргін: трагедия тарихы - e-history.kz

Кеңес Одағы жылдары Кеңес азаматтарының көпшілігі сталиндік саяси қуғын-сүргін туралы ештеңе білмеді. Ал білгендерінің өзінде ақпарат өте аз болатын. Олардың білгенінің өзі «солай болған екен» дегенмен ғана шектелетін. Бұл түсінікті де еді, өйткені қатал уақыт ешкімді де аямайтын, ал аман қалу үшін жақ ашпау керек болды. Көбісі репрессия азабын өздерімен бірге ала кетті. 1985 жылдың сәуірінен басталған «қайта құру» заңсыз қуғын-сүргін құрбандары құпияларының пердесін ашып, тарих «ақ дақтары» шыға бастады. Заңсыздықтар туралы естеліктер репрессия құрбандарының тағдырына ешкімді бей-жай қалдыра алмады. Сталиндік жазалау машинасы миллиондаған адамның тағдырына балта шауып, жүздеген мың отбасының шаңырағын шайқалтып, ондаған халықты жойды. Диктатураға бағынбағандар атылып, «халық жауы» ретінде жаппай қуғын-сүргінге ұшырап, елдің алыс бұрыштарына жер аударылды. Тіпті ата-аналары, бауырлары, әпке-қарындастары, әйелдері, ұлдары, қыздары және басқа да отбасы мүшелері темір торға тоғытылып, тозақ азабын тартты. Сондықтан замандастар өткен тоталитарлық дәуірдің жалған саясаты туралы тарихи шындықты білуі керек. Болашақта мұндай қайғылы жағдайды болдырмас үшін тарихтан сабақ алу керек.

Қазіргі ғылымда ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін себептері туралы әр түрлі пікірлер бар. Қоғамның консервативті қанаты әлі күнге дейін мәселенің идеологиялық негізіне сенімді, олар: «Сталин ықтимал ішкі жауларды дер кезінде көре алды»,-деп санайды. Бірқатар ғалымдар мұны биліктің шыңына ұмтылған көшбасшының психологиялық ауытқуларымен және осы негізде пайда болған күдіктермен, қудалау маниясымен (мания преследования) түсіндіреді. Тіпті қанды террорды тылсым күшпен түсіндірушілер де бар, олар қанды тазартуларды – құдайдың жазасы деп түсіндіреді.

Саясатта адамдардың кейбір санаттарының (кәсіптік, партиялық, діни немесе басқа да белгілері бойынша бөлінген) мемлекеттік лауазымдарға орналасу құқықтарын заңнамалық шектеу тәжірибесі бар. Бұл – люстрация. Әр елде люстрация әр түрлі формада өтті, бірақ мән-мағынасы бір болды. Билікке келген революциялық режимдер өздерінің саяси қарсыластарына қатысты люстрацияны қолданды. Люстрацияны басқарушы режим өзінің тіршілігіне қауіп төндірген тұлғаларға қатысты да қолданды (мысалы, радикалды партиялардың мүшелері).

Коммунистік мемлекеттік аппарат қатарындағы тазарту ХХ ғасырдың 20-30 жылдары бірнеше рет жүргізілді, бірақ қуғын-сүргіннің ең үлкен толқыны 1937 жылғы ақпанның соңында өткен БКП (б) ОК 5-ші (ақпан-наурыз) пленумынан кейін болды. Ішкі істер халық комиссары Николай Ежов Пленумда сөз сөйлеп, Н.Бухарин мен А.Рыковты тыңшылық-диверсиялық және контрреволюциялық әрекетте айыптады. Осылайша, «оң троцкийшілердің антисоветтік блогы» ісі бойынша жоғары дрежелі процесті дайындауға нақты қадам жасалды.

Жаппай саяси қуғын-сүргін үшін Сталин меморгандарды еркіне қоя берді. Билеушілердің бюрократиялық аппараттардың әр түрлі салаларына қысым жасау үшін халыққа жүгінгендігі туралы мысалдар тарихта жетіп артылады.

Осы кезеңде «темір нарком» Н.Ежов диктатордың фаворитіне айналды. Осы кезде жазалау жүйесі жаппай масштабқа ие болды. Саяси тұтқындарды ұстау үшін түрмелер мен лагерьлердің кеңейтілген жүйесі құрылды. 1937 жылы елде 7 одақтық саяси изолятор, барлық облыстарда түрмелер, 50-ден астам ГУЛАГ лагері, 420-дан астам түзету колониялары, кәмелетке толмағандарға арналған 50 колония жұмыс істеді. 1930-1950 жылдары Қазақстан жерінде ОГПУ-НКВД жүйесіне бағынышты 60-тан астам лагерь мен олардың бөлімшелері болды. Мысалы, Орталық Қазақстандағңы әйгілі КарЛАГ 1,780 миллион гектар аумақта орналасты. Қазақстан алғашқы жеті лагерлік аймақтың бірі болды. Қазақстанның 9 облысы ГУЛАГ жүйесіне кірді.

Заңнамалық база жаппай қуғын-сүргінге арнап ыңғайландырылды. С.М. Кировтың өлімінен кейін 1934 жылғы 1 желтоқсанда Заң қабылданды, оған сәйкес тергеу мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды, тараптардың қатысуы (айыптау және қорғау) алынып тасталды, үкімдер шағымдануға жатпады, өлім үкімдері дереу орындалды. 1937 жылы Заңның ережелері зиянкестер мен диверсия туралы істерге таратылды, бұл оны кез-келген адамға қолдануға мүмкіндік берді. Сол кезде, Сталин НКВД органдарына тұтқындалғандарға «физикалық ықпал ету шараларын» қолдануға, яғни азаптау мен қорлауға, нұсқау берді. 12 жастан бастап балаларға қатысты ресми түрде қылмыстық жауапкершілік (өлім жазасына дейін) белгіленді.

0208971b2797314482e744b22ea1f92f.jpg

1937 жылғы 30 шілдеде № 00447 бұйрыққа қол қойылды, оған сәйкес ел бойынша бірінші және екінші санат бойынша сотталуға жататын 258 950 адамға «лимит» белгіленді. Бұл жоспар республикаларға, өлкелерге, облыстарға таратылды. НКВД-нің жергілікті органдарына халық жауларының жоспарланған санын табу туралы нұсқау берілді.

Репрессиялар жаппай сипат алған кезде өлім жазасын қолдану құқығы берілген соттан тыс қуғын-сүргін органдары (арнайы жиналыстар, үштіктер, екіліктер) енгізілді. В.Молотов бұл процедураны тізім бойынша соттау тәжірибесін енгізу арқылы «жетілдірді». Бұл жаңашылдықтардың барлығы адамдарды жоюға арналған конвейер жұмысын жеделдетуге бағытталды. «Үштіктердің» 2 сағат ішінде 800 немесе одан да көп істі қарастырған жағдайлары да болған. Прокурорлар өлім жазасына кесілгендердің аты-жөнін тексеруге уақыттарының жоқтығына шағымданған.

Қазақстанда да қуғын-сүргін жоспары белгіленді. 1937 жылдың 17 қарашасында Қазақстан КП(б) ОК бюросының отырысында қаулы қабылданды: План репрессий был намечен и в Казахстане. 17 ноября 1937 года на заседании бюро ЦК КП(б) Казахстана было принято постановление:

«БКП(б) ОК шешімі негізінде (1937 жылғы 17 қарашадағы) қуғын-сүргінге ұшыраған Кеңеске қарсы элементтердің қосымша санын ұлғайту».

Осы шешімге сәйкес бірінші санат бойынша (ату) 1650 адам, оның ішінде Алматы облысы бойынша 300 адам, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан), Ақтөбе облыстары бойынша 150 адамнан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша 200 адамнан, Қарағанды облысы бойынша 250 адам, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 400 адам жоспарланған. Екінші санат бойынша (еңбекпен түзету лагерлерінде 10 жыл) - 2600 адам, оның ішінде Алматы облысы бойынша - 500 адам, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары бойынша - 300, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 350, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 550, Ақтөбе облысы бойынша - 150, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 200 адам. Құжатта «резерв» деген баған болды, ондағы бірінші санат бойынша - 350 адам, екінші санат бойынша 400 адам бекітілді.

Ресми мәліметтер бойынша, 1930 жылы тұтқындардың саны 179 мың, 1935 жылы - 839,4 мың, 1937 жылдың аяғында - 996,4 мың болған. Алайда, бұл ақпарат төмендетіліп көрсетілген сияқты. Зерттеуші ғалымдардың (В.Волкогонова, Ж. Росси, Р. Медведев, А. Дугин, В. Земков, В. Некрасов) мәліметтері бойынша ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының екінші жартысында лагерлерде бір уақытта 2-3,5 миллионнан 16 миллионға дейін адам болған.

Қазақстанда «ішкі жауға» қарсы күрес қарқын ала бастады. 1929-1930 жылдар аралығында Қазақстанның барлық партия ұйымдарында толық тазарту жүргізілді. 2 троцкист пен 1 ұлтшыл табылып, партиядан шығарылды.

1936 жылдың қарашасында троцкист-зиновиистік террористік орталыққа қатысты сот процесіне дайындық кезінде Қазақ өлкелік комитеті бірінші жартыжылдықта «43 контрреволюциялық троцкий-зиновьевші және олардың сыбайластары әшкереленіп, партия қатарынан шығарылды» деп хабарлады.

1937 жылдың басына қарай Қазақстанның партия ұйымынан 1836 адам қуылып, тұтқындалды. 1937 жылы 10 мыңнан астам, ал 1938 жылы тағы 16 мыңға жуық адам қуғын-сүргінге ұшырады. 1935-1938 жылдар аралығында Қазақстанда барлығы 30 387 коммунист партиядан шығарылып, тұтқындалды. Шығарылғандардың ішінде 4602 адам «халық жауы», 3942 адам - ​​кулак, ақ гвардияшы және басқа таптық жат элементтер, 8000-нан астамы троцкистер, ал 9800-і ұлтшылдар деп көрсетілді. Тағылған айыптардың ойдан шығарылғандығы және қисынсыздығы сөзсіз.

Қазақстандағы «ұлтшыл-фашистердің» ісін ойдан шығаруда шешуші рөлді орталық атқарды. 1937 жылғы 5 наурызда пленумда сөйлеген сөзінде И.В. Сталин Қазақстан басшылығын, атап айтқанда Қазкрайкомның бірінші хатшысы Л. И. Мирзоянды кадр саясаты қағидаттарын бұзды, «екі үзділерге, троцкисттерге және ұлтшылдарға» жәрдемдесуші деп тікелей айыптады.

Биліктің жаңа өкілдері «тазартудың» мәнін троцкистердің, зиновьевшілердің, бухариншілердің, рыковшылардың, социалист-революционерлердің, тыңшылардың, жапон-герман фашисттері мен кулак партизандарының қастандықтарымен түсіндірді. Партиялықтарға «кішкентай адамдардан» кадрлар шығару туралы сталиндік нұсқау берілді.

Сталин өзінің саяси қарсыластарына қарсы күрестегі ескі «лениндік гвардияны» жойып, бақыланатын Саяси Бюро тұлғасындағы өз «командасын» құра алды. Сталиндік «кадрлар бәрін шешеді» ұраны мемлекеттің партиялық-кеңестік моделінің және кадр саясаты идеяларының басты негіздерінің бірін қамтыды, әкімшілік-командалық басқару жүйесінің ажырамас атрибуты болды.

Сталин және оның айналасындағылар мемлекеттік саясаттың нәтижелері қызметтің негізгі салаларында жетекші кадрларды таңдау және орналастыру қабілетіне байланысты екенін түсінді. Жаппай қуғын-сүргіннің мұндай уәжі кеңестік партия-шаруашылық кадрларының ерекшеліктерін анықтады.

Біріншіден, бұл авторитарлық, әміршіл, ерік-жігермен басқарылатын стиль. Қатыгездік, аяусыздық, табандылық, қатыгездікпен шектесетін қаталдық кеңестік кадрларға тән белгілер болды.

Екіншіден, бұл жоғары органдардың құрметімен және қорқынышымен үйлескен, партияға, кеңестік жүйеге және оның партия жетекшілеріне деген адалдық. Сонымен қатар, номенклатураның коммунистік идеяларға деген адалдығын емес, мемлекет пен партиядағы бірінші адамға деген адалдығын ерекше атап өту керек.

Үшіншіден, бұл кеңестік кадрлардың білімінің жеткіліксіздігі, мәдени деңгейдің төмендігі және ойлау догматизмі. Тәжірибенің жетіспеушілігімен бірге олардың құзыреттілігі мен кәсібилігінің жеткіліксіздігі.

1937 жылғы саяси қуғын-сүргін қоғамға қатты әсер етті. Жалпыға бірдей күдіктену жағдайы бекіп, қоғамдық санада «жау бейнесі» қалыптасты, адамдар өздеріне қатысты ең ауыр айыптауларды қабылдауға дайын болды. Адам өзін жаулардың, контрреволюционерлердің, тыңшылар мен диверсанттардың қоршауында қалғандай сезінетін «қоршаудағы адам» психологиясын қолдану идеологиялық қаруға айналды. Тек басшы Сталин ғана барлық жаулардан құтқара алады деген идеологиялық постулат адамдардың санасына кіріп алды. И. В. Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана өткеннің қателіктерін мойындау, тоталитарлық жүйенің қуғын-сүргініне ұшыраған адамдардың есімдерін қалпына келтіру мүмкін болды.

Қазір бізге тарихымыздың осы қайғылы кезеңін толық әрі жан-жақты зерделеуге мүмкіндік туды. Бұл ақпаратты әр азаматқа бүкпесіз жеткізу - әрбір қазақстандық ғалымның, тарихшының міндеті. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін жан-жақты зерделеу және шешу мақсатында Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Жобалық кеңсе құрылып, Мемлекеттік комиссияның 11 жұмыс тобы құрылды. Әр топ өз қызметін қуғын-сүргін құрбандарының санаттарына сәйкес жүзеге асырады. Өңірлерде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылды, оған ғалымдар, қоғам қайраткерлері және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері кіреді. 1920-1930 жылдардағы қазақ халқының трагедиясына нақты және жан-жақты баға беру қазақстандықтардың жас ұрпағы үшін өте маңызды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?