Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Оспан Ісламұлы. Өмірі мен күрес жолы» туралы зерттеу еңбегі жарық көрді

2403
«Оспан Ісламұлы. Өмірі мен күрес жолы» туралы зерттеу еңбегі жарық көрді - e-history.kz

2022 жылы С.М. Борбасов, С. Рахым, Ж. Ошан авторлығымен «Оспан Ісламұлы. Өмірі мен күрес жолы» атты монографиясы жарық көрді. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша баспаға ұсынылған. Тарих ғылымдарының докторы, профессор А.У. Тоқтабай және Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Дәулетхан пікір жазып, өздерінің ғылыми бағасын берді.

Зерттеуде Шығыс Түркістанда қазақ аудандарының халқын ұлт-азаттық көтеріліске бастаған Оспан Ісламұлының өмірі мен күрес жолы баяндалады. Оспан батыр қазақ халқының отаршылдыққа қарсы күрескен ерлерінің соңғы буыны. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі күрделі геосаяси ахуалға қарамастан, басым державалардың геноцидтік саясатына қарсы 10 жылдан астам қарулы күрес жүргізе алды. Кітапта Оспан батырдың осы күрделі тарихи ахуалда жүргізген азаттық күресі кешенді зерттеледі. Монография Оспан батырдың тағдырына байланысты КСРО-да, Қытайда, Монғолияда жарияланған материалдар және архив құжаттары негізінде жазылған. «Оспан Ісламұлы. Өмірі мен күрес жолы» монографиясы тарихшылар қауымына, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне және көпшілік оқырманға арналады.

Борбасов Сайын Молдағалиұлы – тарих ғылымдарының кандидаты (1983), саяси ғылымдарының докторы (1999), профессор (2003). Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыттары қазіргі заманғы ұлт саясаты, саяси билік, этникалық әлемдік саясат, халықаралық қатынастар және Қазақстан тарихы мәселелерін зерттеумен айналысатын ғалым. Профессор С.М. Борбасовтың 4 монографиялық зерттеуі, 3 оқу құралы, 200-ден астам мақалалары жарияланған.

WhatsApp Image 2022-05-06 at 15.46.05.jpeg

Ғалымның 2019 жылы жарық көрген «Қазіргі жаһандық үрдістер тарихы және әлемдік саясат» атты еңбегінде қазіргі жаһандық үрдістердің табиғаты мен мазмұны талданады. Кітапта қазіргі жаһандық үрдістердің объективті тарихы сипатталады. Әлемдік қайшылықтардың, қауіп-қатерлердің аспектілері көрсетілген. Әлемдік қайшылықтар мен дағдарыс аймақтарының Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төндіретін қауіптері деңгейі бағаланады. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары, басымдықтары анықталып, елдің әлемдік геосаси орны баяндалады. Кітапты тарихшылар, саясаттанушылар, экономистер, заңгерлер мен студенттер пайдалана алады.

С.М. Борбасов – тарих және саясаттану ғылымдарынан көптеген кітаптар, оқу құралдарын және ғылыми мақалалар жазған жан-жақты ғалым. Оның еңбектері бұқаралық ақпарат құралдарында да көп жарияланған. Ол қазақ өзінің зерттеу еңбектерімен қатар, «Ғылыми кеңес», «Рухани жаңғыру: сұраныс» телебағдарламалары арқылы ғылымды насихаттады және қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін талқылап, көрермендерге ұсынды.

Жақында жарық көрген «Оспан Ісламұлы. Өмірі мен күрес жолы» атты монографиясы да өз оқырмандарын табатыны сөзсіз. Жаңа ғылыми еңбектің өз оқырманын табатынына сенім мол.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?