Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ЮНЕСКО-ның бас директоры Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

1504
ЮНЕСКО-ның бас директоры Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды - e-history.kz

Сурет: akorda.kz

Астана Халықаралық форумына қатысу үшін ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле Қазақстанға келді, деп хабарлайды e-history.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары аясында Одрэ Азуле Түркістан қаласына барып, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қазақстандық нысандар арасынан бірінші болып кірген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап көрді.

Нысанды аралау барысында Мемлекеттік кеңесші, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қарин халықаралық ұйымның басшысына кесенені сақтауға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты. Одрэ Азуле Қазақстан тарапының тарихи-мәдени мұраларды сақтауға байланысты қабылдаған шаралары жөніндегі ақпаратты үлкен ықыласпен тыңдады, - делінген хабарламада.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?