Наурыз - молшылық пен тоқшылық мейрамы
18.03.2015 3230
Наурыз әлемдегі ең көне мерекелердің бірі болып саналады. Кейбір деректерге қарағанда, Наурыз мейрамы 5000 жылдан астам уақыт бойы тойланып келеді.

Мерекелік дастарқан бай болса, жыл жемісті болады деген түсінік бар. Наурыздық дастарқан қандай болуы тиіс? Киіз үйлерде тұрған ата-бабаларымыз келген қонақтарына қандай тағамдар ұсынған?

Бабаларымыздың үйіне жәй кіріп шықса да, үй иесі оған шай кесесін ұсынған. Шай кесесі сый-аяқ деп аталған. Сонымен бірге, үстелге шелпектер, қаймақ, кептірілген жемістер, май, жаңғақтар қойылады. Үйге келген қонақты тамақтандыру — көшпенділердің ежелгі дәстүрі. Көшпенділерге тән абзал қасиеттердің бірі — ежелден бері келе жатқан қонақжайлылық. 

Наурыз мерекесіндегі ең басты тағам — Наурыз көже. Халықтық дәстүр бойынша оған ет, май, құрт, ірімшік, бидай, пияз, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі дәм міндетті түрде қосылуы тиіс. 

Қазақтың қонақ күту дәстүрі қытайлық шай ішу рәсіміне өте ұқсас болады: бәрі рет-ретімен жасалады, әр тағамды қойғанда ерекше дәстүрлер сақталады. 

Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының еттен дайындалатын ұлтық тағамдары ет деп аталған. 

Бешбармақ — қазақ халқының ең басты тағамдарының бірі. Әдетте бешбармақ қой етінен әзірленеді, бірақ мәртебелі қонақтар үшін құлын етін пайдаланады. 

Қазақтар қонақтарға табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Табақ тарту өнерін білетін адам ет тураушы (етті турайтын адам) деп аталған. 

Қуырдақ — қазақ отбасында жиі әзірленетін тағамдардың бірі. Қуырдақты сойылған малдың өкпе-бауырынан, жүрек-бүйрегінен ұсақтап әзірлейді. Сонымен бірге, қуырдақ құрамына пияз кіреді. 

Негізгі тағамға — қазақша етке сорпа  беріледі. Сорпаның көп түрі мен атауы бар. Олар еттің түрін, құнарлығын анықтайды, дәмнің түрін көрсетеді. Мысалы, жас сорпа (жаңа сойылған мал етінің сорпасы) мен бақыр сорпасы бар екен. Бақыр сорпасы — түзде жүрген егінші, малшы, аңшылардың бақыр, шелекте істеп ішетін сорпасы. Осылай, түзде пісірілетін сорпа — бақыр сорпасы, ал үйде пісірілгені сорпа деп аталған. 

Қазы — тағамның ерекше түрі. Қазы күнделікті өмірдегі шұжық түрі емес, өйткені ол көбінесе тойлар кезінде дайындалады. Нарынға (піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам) немесе палауға қазы қосылады. Қазыны жеңіл тамақ ретінде де үстелге қояды. 

Балықтан әзірленетін дәстүрлі тағамдардың бірі — көктал (қуырылған балық) Көктал әзірленуінің сыры — тал ағаштарының шыбықтары. Асылған балық жиі қолданылады. 

Дәстүрлі қазақтың наны — таба нан. Бұл табаға пісірілген нан. Бауырсақ пісіру үшін қамырдың тілімдері майға қуырылады. Шелпек — майға қуырылып пісіріледі. Тандыр нан — құм тандырға  жапсырып пісірілген нан..




Шек-шек тағамы десерт ретінде берілген. Шертпек (бал және аттың майынан тұратын тағам) көбінесе бай адамдардың дастарқанынан қойылған. 

Талқан қуырылған бидайдан, арпадан, жүгеріден ұнтақтап дайындалады. 

Қазақ даласында шай ең басты сусын болып саналған. Үндістан елімен салыстырғанда, Қазақстанда шай одан екі рет көп ішіледі. Қазақтың дәстүрлі шай ішу рәсімі болмаса, дастарқан сөзі пайда болмас еді. 

Қымыз танымалдылығы жағынан екінші орында тұр, ал үшінші орныда — шұбат. Қымыз және шұбат негізінен жылқы терісінен, емен, арша сияқты ағаштан жасалған ыдыста сақталған. 

Барлық қазақ тағамдары оңай және тез пісірілетін. Олардың құнарлығы да мол болған, өйткені қазақ халқы көшпелі өмір салтын ұстаған. Қазақ халқы ырымшыл болған, сол себепті әртүрлі тағамдарды жасап, молшылық болсын, береке мен бақыт болсын деп ниет еткен.