Адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және жойдақсыз орасан шығын әкелген оқиға – екінші дүниежүзілік соғыс. Бұл қанды майданда Қызыл Армия жеңіске жетті. Биыл осы датаға 80 жыл толып отыр. Соғыс 1941 жылы 22 маусым күні фашистік Германия тарапынан ойда-жоқта басталды. Сол тұста Кеңес одағында мұздай құрсанған неміс әскеріне дереу төтеп беретіндей дайындық жоқ еді. Сондықтан КСРО басшылары халыққа басқыншыларға ең әуелі идеологиялық насихат жүргізіп, жұрттың патриоттық сезімін оятумен қатар, жеңіске деген сенім ұялатты. Бұл істі кейінгі дәуір социологтары «Соғыс идеологиясы» деп атап жүр.
Мысалы, соғыс басталған күннің ертеңінде (22 маусым) ССРС Халық Комиссарлары Советі Председателінің орынбасары және Сыртқы істер Халық Комиссары Вячеслав Михайлович Молотов радиодан сөз сөйледі. Бұл мәлімдемені күллі одақ халқы тыңдады. Қызық аса қуатты дайындықпен тұтқиыл соққы жасаған немістерге төтеп беру былай кеңес әскерлері тұрсын тоз-тозы шығып қолға түсіп жатқан сәттің өзінде Вячеслав Михайлович «Біздің ісіміз әділ, жау қиратылады, біз жеңеміз» деп бастап: «Кеше, таңертеңгі сағат 04-00 де, Советте шолушысына ешқандай талап қоймастан, соғыс жарияламастан герман әскерлері біздің елімізге бас салды, біздің шекарамыздың көп жерлерін бұзды, неміс самолеттері Житомир, Киев, Севастополь, Каунас тағы басқа қалаларымызға бомба тастады, осының салдарынан өлгені, қалалардан 200 адамнан асады. Жаудың самолеттері Румыния мен Финляндия территорияларынан да шабуыл жасап, артиллериясы оқ атты. Біздің елімізге құлақ естімеген мұндай шабуыл мәдениетті адам баласының тарихында болып көрмеген опасыздық» деп бастаған екен жарықтық Молотов.
Сыртқы істер Халық Комиссары Вячеслав Михайловичтың күллі кеңес халқына радиндан сөйлеген сөзін ары қарай сабақтасақ, 1939 жылы Совет Одағы мен Германия арасында бір-біріне туралы шарт болған дейді. Совет үкіметі өз тарапынан осы шарттың барлық тараптарын адал ниетімен орындап, тып-тыныш мүлгіп отырса, ит фашистердің тірлігі мынау. Бұл оңбағандар болмаса бір-екі ай бұрын шарттың бұзылатына жайлы ескертсе қайтеді. Немістер нағыз сұмырай екен. Советтер Союзына мұнша қарақшылық шабуыл жасалуының барлық жауапкершілігі толық және түгелімен Германияның фашистік билеушілеріне жүктелуі тиіс.
Әбден болары болып, бояуы сіңгенде, яғни, әуелі соғысты бастап алып, Германияның Москвадағы елшісі Гуленбург таңертеңгі 5 сағат 30 минутта өз үкіметі атынан «Германияның шығыстағы шекарасына Қызыл Армияның әскер бөлімдері топ-тобымен шоғырланып жатыр, осыған байланысты Германия үкіметі ССРС-на қарсы соғыс ашты» деп Жоғарғы Советтер Халық Комиссарына мәлімдеме жасайды.
Сыртқы істер Халық Комиссары Молотов жоғарыдағы Герман елінің ресми мәлімдесін жоққа шығарып: «Германия үкіметі соңғы минутқа дейін Совет үкіметіне ешқандай талап қойған емес, Советтер Союзының бейбітсүйгіш позициясына қарамастан, Германия ССРС-на шабуыл жасады, сөйтіп фашистік Германия шабуыл жасаушы жақ болып отыр. Ешбір пунктте біздің әскерлеріміз бен біздің авиациямыз шекараны бұзған емес, сондықтан соғысуға әрекеттенген бүгінгі бүкіл Румыния радиосының Совет авиациясының Румыния аэродромдарына оқ атыпты-мыс деп бүгін таңертең берген хабар сылқи өтірік және провокация екендігін мәлімдеуге тиістімін. Советтер Союзы совет-герман бейбітшілік шартын сақтамады айыптауы өтірік провокация болып табылады» деп Совет үкіметі атынан пыр-шыр болып сөйлепті.
Соғыс басталып кетті. Қазақ айтпақшы «ұрыста тұрыс жоқ». Қайтпек керек?. Молотов мырза, Советтер Союзына шабуыл жасалғаннан кейін, Совет үкіметі қарақшылық шабуылды тойтарып, герман әскерлерін отанымыздың территориясынан қуып шығу туралы біздің әскерлерімізге бұйрық берілген айтады.
Онымен қоймай бұл соғысты бастап отырған герман халқы емес, герман жұмысшылары, қарулары және интеллигенциясы емес, олардың азап шегіп отырғанын біз жақсы білеміз, мұны істеген француздарды, чехтарды, поляктарды, сербтарды, Норвегияны, Бельгияны, Данияны, Голландияны, Грецияны және басқа халықтарды құл етуге ұмтылған Германияның ат төбеліндей қанқұмар фашис билеушілері дей отырып, Советтер Союзының үкіметі біздің айбынды батыр армия мен флот және совет авиациясының батыл сұңқарлары отан алдындағы, совет халқы алдындағы борышын абыроймен орындайды агрессорға күйрете соққы береді деп бұған қатты сенетінін жеткізіпті.
«Масайрап кеткен жаудың қасақана шабуылын біздің халқымыз бірінші рет көріп отырған жоқ. Бір кезде Наполеонның Ресейге жасаған соғысына біздің халқымыз отан үшін соғыс ашып жауап берді, сөйтіп Наполеон жеңіліп, күллі көкке ұшқан болатын. Біздің елімізге қарсы және соғыс жариялаған масайраған Гитлер де соның айғағына ұқсайды. Қызыл Армия және бүкіл халқымыз отан үшін, намыс үшін, бостандық үшін тағы да жеңімпаз отан соғысына аттанады! Советтер Союзының үкіметі еліміздің барша халқы, барлық жұмысшылар, шаруалар, интеллигенция, еркек, әйелдер, өзінің міндеттеріне, өз еңбегіне тиісті саналылықпен қарайды деп берік сенеді. Біздің барша халқымыз бұрынғыдан бетер ынтымақтас, біртұтас болуға тиіс. Қызыл Армияның, флоттың және авиацияның барлық мұқтажын қамтамасыз ету үшін, жауды жеңіп шығуымызды қамтамасыз ету үшін біздің әрқайсымыз өзімізден және басқалардан нағыз совет патриотына лайықты дисциплинаны ұйымшылдықты, жанқиярлықты талап етуге тиістіміз.
Үкімет Советтер Союзының еркек-әйел азаматтары, Сіздерді біздің даңқты большевиктік партияның, біздің Совет үкіметінің, біздің ұлы көсеміміз Сталин жолдастың төңірегіне сап түзеп бұрғыдан да гөрі берік топтануға жарқырады! Біздің өзіміз әділ іс, жау қиратылады, біз жеңіп шығамыз» деп сөзін аяқтапты Сыртқы істер Халық Комиссары В.М.Молотов.
ССРС Халық Комиссарлары Советі Председателінің орынбасары және Сыртқы істер Халық Комиссарының жоғарыдағы мәлімдемесінен кейін, дереу Қызыл Армияның бас командованиесі ресми түрде радиодан былай деп мәлімдеме жасады: «1941 жылғы июньнің 22 күні таңсәріде Германия армиясының тұрақты әскерлері Балтық теңізінен Қара Теңізге дейінгі майдан да біздің шекара әскер бөлімдерімізге шабуыл жасады және түске дейін біздің шекара әскерлеріміз оларға төтеп беріп тұр. Түс ауа герман әскерилері Қызыл Армияның аттаныстағы әскерлерінің алдыңғы қатардағы бөлімдерімен кездесті. Қатты ұрыстардан кейін жау көп шығынға ұшырап тойтарылды. Жалғыз-ақ Гродно, Кристинополь бағыттарында ғана жау болымсыз тактикалық табыстарға жетті және Калвария, Стоянув, Цехановец орындарын алды, мұның бірінші екеуі шекарадан 15 километр жерде, қалғаны 10 километр жерде. Жаудың авиациясы біздің бірқатар аэродромдарға және елді пункттарға шабуыл жасады, бірақ барлық жерде біздің истрибительдер мен жеңіс артиллериясының қатты тойтарысына кездесіп отырды, бұлар жауды көп шығынға ұшыратты. Біз жаудың 65 самолетін атып түсірдік» депті.
Бүгінгі күннің көзімен қарасақ, соғыстың алғашқы күні қамсыз жатқан шекара әскерилері мен оларға таяу орналасқан Қызыл Армия қосындары мұздай құрсанған тіпті жаяу әскерінің өзі белесипет мініп жүрген неміс жауынгерлеріне жоғарыда айтылғандай қарсылық көрсетіп, бетін қайтарғанына сену қиын. Бірақ бұл мәлімдемелер жоғарыда айтқанымыздай «Соғыс идеологиясы». Бұқараның көңіл-күйін көтеру үшін, халықты үрейге алдырмас үшін айтылған жалған идеология. Бірақ, осы идеология өз тұсында жемісін берді. Кеңес халқын жеңіске жеткізді. Міне, бүгін сол жеңістің 80 жылдық мерейтойын атып өтіп жатырмыз.
****
Соғыс идеологиясы Кеңестер Одағының барлық аумағында жүргізілді. 1941 жылы 24 маусым күні Алматы қалалық Каганович ауданында еңбекшілер митингісі өтті. Бұл жиынға қатысу үшін халық лек-легімен ағылды. Бұлардың дені астананың Каганович ауданының еңбекшілері және Алматы узелының теміржолшылары болатын. Жиналған халық Дзержинский атындағы парктің үлкен алаңына сыймай кетті. Митингіге жиналған 10 мыңнан астам бұқара: ақылынан адасқан Герман фашизмінің социалистік отанымызға аңдаусызда шабуыл жасағаны туралы Совет үкіметінің мәлімдесін қолдап шықты.
Жиналған халық алдында сөз сөйлеген Қазақстан К(в)Р Орталық Комитетінін секретары Скворцов жолдас ССРС Совнарком Председателінің орынбасары жаңа сыртқы істер халық комиссары В.М.Молотовтың Совет үкіметі атынан радио арқылы жоғарыда сөз сөйлеген сөзіне тоқталып: «Герман фашизмінің Советтер еліне бас салып шабуыл жасауы Совет қалаларын бомбалауы нағыз барып тұрған хайуандық, совет халқының бақытты өміріне қол сұққаны бұл. Советтер Союзінің Германиямен жасасқан шарттарын мүлтіксіз орындап келгеніне қарамастан еңбеккерлердің қандыбалақ жау Гитлер сұмырай, оның жендеттері бізге қарсы шабуылға аттанып отыр. Совет халқы фашизмнің бұл қылығына шыдап отыра алмайды, соққыға соққы береді, қанқұмар фашистерді отанымыздың қасиетті жерінен қуып шығады» деді ол.
Сонымен қатар Скворцов бұл соғыс қарапайым халық үшін өте ауыр болатынын, бұл соғыста фашизмнің күл-талқаны шығып жеңілетінін айта келіп Совет халқының большевиктік ұйымшылдығын нығайта түсуге, отан үшін жан аямай қызмет етуге саяси қырағылықты күшейтіп, аяқ астынан жауыздық ойлайтын қателіктерге қарсы, халық арасына өсек айтып іріткі салушыларға, алып сатарларға қарсы аяусыз күресуге, еңбекті бұрынғыдан да өнімді істеуге шақырды.
Скворцовтың «осы күнгі соғыста майдан мен тылдың қандай екенін совет халқы жақсы біледі, ол советтер союзының қуатты, ұйымдасқан бір тұтас союзы лагеріне айналдырады» деген соңғы сөзін митингіге қатысқандар үлкен жігермен қызу қол шапалақтар қарсы алып, Совет халқы мен Қызыл Армиясының құрметіне айтылған ұрандар паркті күңірентті.
Жұртты күңірентіп, халықты күйзелткен бұл митингіде халық атынан сөз сөйлеген Алматы узельның теміржолшы Қарманов деген қазақ: «Біздің адамдарымыздың қанын төккісі келген фашист Гитлерге, оның жендеттеріне өлтіре соққы береміз. Біз неге болса да әзірміз. Теміржолшылар армиясы отан алдындағы өз міндеттерін абыроймен орындайды, Қызыл Армияға көмектеседі» деп сөзін екпіндете сөйлегенде жұрт уралап ду қол шапалақтапты.
Одан кейін трибунаға көтерілген мұғалім Куротков, аудан интеллигенциясы атынан сөйлеп, митингіге жиналғандардың ойындағысын, Совет халқының фашизмнің қылығына қаны қайнап тұрған сезімін айтып жеткізсе, Н әскер бөлімінің атынан сөйлеген Воробьев: «Қызыл Армия өзінің күшін, тегеурінін Хасан көлінде де, Моңғолия даласында да, Финляндияда да жауға көрсеткен. Отан үшін бұл соғыста да өзінің жеңімпаздығын көрсетеді. Фашизмнің үні өшіп, күл-талқаны шығады» деп күйіп тұрған жиынға жалын шаша сөйледі.
Жиын соңында митингіге жиналғандар асқан жігерімен бір ауыздан қаулы алды. Онда: тиіскен жауды талқандауға әзірміз, Фашизмді құртамыз, соғыс майданында болсын, еңбек майданында болсын жан аямай қызмет етеміз, деп жазды.
****
Сондай-ақ, тағы бір зор митингі 1941 жылы 22 маусым күні Алматы қалалық Мәдениет қана демалыс паркінде өтті. Бұл жерде демалып жүрген қала тұрғындары жоғарыдағы Молотов жолдастың радио арқылы сөйлеген мәлімдесін парктың ортасында орналасқан дауыс зорайтқыш радио арқылы тыңдаған халық митингіге жиналады. Осылай 25 мыңнан аса адам қатысқан үлкен жиын басталды.
Жиналған жұрттың лебізінен ашу, ыза, қайрат патриоттық сезім емес шарпиды. Митингіні ҚК(в)П қалалық комитетінің секретары Денкин мырза ашып, бірінші сөзді ҚК(в)П орталық секретары Жұмабай Шаяхметовке берді. Шаяхметов сөзінің басында Молотов мәлімдемесіне тоқталып: – Біздің қазіргі міндет отанымыздың қорғанымыздың күшін мұнан әрі нығайта беру үшін барлық күш қуатымызды, жігерімізді жұмсау болады. Қазақ Республикасының өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық жұмысты бұрын болып көрмеген дәрежеде істеу керек. Жауға шапқан армиямызға метал, көмір, мұнай, астық қанша керек болса сонша берейік, - дейді.
Әрбір совет азаматы, – дейді мұнан кейін Шаяхмет революцияның дисциплинаны темірден берік сақтау керек, өз орнында қажырлы еңбек етуі керек. Кездесіп отырған жағдайда үргелектерге, алып – сатарларға, провкаторларға ешбір жол бермей, оларға қарсы аянбай күрес ашылсын. Еліміздің қандай жағдайларда да тарықпайтын мол запасы бар дей келе, сөзінің аяғында: «Қазақстандықтар бүкіл совет халқымен бірге қажырлы еңбек етіп, жауды күйрете соққы беруге әзір» дегенде, митингіге жиналғандар Шаяхметовтің сөзін уралаған дауыстармен «Жеңілмес Қызыл Армия жасасын!» деген ұранмен қолдапты.
Одан кейін трибунаға совет халқының сүйікті армиясының өкілі Клайпфер көтеріліп, жалынды сөз арнайды. Оның сөзін митингіге жиналған халық оны ұзақ қол шапалақтап қарсы алады. Ол сөзін: «Соңғы жылдары біздің қызыл армиямыз, соғыс теңіз флотымыз және авиациямыз өзінің әскери даярлығын бүтіндей қайта құрды. Олар есінен танған фашистерге күйрете соққы бере алады, оған қызыл армияның техникасы күші жетеді» деп тұжырыпты.
Одан кейін Алматы қалалық жұмысшылары атынан сөз сөйлеген трамвай, трестің стахановшы Иванов: «Жұмысшы шаруа қызыл армиясы совет үкіметінен жарлық алды. Сол жарлық бойынша арам ниетті фашистердің қылығына жауап ретінде жауды қиратуға кірісті. Біздің даңқты қызыл армиямыз бұл жарлықты үлкен абыроймен орындайтынына біз қатты сенеміз», десе, бұл пікірді қолдап Қазақ мал дәрігерлік-зоотехникалық институтының оқытушысы Салтыбаев ұран тастапты. Парктің кең алқабына жиналған мыңдаған халық бір ауыздан қаулы қабылдап, Жеңіс құрметі үшін қажымай, талмай еңбек етуге шақырады.
Сөзімізді түйіндеп айтар болсақ, соғыс ол жақсы нәрсе емес, бұндай қиян-кескі оқиғаның астарында идеология жататыны аян. Бұл идеологияның мақсаты - халықты сендіре білу, бір мақсатқа шоғырландыра алу және тылдағы еңбекшілер үшін жанкештілікке баулу, ал майдан даласында өлімінің өзін отын алдындағы парызды өту деп түсіндіргені Ұлы Жеңістің өзегі екені анық.