Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, дәріптеу – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Жаңа заман сай, жас Z ұрпақтың қабылдауына ыңғайлы тиімді тәсіл ретінде дижитал өнімдерді, атап айтқанда инфографикалар жинағын даярлау да аса маңызды шаруа болмақ.
Бұған дейінгі кездегі тәжірибемізді пайдаланып алаш кезеңі жайлы кезекті инфографикалық деректер жинағының қатарын толтыратын еңбектер, нақты бір тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының өзіне қатысты инфографикалар топтамасы ұсынылып отыр.Онда Ахметтің балалық шағы, өскен ортасы, ата-анасы, туған өңірі, ұстаздары мен достары, оқыған жылдары, еңбек еткен кезеңдері, барған, болған тарихи жерлер, Алаш тарихына қатысы,әсіресе реформаторлық қызметі алақандай сурет пен мәтін арқылы да түсіндіріледі. Жинақталған бай материалды нақты деректермен әрі көркемдеп беру – инфографиканың басты шарты.
«Ахмет – ақын», «Ахмет – ғалым», «Ахмет – аудармашы», «Ахмет – көсемсөзші» деген тақырыптар да оқырман қызығушылығын тудырады деген ойдамыз. Сонымен бірге көп айтыла қоймайтын тың деректер де жеткілікті.
АР13067966 «Алаш идеясының индексі және жаһандық мәдениеттегі интерпретациясы (Ахмет Байтұрсынұлының аудармалары негізінде)» жобасы аясында жүзеге асырылды