Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Семей полигоны қалай жабылды?

16448
Семей полигоны қалай жабылды? - e-history.kz
Тәуелсіз Қазақ елінің алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Біріккен Ұлттар ұйымы атынан «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» деген арнайы берілді.

Бұл атақ Елбасына Қазақстан республикасының ядролық қарусыз әлем қалыптастырудағы жаһандық үрдіске жасаған жетекшілігі мен айрықша табандылықпен қосқан тарихи үлесі үшін берілгенін атап өту керек.

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының арнайы хабарламасында Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядролық сынақтарға алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негіз болды» деп атап көрсетілген.

1991 жылдың 29 тамызында әлемнің ең ірі ядролық сынақ алаңдарының бірі – Семей ядролық полигонының жабылуы әле тарихы алдында айтулы оқиға болды. Ұзақ жылдар бойы қасірет шегіп келген қасиетті Семей өңірінің тарихына жаңа парақ болып ашылды.

Семей даласында елу жылдың ішінде яғни 1949-1989 жылдары аралығында 470 рет алапат күшке атомдық және термоядролық жарылыстар сыналыпты. 

Мамандардың айтуынша, қасиетті қазақ топырағында сыналған мұндай әрбір термоядролық жарылыстың кемінде он мыңдаған жанның өмірін құрбан ететіндей күшке ие болған. 

unnamed (1).jpg
 

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, сол сынақтардың 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астында жарылған. Олардың 296-сы Дегелең тауының астында жасалған. 1961-1962 жылдардың ішінде тағы 68 жарылыс болған. Олардың 53-і ашық ауада сыналғаны тарихтан белгілі. 

Белгілі зерттеуші-журналист, жазушы Медеу Сәрсекенің «Семей қасіреті» атты кітабында қазақ даласына қасірет шектіріп, мыңдаған адамның өмірін жалмаған сол атом бомбалаланының құрылымын былай көрсеткен: Ажал құрылғысының негізгі көзі тротил қоспасы мен гексогеннің өзара қатынасын тең яғни 1:1 мөлшерінде етіп есептеп сырттан қуат беріп тітіркендіреді. Сол тітіркенудің жылдамдығын секундына 7650 метрге жеткізгенде атом ядросы тізбекті реакцияға түседі екен. Отыз екі түрлі нүктеден бір мезетте атқылап шыққан заряд тізбекті реакция тудырып, ғаламат атомдық жарылыс тудырады. Бір килограмм радийдің ыдырау реакциясы толық аяқталу үшін 1590 жыл кеерк екен. Тек содан кейін ғана салмағы 0,5 кг қорғасынға айналып тыныш табады. 

Ал атом бомбасының тағы бір көзі 1 кг уран 22900 киловатт қуат бөледі екен. Бұларды бейбіт мақсатқа жұмсамаса, жанды-жансыз дүниені әп-сәтте-ақ күлге, тозаңға айналдырады. 

Яғни ұлы Абайдай данышпан өмірге келген Семей жерінде 50 жыл бойы ажал сепкен 470 (кей деректерде 498 ядролық сынақ өткен) дүркін жарылыстан – 2500 мегатонна энергия бөлінген. 

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Жапонияның жеріндегі жарылыста 30 мегатонна, ал Чернобыльдан 100 мегатонна қуат бөлінген екен. Осының өзінен-ақ Семей даласының қандай қасірет шеккенін бағамдауға болады. Мыңдаған адамның өмірін жалмады. Ол ажал әлі де басылған жоқ. Артында мыңдаған жылдарға созылатын қасірет қалдырып кетті. 

Деректанушы, белгі жазушы, Семей қасіретінің куәгері Медеу Сәрсеке өзінің «Семей қасіреті» атты зерттеу кітабында 1949 жылдың 29 тамызында болған алғашқы атом бомбасының сол өңірге әкелген зардабын былайша суреттейтіні бар: «Бомба қойылған 30 метр құрыш болаттан құйылған мұнараның суша ағып кетуі, топырақ балқып, қалыңдығы бір қарыс күйік қабаттың пайда болуы, жер мен көк от құйынның әлегіне түсуі, аумағы отыз шақырым даланың өртенуі (әскерилер екі тәулік бойы сөндірумен жанталасқан) сиырлар өкірген, бүркіттердің қанаты күйіп, көзі аққан, тау шыңы қаңбақша ұшқан, малдың терісі тырысып-бырысып күйіп, тырапай асқан. 

Сол алғашқы сыналған атом бомбасының өзінен бір миллионға жуық адам орташа есеппен алғанда 100-250 рентген мөлшерінде радиация қабылдап үлгерген. Сол секілді зерттеу материалдарынан 1963 жылдар аралығында аса қуатты бомбалардың жарылысынан 2 миллионнан аса жазықсыз халықтың 300-400 рентген мөлшерінде радиация қабылдағанын оқып білуге болады. 

56ac946b3269a9803f4b1e23c1bb8067.png
 

Атомдық жарылыстар үшін таңдап алынған жерлердер халық күшпен көшірілді. Соның салдарынан аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады. Бастапқыда аса улы бола тұра сынақтар ашық жасалды. Адамдарға, жануарлар мен табиғатқа зардабы өте қатты тиді. Халық өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан 2,5 есе асып түсті. Кейін жарылысты жұрттан жасырып, әрі жер астында жасай бастады. 

Семейден небары 120 шақырым ғана шақырымда сыналған жарылыстардың ең соңғысының қуатыс1,5 мегатонн мөлшерінде болған. Одан тағы бір жарым миллион адам зардап шеккенін айту керек. 
Бас-аяғы жарты ғасырға созылған сынақтар Семей облысы, Абыралы ауданының, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды. Салдарынан аталмыш өңір тұрғындары түрлі ауруларға ұшырады. 

Ел тұрғындары сол уақыттардағы жарылыстар қалдырған қасіретін әлі де арқалаумен келеді. Ең сорақысы, бұлсырқаттардың тұқым қуалайтындығы болып отыр. Ғалымдардың зерттеуінше, бұл жарылыстардың қасіреті кемі үш ғасырға дейін созылуы мүмкін екен. 

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін жарылыс қалдықтары көмілген құдықтар мен скважиналар жабылмай ашық жатты. Соның салдарынан ауа мен жер бетіне улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да радиациялық заттар жайылып жатты. Мамандардың айтуынша, жарылыс кезінде бөлініп шығатын «Стронций-90», «Плутоний-238», «Цезий-137» секілді аса зиянды ауыр металл изотоптары ұзақ уақыт бойы зерттелмей келген. Бұл изотоп ашық ауада ұсақ бөлшекке ыдырап, зиянсыз күйге түсуі өте ұзақ процесс. Мәселен, бір ғана стронций изотопының ұсақ микробөлшекке айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл керек екен. Ал цезийге – 30, плутонийге тіптен 2100 жыл қажет екен. 

Nevada-Semey -13.png
 

Ажал апанынын толықтай бүркемелеу қазақ халқы үшін оңайға түскен жоқ 1989 жылдың ақпан айында басталып, екі жарым жылға созылған халықтық күрестің нәтижесінде әрең жабылды. 
Бұл күрестің ең басында 1950-60 жылдары белгілі жазушы Мұхтар Әуезов, ғалым, ҒА президенті Қаныш Сәтбаев, білікті профессор, дәрігер Бақия Атшабаров, сол кездегі Денсаулық министрі Сибуғатулла Қарынбаев сынды азаматтар болды. 

Кейін күрес жалпы халықтық сипат алып, жаңа формаға көшті. 1989 жылдың ақпан айында Семей облысының сол кездегі басшысы Кешірім Бозтаев КСРО төрағасы М.С.Горбачевке сынақтарды тоқтатып, полигонды жабу туралы жеделхат жолдайды. Ұзамай мұны ақын Олжас Сүлейменов қолдап алып кетеді. 

Жалпы халықтық сипат алған күрес бас-аяғы екі жарым жылға созылып, ақыры халықтың жеңісімен аяқталды. 

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу мақсатында «Невада-Семей» қозғалысы құрылды. Оған жоғарыда айтып өткеніміздей, белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов басшылық жасады. Алғашқы митингісі өткізілді. 

1989 жылдың 6 тамызында Семейдегі атом полигонын жабу мақсатында «Невада-Семей» қозғалысы атынан деп Семей облысының Қарауыл ауылында КСРО және АҚШ президенттеріне ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі үндеу жолданды. 
Жарты ғасырға созылған ядролық сынақтардың зияны мен салған лаңы бұқаралық ақпараттары құралдарында ашық жариялана бастады. Мұндай хабарлар ұзамай ел аумағынан шығып, одақтас республикалар тіптен шет елдерде де талқыланып жатты. Осындай аса ұйымшылдықпен көтерілген бастамалардың арқасында КСРО Үкіметі алған бетінен қайтып, ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шешім қабылдады. 

1989 жылдың қарашасында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Үкіметі мен Жоғарғы кеңесіне полигондарда ядролық сынақтарды шұғыл арада тоқтату туралы үндеу жолдады. 

1989 ж. 27 қарашасында КСРО Жоғарғы Кеңесінің «Семей полигонын жабу туралы» қаулысы қабылданады. Осы қаулы негізінде 1990 ж. 22 мамырында Жоғарғы Кеңес республикалық деңгейде «Семей полигонын жабу туралы» қаулысын қабылдайды. 

1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Республика территориясында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге де түрлері (химиялық, бактериологиялық, биологиялық және басқалар) үшін сынау полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады» деген «Мемлекеттік егемендік туралы» Декларация қабылдады. 

Ақыры 1991 жылғы 29 тамызда Нұрсұлтан Назарбаевтың Ертіс алқабындағы ядролық полигонды жабу туралы жарлығы шықты. 
           

Алтынбек Құмырзақұлы

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?