Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шыңғыс ханның Орталық Азияға жасаған жорықтары ІІІ - бөлім

2929
Шыңғыс ханның Орталық Азияға жасаған жорықтары ІІІ - бөлім - e-history.kz
Хорезм шах мемлекеті Моңғол империясынан күйрей жеңілді

 

Мұхаммед Ала ад-Диннің әскері Шыңғыс хан армиясынан күйрей жеңілді, ал Хорезм шах өз иелігінің шекарасына барып бой тасалады. Qazaqstan Tarihy порталы Орта Азиядағы ұлы ислам державасының құлауына әкелген Әлемді Сілкіндірушінің ең маңызды әскери компанияларының бірі туралы әңгімелеуін осымен тәмамдайды  

Қуғын

Моңғолдардан қашқан Мұхаммед Ала ад-Дин Әмударияның ар жағында жаңадан әскер жинаймын деп үміттенді, бірақ Шыңғысхан Хорезм шахты тірі қалдыруды ойлаған жоқ. Ол Жебе мен Сүбедей бастаған 20 қолды Хорезм шахты қуып жетуге аттандырды. Олардың мақсаты - қашқынды қуып жету, өлтіру болды. Мұхаммед Ала ад-Дин Қорасанда бой тасалады. Жебе мен Сүбедей оның ізінен қалмай бір қаладан екінші қалаға жүріп отырды, қалаға жақындарда алдын ала: «Өз еріктеріңмен беріліңдер, сол кезде сендерге ештеңе де болмайды» деп, елшілерін жіберетін. Өз еркімен берілген қалаларға шынында да ештең болған жоқ. Мысалы, Мерв өз еркімен берілді де, моңғолдар оған тиіспей, жанынан өтіп кетеді. Алайда, кейін Мерв көтеріліс шығарып, моңғол нәмеңгерін өлтіріп, моңғол езгісінен босағысы келеді. Бірақ, көп уақыт өтпей моңғолдар Мервке қайта оралып, оны шабуылдап, кейін тонап, өртеп жібереді. Жарты жылдан кейін қаладатағы да көтеріліс болады, оған он мың адам қатысады. Бұл туралы араб тарихшысы Ибн әл-Әсир жазған.  

Үрей күші

Бұл жерде, толығымен күйіп кеткен қалалар туралы аңыздарды жауының қарсыласуға деген ерік-жігерін құм қылу үшін моңғолдардың өздері таратқанын айтып өту керек. Ақпараттық үрей салдарының неге әкелетіні туралы мысалдар «Моңғолдардың құпия шежіресінде» көптеп келтіріледі. Мысалы, бір күні моңғолдың бір жауынгері Хорезм шахтың қышлақтарының біріне кіріп, сонда отырған қырық ер адамға бір-бірін байлауды бұйырады, әлгілер бұйрықты орындағаннан кейін, жауынгер бірін қалдырмай өлтіріп тастайды. Бұндай мысалдар жеткілікті.

 

Оқи отырыңыз: Шыңғыс ханның Орталық Азияға жасаған жорықтары ІІ - бөлім


 

Хорезм шахтың ақыры

Жебе мен Сүбедей Хорезм шахты өкшелеп қуа берді. Бірде олар оны қуып та жетеді: босқындар керуенін көрген Жебе мен Сүбедей, бұны қайыршылардың кезекті бір тобыры деп ойлайды. Олар өз әскерлеріне керуенді бей-берекет жебенің астына алуды бұйырады да, кетіп қалады. Атылған жебелердің бірі Хорезм шахтың атына келіп тиіп, оны жаралайды. Дегенмен жаралы жануар иесін жақын маңдағы бекіністердің біріне дейін жеткізеді, сол жерде Хорезм шах аз да болса, бой тасалайды. Ақыр соңында Хорезм шахты таба алмаған Жебе мен Сүбедей өздерінің атақты батыс жорығына кетіп, бұл қуғын осымен аяқталады. Хорезм шах Каспий теңізіндегі Абескун/Әбескүн деген аралда жанын сақтап қалады, кейін сол аралда я өкпенің қабынуынан, я дизентериядан қайтыс болады. Айта кетерлігі, Л.Гумилев сол кезде Абескун/Әбескүн аралы алапеспен ауырғандардың резервация болған деп болжайды. Ол қайыршылықта көз жұмды, тіпті өлікті орайтын кебіні де болмай, жанындағы жалшы шабарманы Шәмс-әд-Дин өзінің үстіндегі жейдесін шешіп берген. Өз тағдыры туралы ол былай деген:

«Иелік еткен жерімен, өзіме көр қазуға тіпті екі шынтақ та жер қалмады»

Хорезм шах Мұхаммедтің өлімі. Рашид ад-Диннің Жамиғ-ат-Тауарихынан миниатюра

Соңғы өсиет

Дегенмен де, өлерінің алдында Мұхаммед Ала ад-Дин маңызды бір іс істей алды. Ол аралда өзіне көмектескен адамдардың бәріне құрметті лауазымдар мен жер иеліктерін бөліп бергеннен басқа, Жәлел ад-Динді (сол жақтағы сурет) өзінен кейінгі мұрагер қылып қалдырады. Айта кетерлігі, Жәлел ад-Дин кейін осы лауазымдар мен жер иеліктерін бекітіп, Хорезмшахтың соңғы билеушісінің денесін сый-құрметпен қайта жерлейді. Бірақ, бұны біліп қалған моңғолдар оның зиратын талқандап, мәйітті қорлап кетеді.

Үргеніш  

Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошының ұлысына Үргенішті береді, бірақ қанша шабуылдағанмен Жошы қаланы ала алмайды. Оған көмекке келген Шағатай әскері де ештеңе істей алмайды. Көп ұзамай жанына 20 мың әскер ерткен Үгедей де Үргенішке келеді. Үгедей қаланы сумен қамтамасыз етіп тұрған бөгенді бұзып, суды қалаға қарай ағызуға бұйырады. Су қала қамалын тез арада шайып кетіп, ақыры Үргеніш құлайды.

Қарсыласу

Моңғол империясы Орта Азияны 1220 жылы жаулап алды. Мұхаммед Ала ад-Дин өлгеннен кейін оның ұлы Жәлел ад-Дин Ауғанстанда қарсыласу туын көтереді. Оның туының астына Шыңғысханға бағынғысы келмеген түрлі тайпалардың жауынгерлері жинала бастайды.  Келіп қосылған түркмендер мен жергілікті ауғандықтардың бұларды қууға жіберілген моңғол армиясының бір корпусын жеңіп кеткенін айта кету керек. Бұл жеңіс бүкіл Хорезмді дүр сілкіндіреді. Осыдан кейін жәлел ад-Диннің есімі дін қорғаушысы ретінде бүкіл ислам әлеміне таралады, ал Шыңғысхан Жәлел ад-Динге қарсы тұру үшін бүкіл державасына таралып кеткен әскерін бір жұдырық астына жинауға кірісіп кетеді. Жеңістен кейін Жәлел ад-Дин командирлерімен егесіп қалса, ауған әскері түркмендермен келіспей қалады. Осындай кезде, 1221 жылдың желтоқсанында Жәлел ад-Диннің аздаған әскерін Үнді өзеніне әкеп тірейді. Қиян-кескі шайқаста моңғолдар Жәлел ад-Диннің әскерін ту сыртынан өтіп, қоршап алады. Хорезмшах төрт мың әскерімен Үнді өзенінен жүзіп өтіп, арғы бетке шығады. Шайқас кезінде Хорезмшахтың отбасы тұтқынға түсіп, өлтіріледі. Жәлел ад-Диннің өзі үнді-мұсылман мемлекеті Дели сұлтанатына, одан әрі – Таяу Шығысқа қашады.

Жәлел ад-Диннің шыңғысхан әскерінен қашып, Үнді өзенінен өтуі

 

Жорықтың ақыры

Үнді өзенінің жағалауына келіп тірелген Шыңғысхан әрі қарай Үндістанға өтпейді. Ол жақ өте ыстық еді, оның үстіне жаңбыр маусымы да жақындап қалған. Ал Шыңғысхан ыстықты мүлде сүймейтін, сондықтанда ол атының басын кейін қарай, Моңғолияға бұрады. Шыңғысханның батысқа жасаған ұлы жорығы осымен аяқталады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?