Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал

1888
Тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуал - e-history.kz

Өзге елдердегі мұсылмандарды сөз етпей-ақ бір қазақ арасындағы діни алуыздыққа не дерсің енд? Қазір бізде Тәңірлік, Сопылық, Бурханиз, Ахмадия Қадиани, Бахаилар, Нұршылар, тағыда басқа діни ағымдарды қуаттаушылар шаш етектен. Әрине, біз анау-мынау деп ешнәрсені кесіп-пішіп айта алмаймыз. Біздің мақсатымыз дін қарындастарға қара күйе жағып, оларды масқаралау емес. Сан ағымға бөлініп алып, « менікі ғана дұрыс» деп өзімізара дүрдараз болып, жауласуға дейін бару бәріміздің ортақ қасіретіміз деп ұққанымыз абзал секілді. Әлгіде ғана сөз еткен батыстың миссионерлері үшін бұл жағдай олар үшін ең үлен таптырмас мүмкіндік емес пе?

Мұндай дәйексіз діни ағымдарды, оларды қолдаушылардың пайда болуына не себеп? Заман ағымы ілгерлеген ақыл-ойға сай жаңа ғылыми талдаулар да қажет шығар.

Бірақ бұл кез-келген жаңа ағым дұрыс деген сөзді білдірмесе керек. Керісінше қателіктерге көп ұрындырады ғой. Өйткені, діннің өз канондары мен ішкі заңдылықтары бар. Оны қарабайыр қолмен күзеп түзеуге еш келмейді. Себебі, дін ойдан шығаруға болатын әлдеқандай ойын емес. Жасыратыны жоқ, бізде бір жаман көзқарас қалыптасқан.

Мұсылман дегеніміз Арабтар деген секілді. Жоқ мүлде олай емес қой. Мұсылман деп, бір Аллаға иман келтірген дініне берік жүрегі таза тақуа адамды айтамыз. Ол үшін араб болудың түкке де қажеті жоқ. Әгәрки жіліктеп таратып айтар болсақ, мұсылман дегеніміз кешегі Абай мен Толстой, Бунин мен Гете, Шәкәрім мен Ыбырай секілді тұлғалар ғой.

Соңғы кездері баспасөз беттерінен: мынау арабтың исламы, мынау түріктің исламы, қазақтың исламы деген секілді алыпқашпа сөздер шаң көрсетіп жүр. Сөздің шын хақнамасын айтар болсақ дініміздің таза қоспасыз «іңгәсі» бір ғана Құран мен Сүнеттің жолы ғой. Қазіргі кезде сан түрлі ағымға бөлініпкеткен мұсылмандардың мұндай күйге түсуіне тереңнен ізденбеуі, алған біліміне қанағат тұтуы, аз іліммен шектелуі, ең маңызды мәселелер төңірегіндегі Құран мен Сүннетке толық жүгінбеуі сөйтіп еш нәрсеге бас қатырмауы болып отыр. Осы жайлардан сыр берген, төмендегі мына бір мақаладан қысқаша ған сөз сабақтаудың да кезегі келіп тұрған секілді. Сонымен делік. «Қазақ қоғамының дін ұстануы қандай? Қазақ дініне берік пе?1995-жылдың тұсында мемлекеттік ірі қызметте болған арғы-бергі мәдениет туралы біраз кітаптар жазған кісі дүниеден озды. Жерлеу рәсімі «Кеңестік дәстүрмен жүргізілді». Ғадетке айналған Кеңсайдағы қаралы митингтен соң, табыт жер қойынына берілді. Үстіміздегі жылы көзі тірісінде-ақ тарих оқулықтарына енген үлкен зерттеуші қайтыс болды. Бұл кісінің де сойы қазақ-тын. Жерлеуде молда болған жоқ, Құран да оқылмады. Қаралы митинг орыс кладбищесінде өтті. Дәл бүгінгі еліміздегі қауіпті дерт дәстүрсіздік, дінсіздік, һәм ағармағандарды адастыру. Кезінде мемлекет қаржысымен (Кеңестік Қазақстанның) оқыңан-тоқыған бірсыпыра адам, қазір сол мемлекеттен өрбіп шыққан Тәуелсіз Қазақстанның елдік-имандылық тұтастығына ірткі салуын әлікүнге жалғастырып келеді. Олар қазаққа болысамын деп,«бұрханизм» деп «ахмадия» деп тарихи өзекпен жалғасқан, жапырақ жайған бұтақтарды кесе бастады. Бұл жазғандардың қайшылығы кесіп жатырмыз деп ойламайды, әлемдік таным бұтағымен будандастырып жатырмын деп ойлайды. Қателігін бетіне бассаң олар сізге 37-жылдың авторлығын бере салуы да кәдік. Осыған себепші мемлекеттің рухани ұстынын көтеретін діни тұтастықтың діни намыстың әлсіздігі дер едік. Қазақтың маңдайына сыймай кеткен Ғұмар Қарашты (1921-жылы оны қара ниетті тобыр қылышпен кескілеп өлтірген) 1910-жылы баспа бетін көрген «Ойға келген пікірлерім» атты еңбегі бар. Мұнда діндар ойшыл имандылық мәселесін өмірдің күрделі шындығымен байланыстыра қарастырады. Біз аталған зерттеудің «Адамдар дінді сақтай ма, яки дін адамдарды сақтай ма?» атты тарауын айрықша атар едік. Осында оқымысты бүй дейді:

Ислам қауымындағы бірқатар адамдар нақты, ақиқат дін жолын тұтпай, дінді теріс оқушылар пікірін малданып, қараңғылыққа, надандыққа қарай бет алды. Біздің халқымыз ақиқат дінді ұстанса, біз надан, жалқау болып қараңғылықта қалмаған болар едік. Демек, шын дінді тұтсақ, әлем алдында масқара болмаймыз. Ақиқат дін жолымен тапқан игіліктеріміз адал болады да, өзге жолмен тапқан нәрселеріміз арам болады. Қайдағы бір ескі ырым-сырымға сыйынып дін жасау лайықсық. Ақиқат дін еш адамның желеп жебеуіне мұқтаж емес. («Замана»,175-бет)

Ғұмар қазақты жарыққа алып шығуға құлқы жоқ қожа-молдаға ерекше шүйлігеді. Оның ақылға жеңген ашуы ұлттың «Аңқау елге арамза молда» деп келетін мірдің оғындай пәлсапасымен сабақтасып жатыр. Арамза «ұстаз», өкінішке орай қазір де арамызда жүр. Оның молда болуы да міндетті емес. Олар пиғылы жаман жұрттан тапсырма алғандай халыққа көп тарайтын басылымда «Дініңді өзгертсең өзгерт, бірақ мәдениетіңді өзгертпе!» деп ұран тастайды. Немесе «Абай танымы ислам діні шеңберіне сыймайды, әлемдік асуларға ұласады» деп жұмбақтайды. Сонда бұл не деген сөз?

Әлбетте, ислам «керітартпа», «тар» деген сөз. «Арғы жағынан дінсіз болып жүре бер», яки «шеңбері кең дінге кір» деген ой қылтияды. Сонымен, біз дінге керекпіз бе, дін бізге керек пе? Қазақ жерінде, ұятымызға қарай байқалып қалатын дәстүрсіздік, дінсіздік жолын қош көрсек, діннің бізге қажеті шамалы. Кері сөйлесек, бізде дәстүр жоқ, екен дін жоқ екен - «аясы кең, төрі биік асуларға» бас ұрайық. Сонда не болар екен? Болатын жай анық: бордай тозамыз. «Аясы кең, төрі биік асу» кешікпей бізден мыңдаған жылдар қайнасып-бітіскен ислами дәстүрден безінуді, ағарудың арқасында тілімізге енген есепсіз араб-парсы сөздерінен арылуды, ой-сананы түбірінен қайта құруды талап етеді. Бізге, елдігімізге керегі осы ма? Құдай қор қылып қойса қайтейік, тәңіршілдер, бурханшылар - жалпы мәжуси пікірдегілер өздерінің не бүлдіріп жүргенін де түсінбейді-ау! Жоғарыдағыны байыптасақ, дін бізге керек екен. Дін болғанда - хақтың діні»-деп ой айтады Дихан Қамзабекұлы «Біз дінге керекпіз бе? Жоқ дін бізге керек пе?» атты «Жас Алаш» газетінде жарияланған мақаласында.

Бұл мақаланы талдаудың өзі артық болар. Себебі, мұнда бәрі де анық, айқын көрсетіліп жазылған. Осы мақала да көрсетілгендей бурханшылдық пен тәңіршілдікті бірер сөз ете кетсек.

Әуелі, менің бурханизм жайлы сөз қозғауыма «Алтын Орда» газетінің №18 санындағы Әлия Бөпежанованың Мұрат Әуезовпен «Өзімді Мұхтар Әуезовтың жазылып бітпеген шығармасының кейіпкеріндей сезінемін…» атты сұхбаты түрткі болды. Кейінірек бұл сұхбатты белгілі дін танушы ғалым Мұртаза Бұлұтай «Жас Алаш» газетінің №82 санында нақты ғылыми деректермен дәлелдеп берді.

«Қазақ халқаның діні - Исламның орынына сала сұхбат беріп, «бурханизм» сияқты біздің халқымызбен «үш қайнаса сорпасы қосылмайтын» сенімді уағыздаған» М.Б.) Мұрат Әуезов сұхбатында былай дейді: «Таулы Алтайда көне түрік заманынан келе жатан керей дейтін ру бар. Өздері «түріктің қара шаңырағын біз сақтап қалдық»-дейді. Айтса айтқандай. Олардың бурханизм дейтін діндері бар. XIX ғасыр менXX басында болған бурханшылдықты Тәңіршілдіктің жаңа түрі деуге болады», «Құрандағы сүрелер айталық, өте үлкен шеберлікпен жасалған, жазылған ғой. Ал, бурханистер одан қай жағынан болсада бөлек, асып түсуі керек-ті. Сонда ғана жерлестерінің бойындағы жүрек пен сананы жаулап алар еді. Олардың жасағаны өте сапалы дүние…Біздер бурханизмге дұрыстап мән бермей отырмыз. Менің осы мәселені айтып келе жатқаныма қаншама жыл болды? Бурханизм өзім ойлап тапқан нәрсе емес рухани тәжірибе. Тәңіршілдік деген сөзді кімде-кім дұрыстап зерделер болса, жап- жақын тұрған Таулы Алтайға барып, сол жігіттермен байланыс жасауға болар еді…Бурханизм, оның ар жағында тұрған Тәңіршілдік көшпелі халықтың үлкен рухани жетістігі…Содан кейін бурханизм, ол Шыңғыс ханның философиясы…Бурханизм, Тәңіршілдікті білу арқасында біз өзімізді жақсы білетін боламыз»-дейді.

Мына бір абзацтың өзінен бірнеше ғылыми қателік тапқан Мұртаза Бұлұтай оны мынадай деректермен дәлелдейді, «Біріншіден керейлер Әуезов айтқандай, «бурханизм» сенімін ұстанбайды, қазақ халқының құрамындағы керей руы барлық қазақ баласы сияқты тек Ислам дінін ғана ұстанады. Екіншіден, керейлер (керейттер) Исламға дейін христиандықтың несториан жолып ұстанған-ды, сол себепті де олардың «бурханизм» дегендіннің болуы тіпті мүмкін емес. Үшіншіден, бурханизм дің емес, XX ғасырдың бас шенінде Ресей империализміне қарсы ұйымдасқан алтайлықтардың ұлт-азаттық күресінің нәтижесінде буддизм мен шаманизмнің қосындысынан пайда болған саяси-идеологиялық ағым.

Төртіншіден, бурханизм мен тәңіршілдіктің арасы жер мен көктей. Мұрат Әуезов бурханшылардың дүние танымын мұсылмандардың қасиетті кітабы Құраннан да жоғары қояды. Құранның өзінде оның адамдар тарапынан жасалмағаны, жазылмағаны айтылған жоқ па?! Құранның хақтығын, Хақ Тағаланың кәламы екендігін бүгінгі күні қазақ халқының ажырамас бөлігі болып саналатын екі миллиардқа жуық Ислам үмметі мойындаған. Бұған қоса, әлемнің ең беделді ғалымдары мен зерттеушілері, мемлекет қайраткерлері мен шынайы ойшылдары ғасырлар бойы Ислам дінін қабылдап, Құранның теңдесі жоқ құдіретіне тәсілім болған» дейді «Жас Алаш» газетінде жарық көрген мақаласында. Айдан анығы халқымыздың рухани болмысымен біте қайнасқан Ислам дінін тастап, бурханизмді іздеп Алтайға барып зерттеуіміз бізге мәртебе болмасы анық. Алтай жерін көне түріктердің мекені деп, ондағының бәрін көне түріктердің саф мұрасы деп санау қалай болар екен?.

AdobeStock_89920208-1024x683.jpeg

Бізді осындай теріс түсінікке ұрындырудың басты себебі түркология жөніндегі алғашқы зерттеудің осы Алтай төңірегінде шоғырланғандығында жатыр. Мәселен, осы түркология ғылымына үлкен еңбек еткен В.В Радловқа қатыстымына бір дерекке құлақ түрсеңіз бәрі де түсінікті болар еді.

«Астаналық Күлтегін ескерткіші түбінде жастар жыр оқиды дегенді естіп, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бас ғимратына соққанбыз. Кезек орта жастағы бір азаматқа келгенде ол дауысын кенеп:Ағайындар ортамызға тағызым етер өз тасымыз келді. Бұрын неге болса соған табынып, сыйынып келдік. Ендігі сыйынарың да, сүйенерің де – осы тас!- деді. Бұл қайсібір қандастарымыздың «Мен - тәңірлік діндегі адаммын» немесе «Өз дініміз тәңірлік дінді каңғыртуымыз керек» деген балаң да негізсіз ойлармен кіндіктесіп жатқан сөз ретінде ұғылды. Шынтуайтында, Күлтегін бізге сыйыну үшін емес, оқып ізденіп тағылым алу үшін қажет. Таяуда Қазақстанның атақты ақындарының бірі белгілі газетке: «Дінге көзқарасым дейсің бе…әйтеуір бір Жаратқан иенің барын білемін. Алайда діни шариғат, шарттарды намазды, қажылықты түсінбеймін қабылдамаймын» деп сұхбат берді. Есімізге Радлов эффектісінің өміршеңдігі түсті. Енді осы Радлов эффектісі дегеніміз не? Ол саяси өктемшілікпен тамырласып жатқан аңқау да алдарқату тәсілі. Ол бір ұлттың тарихындағы «ахилес өкшесін» дәл тауып соны алға тартып, әлгі милләттің ендігі дамуына қиғаш отарлаушыға оңтайлы пиғылды жүзеге асыру әдісі. Ол әлдіні қомдау, әлсіздің сағын сындыру. Нақты айтсақ, А.Н Самойловичтің «Түріктану пайда болғанынан біздің заманымызға дейін В.В Радловтай ірі қайраткер болған емес» деуі де дөп берілген баға. Бірақ бұдан В. Радлов түрік халықтарын қадірледі, ұлықтады деген ұғым тумаса керек. Радловттың Ресей империясы саясатымен тонның ішкі бауындай көзқарасын да аңғарамыз.

В. Радлов бүй дейді : Жалпы қазақтарда (діншіл) оқымыстылар халықтың әдет-ғұрпының ауытқығандар деп саналып, оларға азғантай көмек көрсетілгенмен, шындығында іштей жек көріп, мүмкіндігінше аулақ жүруге тырысады. Дін шарттарын бұлайша сырттай ғана атқару дәстүрлі мәдениетті іртіп жіберер исламның әсерін тежеп, халықтың алғашқы түркілік сипатын толық сақтауына мүмкіндік жасағанын айтуға міндеттіміз. Егер Еуропалық түріктік халықтық күшке көмек қолын созып мұсылманшылықтың өрісін тоқтатса, прогресс болар еді. Қазір шұғыл қимылдасақ халықтың рухы мықты сахарада исламды жеңу қиын емес. Сөз жоқ бұл жерде В. Радлов ислам және түрік арақатынасы мәселесіне белгілі дәрежеде ресейлік ресми саясат тұрғысынан қарағаны аңғарылады. Несіне жасырамыз, XX -XXI ғасырда Исаны құдай тұтқан қайсыбір христиан ақсүйектері өздерін ашық түрде ортағасырлық Крест жорықшыларының мұрагерлері есебінде көрсетті. Олар исламды православия дініне қарама-қарсы күш есебінде түсіндірді. Ресей саяси санаткерлері «мұсылман құлдығында» жүрген халықтарды «құтқарушы» арқылы ой-санасын босатып алған, мәдени-рухани вакумге орыс идеясын толтырғысы келді. Бұл қозғалыстың жуан ортасында В.Радловта болды. B. Радлов туралы Алаш көсемдерінің бірі М. Шоқай да жазыпты. «Радловты түріктердің кереметтей жанашыры етіп көрсету артық. Радлов түріктерді зерттеу обьектісі ретінде ғана көрді. «Ол бізге сол түрғыдан ғана мән берер - еді»-дейді. Сонымен жоғарғыдағы деректерден байқалатыны: бізге сор, ал бізді сорлатам деушілерге қол «Радлов эффектісі» күні бүгінге дейін өз жемісін беріп келеді. Қоғамымыздың азғантай да болса бір шөкім бөлігі әсіресе оқығандардың бірқатары Радловтар қалыптастырған теорияның жетегінде кетіп «Тәңірлік дінді» іздер жүр». Қазақ исламға толық кірмеген», «Құдайыңнан ойбайым жақсы»,«Дін адамды дүмше етеді», Ислам көп нәрсені шектейді тағы да басқада дәйексіз уәждер осылардың ұстанымы» дейді Дихан Қамзабекұлы «Жас Алаш» газетінде жарық көрген «Етектен тартқан Радлов эффектісі немесе дінсіз, рухсыз, адасқақ оқыған қайдан шығады» атты мақаласында.

ay-640x398@2x.jpg

Айтса айтқандай бізде соңғы кездері діннен хабары шамалы кейбір азаматтар дінімізді «пәленше ислам», «түгенше ислам» деп, сорт-сортқа бөліп, кіжілдейтінді тапты. Бұл - Ислам діні туралы мәліметтерді мойындалған мұсылман авторлардың еңбектерінен емес, батыс авторларының бұрмаланған еңбектерінен ой елегінен өткізбей қабылдау ісінің нәтижесі ғой. Мысалы, мына бір ақиқатты әрбір мұсылман баласының білгені жөн. «Ислам дінін бұзу үшін ағылшындардың демеуімен дүниеге келген, «мұсылманмын» дей тұра өзін Мұхаммедтен кейінгі пайғамбармын деп жариялаған Ғұлама Ахмед мырзаның ілім сымағын қолпаштап, жалғандықтан опа бермес сайқымазақ жамылғысын бүркенген ахмедиялықтарға (қаданилерге) жер бетіндегі күллі мұсылман қауымы қарғыс айтып, «кәпірлер» деп қажылыққа да, Ислам елдерінің шекарасына да жуытпайды» деп жазады Гүлбаһрам Жебесін «Ақыл ойдың азғындауы» атты еңбегінде. Ілімі, сауаты, иманы бар мұсылмандар Мұхаммед (сғс) кейін Пайғамбар болмайтынын өте жақсы біледі.

Киелі Құран соңғы Кітап. Ислам діні ақырғы шариат. Мұсылмандар - соңғы үмбет. Пайғамбарымыз, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, «Менің үмбетімде отыз өтірікші болады. Олардың әрқайсысы өзін Пайғамбармын деп жариялайды. Бірақ мен соңғы Пайғамбармын меннен кейін еш пайғамбар болмайды» (Муслимнен) деп ескертіп кеткен. «Мирза Ахмед Қадианиді ағылшындар қолдап, оған Лондон қаласынан ойып орын береді. Өйткені жаңа дінсымақты қабылдаушылар Англияға қарсы бас көтере алмайды.

Себебі, қадианилықтар: «Ағылшындарға қарсы шығу - Құдайға қарсы шығу» деп уағыз айтады. 1995-жылы Пәкістанда «ахмедия қадиянилықтар мұсылман емес» деп жарияланды. Дүние жүзінің мұсылмандары арам астай жирене қараған ахмедиялықтардың Қазақстандағы туын Роллан Сейсенбаев сияқты білімді қаламгерлер көтерсе не шара» деп жазады Гүлбаһрам Жебесін ханым. Міне, осындай қайшылыққа толы ой-пікірлерімен Ислам дінін жоққа шығаруды көксейтін олар, өз тобына қосылмаған жандарды кәпір деп санайды. Шариғаттары шарап ішуге, темекі тартуға, анаша шегуге рұқсат береді. Өзін мойындамағандарға Мирза Ғұлам Ахмет Қадиани неше түрлі тұрпайы және анайы балағаттаулар жолдаған. Сондықтан оның соңына ілесушілердің әдеп пен мәдениеттен, ақыл-парасаттан, білім-біліктен жұрдай, ақылынан адасқан осы бір азғын жанның «үмбеті» атануға қалай ұялмайтындарына қайран қаласың. Осы ілімнің негізінде «Бахаилер» атты діни ағымы саласы да пайда болды. Қазір дүние жүзінің әр түкпірінде кездесетін бахаилердің саны 6 миллионнан асады. Бұл жолды ұстанушылар жанның (рухтың) басқа біреуге ауысуы ақиқат дейді.

Сондықтан жазаға ұшырау немесе сый-сияпатқа бөлену тек жанға ғана тиесілі жайт, адамның тәніне қатысы жоқ деп санайды. Бұл ағымның пайда болуына да ағылшындар себепкер болған екен. Өздері христиан бола тұра, басқа діндегілердің тағдырына араласуға бұлардың қандай хақылары бар? Егер ағылшындар ахмедиялықтар мен бахаилердің ілімінің дұрыс екеніне шынымен сенсе, неге бұл «діндерді» өздері қабылдамайды, неге «мемлекеттік діндері» қылып, көкке көтермейді? Әрине, мұның бәрі хақ исламды ірітудің амалы екендігі шүбәсіз. Баспасөз беттерінде ата-бабамыздың діні ретінде көп насихатталып айтылып, жазылып жүрген ағымның бірі «суфизм»жайлы да қысқаша айта кетуіміздің еш артығы бола қоймас. «Араб тілінде «Тассауф» деген ұғыммен байланысты сопылық ағым футурат кезеңінен кейін тарай бастады. Алғашында рух тазалығына ұмтылған сопылар тақлид (бұрынғылар ұстанған Құран мен сүннет) жолымен емес, бірте-бірте өздерін үнді, парсы, грек, христиандық мифология араласқан философия арқылы тәрбиелеуге, сөйтіп Жаратқанды тануға ұмтылды. «Сопы» деген ұғымның өзіне осы ағымның көрінекті өкілдері әр түрлі түсінік береді. Мысалы, 597 ә.ж.с.б. Ибну Жаузи: «Сопылық Ислам дінін қабылдағанға дейін пұтқа табынушы болған Әл- Ғұсу бин Мур деген ер адамның атымен байланысты»- десе, Әл-Бируни Фун һамр «Сопылық соффа деген сөзден шыққан. Филасофия деген терминнің өзі- софия даналық, фило ғылым (жақсы көру) деген латынның сөзінен шығады» дейді. Сопылар Аллаға дәнекер болады деп, әулие- әнбилерге жалбарынады. «Әулие-әнбилер (пірлер, шейхтар) Алланың ерекше дарын қабілет, ілім берген сүйікті құлдары, достары. Сол себепті олардың кез-келген дұғасы (тілегі) қабыл болады. Мұндай жағдайда әулие-әнбилер дәнекер болса, Алла олардың тілегін орындайды. Мысалы, мемлекет басшысына өз бетіңізше кіре алмайсыз ғой, ал оның жанындағы адамдар сізді қабылдауын өтінсе, президент сізді бірден қабылдайды. Бұл да сол сияқты», - дейді. Алайда араларында кейбір адасқан салалары да бар. Осы топтар Алланның ешкімге ұқсамайтын жеке-дара Құдірет екенін, білмейтін тәрізді. Олар пір тұтқан «әулиелері» қайтыс болған жағдайда оның қабіріне барады. Әсіресе, рухани тамырынан діннен қол үзіп қалған біздің елімізде бұл үрдіс күннен-күнге етек алып келеді. «Ата жолы» секілді ағымдар «әруақ қонды» деп емшілік жолына түскендер. Алайда осы «емшілер» мен бақсы-балгерлер аңқау адамдарды алдап-арбап өз білгендерін істеп келеді.

Осы орайда мына бір мақалаға ой жүгіртіп көрсек. «Осыдан үш жыл бұрын менің балам Нызматдин сол кезде тұратын Түймекент ауылында жұмыс жоқтықтан, Қарағанды облысының Приозерск деген қаласына көшіп кетті. Сол қалада сантехник болып жұмысқа орналасты. Арада бір жыл өткен соң баламның «Тарихатшылар» деген діни бірлестікке кіргенін естідім. Сұрастыра жүріп, баламның Қарағанды облысындағы шет ауданның орталығы Ақсу Аюлы деген жерде тарихатшылар бірлестігінде екенін анықтап сол жерден бес ай дегенде әзер тауып алдым. Ол Қуаныш Хамитұлы Хантурин деген пірінің қол астында өздерінше мұсылмандық ғибадат жасайды екен. Тарихатшылардың пірлері жас жігіттердің санасына қатты әсер етіп, оларды дүниеден, өмірден бездіруге көндіріп ата-анасы мен бала-шағасынан суындырып, не айтса да бұлжытпай орындайтын тірі робот құлға айналдырып алған. Балама тамақты кім береді, не істейсіңдер деген сұрақтарыма: Піріміз берген тамақ сондай дәмді. Әрі сондай күш аламыз. Пірдің түрлі жұмыстарын істейміз, бірақ ешқашан шаршамаймыз дейді. Сол баламды алып қайту үшін, Ақсу Аюлыдағы полиция бөліміне осы жағдайды айттым. Олар ол жерде жүрген тарихатшы жастарды, олардың пірі Қуанышты біледі екен. Олар арақ ішпейді бұзақылық жасамайды деп, мән бермеді. Бұған арнайы тексерулер жүргізбесе ақыр соңы өкінішке айналуы бек мүмкін ғой. Себебі олар миы айналған теріс түсініктегі диуана жастар. Пірлеріне сондай ықыласпен берілген. Пірін Құдайға теңейді, әке-шешесіне бала шағасына жаны ашымайтын қатігездер. Пірі біреуді өлтір десе өлтіруге дайын құл -роботтар.Бұлар еліміздегі болашақ дайындықтан өтіп жатқан жанкешті террористер емес пе?»-дейді «Егемен Қазақстан» газетінде «Өзің диуанасың кімге пір боларсың? деген мақаласында Байназар Назаров.

Біздің осылай бөлшектенуімізге бір діннің тамырынан тарап, бірақ сан түрлі ағымға бөлініп кеткен кешегі Ислам тарихы куә. Бұлай болатынын қасиетті Пайғамбарымыз да ескертіп кеткен екен. Пайғамбарымыз Мұхаммед салла Аллаһу алейһи уа сәллам: «Иуда дініндегілердің жетпіс бір, христиан дініндегілердің жетпіс екі ағымға бөлінетіні тәрізді, мұсылмандар жетпіс үш ағымға бөлінеді. Олардың ішінде біреуі ғана жәннәтқа барады». Жәһәннамнан аман қалатын ол бақытты топтың кім екенін сұрағандарға «Бүгінгі күні мен және меннен кейінгі халифтар қалай іс-әрекет етсе, дәл солай іс-әрекет қылатындар» деп жауап берді. (Бұл хадисті Имам Ахмед пен басқа мухаддистер жеткізген екен).

Күллі адамзатқа басшылық үшін түсірілген ең соңғы Киелі Кітап Құран Кәрім. Онда адамдарға нұсқау беретін барлық ережелер қамтылған. Сондықтан да Алла- Тағала: «Бүгін мен сендердің діндеріңді кемеліне жеткіздім әрі сендерге деген игілік - нығыметімді де аяқтадым. Сендердің тұтынуларың үшін Ислам дінін таңдадым» - дейді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?