Соғыс жылдары Қазақстан эвакуациялау аймағына айналды – Мақсат Алпысбес
2025-04-24 16:42:00
172
Соғыс тарихының тағы бір қыры – Қазақстан эвакуациялау жерінеайналды. Майдан шебінде, Кеңес Одағының Еуропа тұсындағы қалаларда орналасқан ғылыми мекемелер, кәсіпорындар, олардың ұжымдары Қазақ жеріне көшірілді. Солкезде келген өнер, ғылым, мәдениет қайраткерлері өз ісін тоқтамай, жалғастырғанының нәтижесінде біздің Қазақ Ғылым академиясы күшейіп, дами түсті.Соғыс жылдарында Қазақстанда Кеңес Одағы Ғылым Академиясы Қазақ филиалының 8 ғылыми-зерттеу институты ашылды. Осылайша ғылыми кадрлардың әлеуеті күшейді.Бұл туралы белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мақсат Алпысбес айтты.