«Біз бірге болғанда....» этномәдени бірлестіктермен кездесу өтті
08.04.2015 3541
Бүгін «Астана» ұлттық сурет галереясының кітапханасында «Татулық Ұлы күш» кітапханалық жоба аясында «Біз бірге болғанда....» этномәдени бірлестіктермен кездесу өтті.

Бүгін «Астана» ұлттық сурет галереясының кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына орай «Біз бірге болғанда....» этномәдени бірлестіктермен кездесу өтті. 

1995 жылғы 1 наурызда жаңа институт — Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды. Бұл тарихи күн егеменді Тәуелсіз Қазақстанның құрылуының, қазіргі мемлекеттік құрылымның орнығуының, бейбітшілік, бірлік пен Қазақстан халқының қоғамдық келісім идеясын іске асырудың бастапқы нүктесіне айналды. 

Ассамблея 20 жыл ішінде еліміздің барлық эностар арасында қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі құраушы бөлігіне айналды. 

«Возрождение» неміс қоғамы, «Тан» татар-башқұрт ұлттық мәдени орталығы, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, «Ван» ұлттық мәдени орталығы, «Оберег» украин мәдени орталығы, «Хазар» азербайжан қоғамдық бірлестігінің өкілдері болды. 

Кітапхана оқырмандары еліміздің ұлтаралық мәдениеттің негізін құрайтын түрлі этностардың әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен танысты. Сонымен қатар, «Веселки», «Ладушки» халық ансамбльдері, «Шаңырақ» әжелер ансамблінің орындаулары қонақтарды қуанышқа бөледі. Сондай-ақ, жоба аясында «Достық әлемі — Планета дружбы» атты кітап көрмесі ұсынылды.