«Ломоносов – 2015» XI халықаралық ғылыми конференциясы өтті
13.04.2015 1482
2015 жылдың 10-11 сәуір аралығында М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің Қазақстандық филиалында «Ломоносов –2015» XI халықаралық конференциясы ұйымдастырылды.

10 сәуірде, жұма күні, «Ломоносов оқуларының» ашылу салтанаты өтті. «Ломоносов оқулары» Қазақстандық филиалда алғаш рет 2002 жылы өткізілген болатын. Еуразиялық кеңестіктегі халықаралық байланыстарды нығайтуға және болашақ ғалымдардың бастамаларын қолдауға бағытталған бұл іс-шара жыл сайынғы дәстүрге айналды.

Биыл конференция президиумының құрамында ММУ-дің Қазақстандық филиалының директоры, профессор А. В. Сидорович, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі М. Н. Бочарников, Қазақстан халқы Ассамблеясының орынбасары (ҚХА) А. А. Башмаков, Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Ә.Т. Бимендина, философия ғылымдарының докторы Ж. М. Әбділдин, әртүрлі факультеттердің өкілдері болды. Президиумның құрметті мүшесі ретінде Ұлы Отан соғысының ардагері М. И. Полторацкая шақырылды. 

Биылғы конферения Жеңістің 70 жылдығымен, Мәскеу университетінің 260 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен тұспа-тұс келді. Президиум мүшелері алғысөз айтып, соғыс тақырыбы және ММУ студенттерінің, аспиранттары мен оқытушыларының Ұлы Жеңістің жақындауына қосқан үлесіне жеке тоқталып өтті. 

 — Әркімнің міндеті — әлемді жақсарту жолдарын іздей отырып, соғыстың басталуына жол бермеу, —деді өз сөзінде ММУ-дің Қазақстандық филиалының директоры А. В. Сидорович. 

Соғыс ардагері М. И. Полторацкая сөз сөйлеу үшін мінбеге шыққанда, залда отырған барлық адам орындарынан тұрып қошемет көрсетті. М.И. Полторацкая өз оқиғасына қысқаша тоқталды: Брест түбіндегі ағасының өлімі, майданға қатысуы, соғыс жылдарындағы қиыншылықтар, шайқастарға қатысуы. «Соғыс бұл ойыншық емес. Бұл — трагедия», — деп сөзін аяқтады Мария Ивановна. 

Пленарлық отырыстың соңында республикалық олимпиадалар мен ғылыми жұмыстардың байқауының жеңімпаздарына дипломдар берілді. Одан кейін А.В. Сидорович конференцияны ашық деп жариялап, қатысушылар өз секцияларына барды. Биыл ғылыми жұмыстардың келесі дей бағыттары ұсынылды: математика, экология, экономика, филология. 

«Еуразиялық кеңестік: құндылықтар, дәстүрлер, өзара әрекеттесулер» секциясында мәдени интеграция және еуразиялық кеңестікті құру идеялары талқыланды. Белгілі ақын, аудармашы, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың жұмыстарына көп назар аударылды. Ол Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени қарым-қатынастардың дамуына көп үлес қосқан. 

«Ломоносов оқуларының» екінші күні 11 сәуірде конференцияның қорытындысы шығарылды. Конференция жұмыстары арасында 41 Қазақстан мен Ресей университетінен шыққан студенттер мен жас ғалымдардың 283 жұмысы бар. Конференция барысында 128 баяндама жасалды. «Ломоносов —2015» атты XI халықаралық конференцияның жабылуына арналған пленарлық отырыста ең үздік баяндамалар I, II, III дәрежелі сыйлықтармен марапатталды.

 Илья ГОЛОВИН