Бір суреттің тарихы. Андрей Гайдуков
20.04.2015 1673
9 мамыр – ТМД елдерінің халықтары үшін ұлы мереке. Сыныптастарымен жиналып, ардагер қабірінің басына қалампыр гүлдерін қоямыз. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, ардагер!

Жетпіс жыл бұрын соғыстың соңғы атылған оғының жаңғырығы естілді. Отаны үшін миллиондаған адамдар өз өмірін құрбан еткен. Бұл батырлар майдан даласының тозағында, ормандарда, теңіздерде қаза тапты. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Қарапайым адамдар, офицерлер, сарбаздар, аналар мен балалар қабырғаны қайыстырған қиыншылықтарды бастан өткерді. Жыл сайын 9 мамырда біз сыныптастарымызбен, ата-аналарымызбен, апа-аталарымызбен бірге қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне барамыз. 

Мұнда келгендердің бәрі бақыттың, бейбітшіліктің, тыныштықтың құнын біледі. Ескерткіш алдындағы қалампыр гүлдер соғыс даласында Отан үшін төгілген қан тамшыларын еске салатындай... Ардагерлерді құрметтей отырып, «Мың алғыс сізге, жауынгер!» дейміз.

Ұлы Отан соғысы туралы біз тарих сабағынан білеміз. Мұнда әкери әрекеттер, армия бағыттары, қаза тапқан жауынгерлердің саны туралы айтылады. Алайда, әңгіме адамдардың тағдыры, басынан кешірген оқиғалары, қайғы-қасіреттері туралы болып отыр. 

Сонымен бірге, соғыс жайында сынып жетекшіміз Гайдукова Надежда Андреевнаның әңгімелерінен білеміз. Оның әкесі, Гайдуков Андрей Леонтьевич, соғысқа қатысқан жауынгер. Ол мектептегі сынып сағатына атсалысып, соғыс туралы айтып берді. 

Гайдуков Андрей Леонтьевич 1918 жылдың 13 қыркүйегінде Волгоград облысының Арчадинская станциясында дүниеге келді. 14 жасынан бері темір жолындағы механизмдерге техникалық қызмет көрсетіп жүрді. Кейін Отан алдындағы борышын өтеу барысында соғысқа шақыру қағазын алды. Осылай, ол 2-ші Беларусь майданына аттанып, взвод командирінің көмекшісі болды. Тізеден және шынтақтан екі рет жараланды. Ол соғысты толық басынан кешірген жауынгер. Рейхстагқа жеткендердің бірі. 8 жыл бойы өз үйін көрмеді. 2 дәрежелі орденмен, медальдар және басқа ордендермен марапатталды. Соғыстан кейін бірнеше жыл бойы түнде ұйықтай алмай қиналды, өйткені түсінде майданда болған шайқастарды көрді. Уақыт өте келе жүректегі жаралар жазылды. 




1970 жылы Андрей Леонтьевич өз отбасымен бірге Қазақстаннан Өзбекстанға, Кировский кентіне (қазіргі кезде — Асықта) көшті. Бұл жерде көп жыл бойы мақта тазалау зауытында механизатор болып жұмыс жасады. Зайыбы Зинаида Михайловнамен бірге ұзақ және бақытты ғұмыр кешіп, алты баласын, тоғыз немересін, алты шөбересін тәрбиеледі. Андрей Леонтьевичтің еңбек өтілімі — алпыс жыл. Ол көпшіл болып, жас адамдармен тез тіл табыса білді. 

Андрей Леонтьевичтің естеліктерінен: «Соғыстан кейін еліме оралып, түнге қонатын жер іздеп, өз туыстарының үйіне кірдім. Олар есікті ашып, «Кіре беріңіз, ата!», -деп айтып, үйіне шақырды.» Сол кезде атамыз 27-ге толған еді: шашы ақ, жүдеп қалған, сақалы бар. 

Ардагердің әңгімелері бойынша, неміс қалаларын азат етіп, бір концлагерьдің аумағы арқылы өткенде, фашисттер жасаған қылмыстардың қалған іздеріне куә болды. Концлагерьдің аумағында адамдардың бас сүйектері, қанқалары табылған. Камераларда миллиондаған аяқ-киім тұр: кішкентай сандалдардан бастап, қария адамдардың аяқ киіміне дейін. Сондай-ақ киімдер, балаларға арналған ойыншықтар, шаш жұлымдары табылған. «Осындайды көргенде, төбемдегі шашым тік тұрды», — дейтін ардагер ата. 

Соғыс естеліктері айтуға өте ауыр... Қазіргі кезде ардагер дүниеден өтті. Ол 2012 жылдың 30 қантарында бақтық сапарға аттанды. Ұзақ және нәтижелі өмірді басынан кешірді. Андрей Леонтьевич өз Отанына деген үлкен сүйіспеншілікті, өмір сүруге деген құштарлығын бізге мұра етіп қалдырды. Біз бақытты балалық шағымыз үшін ардагерлерге алғысымызды білдіреміз! Өкінішті, бірақ сондай адамдардың қатарлары күн сайын азаюда. 

9 мамыр — ТМД халықтарының ұлы мерекесі жақындап келеді. Сыныптастарымызбен жиналып, ардагеріміздің қабіріне қалампыр гүлдерін қоямыз. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, ардагер! Сіздің үмітіңізді ақтаймыз!

Аяна Сәрсенбек, 

Оңтүстік Қазақстан облысының 

 Асықата кентіндегі «Жеңіс» мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.