Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 24-25 қазан күндері сағат 18.00-де «ҚЫЗ ЖІБЕК» драмалық операсының ПРЕМЬЕРАСЫН ұсынады.
Авторы - Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы, Ғабит Мүсірепов. Сахналық нұсқаның авторлары - Мирас Әбіл, Ләззат Алпысбаева. Композитор - Евгений Брусиловский. Қоюшы режиссері - Әлібек Өмірбекұлы. Дирижер - «Мәдениет саласының үздігі» Ерлан Бейсембаев. Хормейстер - Ержан Сансызбаев. Қоюшы суретші - Әлібек Өмірбекұлы, Шынар Елембаева. Костюм бойынша суретші - Шынар Елембаева.
Қазақстанда опера жанры XX ғасырдың 30 жылдары туды. 1934 жылы казақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібек» драмалық опера түрінде сахналанды. Ғасырға жуық уақыттан кейін ұлтымыздың інжу-маржаны «Қыз Жібек» операсын көрермен назарына драмалық опера жанрында қайта ұсынбақпыз. Жаңаны тудырғың келсе, өткенге қайта орал. Бәрі басталған нүктеге...
Үш актілі спектакльдің ұзақтығы – 4,5 сағат. Премьераға 50 актер, 36 оркестр мүшесі, техникалық және шығармашылық құрамды қосқанда 120-н астам адам жұмылдырылған. Премьераға дайындық жұмыстары наурыз айында басталды.
Тудырғың келсе жаңаны...
Өткенге бір сәт қарағын.
Жол сал бастауға...
Көз сал «бастауға»
Аттанып бара жатыр аққу-қаздар, Қош енді, қош болындар, гәкку-наздар!
Кеудемде күніренген дастан қалды, Киелі қанатымен аққу жазған.
Аққулар, кешіріндер, жазықтымын! Қараймын керуеніне қажып бүгін. Адасып кетті-ау бірге сендерменен, Алапат күшім менен нәзіктігім!
Сыңқылдап соғылғанда қанаттарың, Таба алмай қалды менін тағат жаным.