Мәдени серуен: Көкшетау қаласы тарихының музейі
08.10.2018 3097

Қала тарихы музейінің негізі 2000 жылы қаланған. Оған дейін, 1949 жылдан бастап, бұл жерде советтік кезеңнің танымал саяси, меммлекеттік қайраткері Куйбышев атындағы музей болған. Осы үйде оның балалық шағы өткен. Ғимарат, тұрғанына ғасырдан асқан, ХІХ ғасыр аяғындағы тарихи ескерткіш. Тәуелсіздік жылдарында Куйбышев музейі жабылып, қала музейінің негізі қаланды. Ресми түрде музей өз есігін келушілерге 2004 жылы айқара ашты.

Музей бес залдан тұрады.  Кіріспе бөлімде алматылық суретші Пожарскийдің қаланың тууы тарихы туралы әңгімелейтін диорама қойылған. Қазақстан Ресей империясына қосылғаннан кейін, 1824 жылы, Бурабай тауының етегінде, Көкшетау приказы құрылады. Округті ашу подполковник Григородскийге жүктеледі.

Ол өз отрядымен Көкшетауды бетке алып жүріп кетеді. Бірнеше күннен кейін жергілікті тұрғындар, ақсақалдар, приказды басқа жерге ауыстыруды сұрайды, өйткені олар келген адамдар ағаштарды кесіп, өздеріне үй тұрғызып, осынау әдемі табиғатты жояды деп қорқады. Одан кейін округті қаланың жанынан ашады (Чарлинканың жаны), бірақ ол жерде де көп тұрақтамайды. Тек 1827 жылы ғана Бұқпа шоқысының жанында тұрақтауды шешеді.

Бұл жер қолайлы болатын, өйткені осы жерде Қопа көлі болатын. Бұл жерде бұрын қазақтардың қыстауы болған. Қала тарихы осылайша басталды. Көкшетау қаласының карта-сызбасы Бүгінде Көкшетау – Ақмола облысының орталығы, 40 мың гектардан астам жерді алып жатыр. Халық саны 150 мың адамды құрайды.

Келесі экспозиция қазақтың үш жүзінің басын қосып, жоңғарға қарсы шығып, тойтарыс берген, қазақ халқының мықты басшысының бірі – Абылай ханға арналады. XVIII ғасырда ханның ордасы осы Көкшетау жерінде болған. Бурабайда Абылай хан алаңы бар. Музейде көкшетаулық және алматылық шеберлер қайтадан жасаған экспонаттар бар. Дулыға, қалқан, айбалта және Абылай ханның шапанының етегінен қалған матаның кесіндісі. Шапанды реставрациялау кезінде оның астарын кесіп-кесіп, осындай экспонатқа айналдырған.

Зерендіден шыққан Қанай биге жеке экспозиция арналған. Абылай ханның оң қолы болған Қанай би ұзақ жылдар бойы Ташкенттің билеушісі болған. Өлгеннен кейін Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген. Абылай ханның тікелей ұрпағы Кенесарыға ерекше орын бөлінген. Ол тарихта бірінші болып патшалық Ресейге қарсы көтерілісті бастаған.  

10 жылға созылған көтеріліс, Кенесарының өлімінен кейін ғана тоқтайды. Суреттерде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағықала бейнеленген. Жағада 500-ге жуық ағаш үй, 8 диірмен тұрған. Қала екі бөлікке бөлінген. Музей тұрған бір бөлігінде Темірбеков көшесі болған, бұл жақ қаланың казактар тұрған бөлігі болған, ал Темірбеков көшесінен әріде, негізінен қоныс аударушылар тұрған да, Граничная көшесі қаланың екі бөлігі арасында шекара қызметін атқарған. Экспонаттар ішінде қоныс аударушылардың, қазақтардың тұрмыста қолданған заттары, асатаяқ, киіз үйдің заттары, бастапқыда шамандар мен бақсылар қолданған музыка аспаптары қойылған.

Экспонаттар ішінде қыштан жасалған ыдыс-аяқ өте көп: кіреңке, қыш құмыра, май шайқау мен қымыз пісуге арналған қыш ыдыстар.  Алғашқы үтік – рубель деп аталған, дымқыл матаны оқтауға орап, тегіс жерге қойып, әрі-бері домалатқан, осылайша мата үтіктелген. Мынау шойын үтік, оның ішіне шоқ салып үтіктеген, ол өте ауыр болған. Көкшетау округі суретінің көшірмесі. 

Келесі экспозиция Шоқан Уәлихановқа арналады. Ағартушы-ғалымның есімі әр қазақстандыққа таныс.  Ол Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген, балалық шағы Көкшетау жерінде өткен. Әжесі айғаным тәрбиелеген. Омбыдағы Кадет корпусында оқыған, корнетке өткені туралы құжат та сақталған. Әкесі Шыңғыс округ сұлтаны болған. Ол Қашқарияға жасаған сапарының арқасында танымал этнограф, тарихшы, саяхатшыға айналған. Өте жас, небәрі отыз жасында қайтыс болған. Көкшетаудағы Әуезов көшесінде оған ескерткіш қойылған, ескерткіш авторы Төлеген Тасмағамбетов. Оның аты университетке берілген. ХІХ ғасырдың аяғында, 1895 жылы, Көкшетау едәуір мәртебеге ие болған, халқының саны 5000 адамнан асқан.

Осы уақытқа қарай қалада бірнеше мектеп ашылған. Ұлдар мен қыздар бөлек оқыған. Қалада татарлар көп болғандықтан, татар мектебі болған. Тіпті Әуелбеков көшесі бұрын Қазан көшесі деп аталған, өйткені ол жерде Қазаннан шыққан татарлар көп тұрған. Жүз жыл бұрын қалада Науан Хазірет салған мешіттің жанынан медресе ашылған. Қазақ балалары медреседе дінді ғана оқып қоймай, зайырлы білім де алған. Науан Хазірет қазақ халқының діни көшбасшысы, ғалым, дін маманы болған. Ол көптеген күрделі рәсімдерді жеңілдеткен. Қазір медресе Жақия қажының атында.

Қалада, ХІХ ғасыр аяғындағы тарихи ескерткіш, тұңғыш бастауыш мектептің ғимараты сақталған. Бұл ғимарат қазір Абай мен Әуелбеков көшелерінің ортасында тұр, қазір онда спорт мектебі орналасқан. Музейде Совет үкіметінің орнауына да арналған экспозиция бар.

Азамат соғысы қаланы айналып өтпеген. Большевиктер Көкшетауда Совет үкіметін орнатқан. Экспонаттар арасынан сол кездегі ақшаны, фотоаппаратты, қаладағы тұңғыш комсомолдың суретін көруге болады. В.В. Кубышевке жеке экспозиция арналған. Оның әкесін Омбыдан Көкшетауға әскери бөлім басшысы етіп жіберген, анасы қаладағы алғашқы мұғалімдепдің бірі болған. Отбасында 8 бала болған. Ол Шоқан Уәлиханов оқыған Омбы Кадет корпусында оқыған.

Сталинмен бірге жұмыс істеген, Лениннің серіктесі болған, Совет Одағының өнеркәсібін көтеріп, белочехтармен күресті басқарған, ол қайтыс болғаннан кейін, 1949 жылы, оның әпкесі Елена Владимировна Куйбышева Көкшетауға келіп, музей ашқан. Республикалық маңыздағы музей болған. 1934 жылғы XVII съездің альбомы, оған Куйбышев те қатысқан. Альбомда сол замандағы барлық қайраткерлердің сөздері келтірілген. Сол съезден кейін жаппай саяси қуғын-сүргін басталды.

Репрессияға ұшырағандардың ішінде біздің жерлестеріміз де бар. Олардың ішінде әйгілі Үкілі Ыбырай, репрессияға ұшырағанда ол 72 жаста болған екен. Репрессияға ұшырағандардың бәрі 58-ші баппен атылған. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың ішінде жерлесіміз, белгілі татар жазушысы Ибрагим Салахов та болды, оны Колымаға жер аударған, ол жақтан ол бір аяқсыз оралып, Қызыл Жарда тұрған, «Черная Колыма» кітабын жазған. Қалалықтардың ішінде қаламыздағы тұңғыш дәрігер-хирург Глаголев Михаил Николаевич те болды, ол 52 жасында репрессияға ұшыраған.

Белгілі математик-ғалым Өтелбай Жамабаев қаладағы ауыр халді айтып, хат жазғаны үшін сотталған. Нурмакин Ахмедрашид, қала прокуроры да, осы тармақ бойынша сотталған. Экспонаттар ішінде «Хранить вечно» кітабы мен НКВД үштігінің адамдар тағдырын шешкен дәптері қойылған. Экспозициялардың бірі Анастасия Цветаеваға арналған. Анастасия Цветаева репрессияға ұшырап, Павлодарға жер аударылған, бірақ оның есімі қаламен байланысты. 60-шы жылдары ол немересі Маргаританы оқуға түсуге Шоқан Уәлиханов институтына әкеледі. 3 айға жуық сол кездегі Чапаев, қазіргі Қанай би көшесінде тұрады. Қаланы қатты жақсы көріп қалғаны сонша «Старость и молодость» («Кәрілік пен жастық») өлеңін арнаған.

2017 жылы оған экспозиция арнап, кітаптары, иконалары қойылған.  Темір жол тарихы 1917 жылы басталды. 1920 жылдың тамызында Петропавл-Көкшетау теміржолының құрылысын бастау туралы В.И. Лениннің қолы қойылған Халық комиссарлары кеңесінің қаулысы жарыққа шығады. Вокзалдың алғашқы үлкен ғимараты 1949 жылы салынды.

Сталин заманының типтік вокзалы. Теміржолшылардың мәдениет үйі осы күнге дейін сақталған. Қазір ол жерде Ақмола облыстық филармониясы орналасқан.  Ұлы Отан соғысына үлкен зал арналған. 1917 жылы механика зауыты ашылған. Зауыттан пештің есіктері, үшжолақты коньки, түрлі тұрмыстық заттар шығарылған. Соғыс басталғанда Көкшетауға Подольсктің тігін машиналары зауыты көшіріледі, ол №623 Құпия зауыт деп аталған.

Зауыттан қорғаныс өнімдері шығарылған: миналар, гранат-лимонкалар, оқ-дәрілер. Бұның бәрі майданға жөнелтіліп отырған. Соғыстан кейін зауыт салмақ өлшейтін құралдар шығарған. Бірақ Совет Одағы ыдырағаннан кейін, зауыт жабылып қалған.қазір ол жерде Абай Мырзахметов атындағы университет орналасқан. Соғыс басталғанда Ақмола облысынан 80 мыңға жуық адам аттанған, қаладан 40 мың кеткен. Қаладағы әскери зауытта әйелдер, балалар мен қарттар жұмыс істеген. Госпитальдер эвакуацияланған. Тіпті музей ғимаратында да госпиталь орналасқан.  

Онда Ленинград блокадасынан шыққандардың жаралы сарбаздарды, тіпті тұтқынға түскен немістерді де емдеген. Қаладағы Бармашино ауданы жанындағы зиратқа жарақаттан қайтыс болған сарбаздар жерленген. 20-дан астам жерленген бауырластар зираты да сол жерде. Соғыс жылдарындағы үшбу хаттар. Соғыс жылдарында әскери цензура мықты болған.

Майданнан келген әр хат Почтамтта ашылып, артық ақпараттың кетіп қалмауы қатаң тексерілген. Суретте зауытта жұмыс істеген әйелдер, госпитальде істеген мейірбикелер. Майданға кеткен жерлестердің суретінен жасалған коллаж. Көбі соғыстан оралған жоқ. Солдаттың фляжкасы, каска.

23 көкшетаулық Совет Одағының Батыры атанған. Кезінде облыс ауысқандықтан, бұл нақты тізім емес. Қалада Мәлік Ғабдуллин музейі бар. Қазір қалада 23 Ұлы Отан соғысы тұрып жатыр. Мынау соғыс жылдарындағы солдаттың гимнастеркасы.

Мария Смирнова-Кухарская соғыс кезінде мейірбике болған. Бір өзі шайқас алаңынан 480 жаралыны алып   шығып, Флоринс-Найтингейл медалімен марапатталған. Бұл медальмен тек қана мейірбикелер марапатталады. Қаладағы әлемдегі жалғыз қайырымдылық пен ерлік музейі орналасқан. Бұл музей медицина колледжінің жанында орналасқан.

Талғат Бигелдинов – Совет Одағының Батыры, истребитель-ұшқыш, жерлес. Қаладағы Абай көшесінде бюсті орналасқан. Суретте 60-шы жылдардағы қаланың ескі кейпі. Көпес Коротковтың үйі тарихи ескерткіш. Соғыс жылдарында бұнда Жданов кинотеатры орналасқан, кейін «Юность» кинотеатры, қазір бұнда әдебиет пен өнер музейі орналасқан. «Көкшетау» қонақүйінің орнында бұрын «Восток» қонақүйі орналасқан, кейін ол сырып тасталды.

Келесі экспозиция маңызды тарихи белес – тың игеруге арналған. Тың игеру 1954 жылы басталды. Тың игеруге келгендерді орналастыру мақсатында қаланы жайластыру туралы шешім қабылданады. Ол кезде өзінің туған жері үшін, өз қаласы үшін жан-тәнімен беріле қызмет еткен Еркін Нұржанұлы Әуелбеков Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істегеді. Осы кісінің басқаруымен қала абаттандырылып, көпқабатты үйлер салынып, асфальт төселіп, бағдаршамдар қойылып, жаңа фабрика, зауыттар, кинотеатр, әуежай ашылды.

Қалада Қазақстандағы ірі алтын кен орындарының бірі «Алтынтау» АҚ орналасқан. 60-шы жылдары ашылған «Тыныс» АҚ су есептеу құралдары, өрт сөндіру құралдары, медицина, авиация, азаматтық қорғаныс құралдары шығарылады. «Көкшетауминводы» - Тәуелсіздіктің құрдасы. Бұл жерден «Тұран» биогендік суы, «Құлагер» минералды суы, арақ-шарап өнімдері шығарылады. Көкшетауда КАМАЗ-дар жиналады. «Диас» тігін фабрикасының жартығасырдан астам тарихы бар. «Кокшетаугормолзавод» шығаратын балмұздақ қаланың брендіне айналған.

Келесі суреттерде Президенттің Ақмола облысына келген сапарлары бейнеленген. Облыс әкімі Мәжит Есембаев кезінде Көкшетау қаласына берілген барлық сыйлықтарды музейге беріп отырған. Олардың ішінде «ВалютТранзитБанк» сыйлаған алтын «1000 теңге», Экология министрлігі сыйлаған алтын 10 000 теңге. Сувенир статуэтка – астана әкімінің сыйы.

Музейде Көкшетаудың денсаулық сақтау және білім беру салалары да өз орнын алған. Дәрігер Аншипа қаладағы тұңғыш дәрігер болса, Азаматтық соғыс кезінде науқастарды дәрігер Глаголев емдеген. Ол қалада кейін облыстық ауруханаға негіз болған уездік денсаулық бөлімін құрған. Суретте қала мен облыстың денсаулық сақтау ісінің үздіктері: Байкенов, Құрманбаев және т.б. бейнеленген.

Қаладағы ең көне оқу орындарының бірі – музыка мектебі. Ол өткен ғасырдың 20-шы жылдары ашылған. 30-шы жылдары қазақ педагогика училищесі ашылған. Соғыстан кейін қалада медицина училищесі ашылды. 1964 жылы ашылған политехникалық, педагогикалық және ауылшаруашылық институттарының негізінде 1996 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы университет ашылды.

Совет уақытында әр қаланың шетелде орналасқан бауырлас қаласы болды. Көкшетау қаласының шетелдік бауырласы болып 1989 жылы Американың Уокешо қаласы аталды. Комитеттің бірінші президенті Джейк Дьюкс – Көкшетау қаласының құрметті азаматы.  Қалалар арасында студенттермен алмасу үнемі жүргізіліп отырған. Медицина басты бағыт болған. Олар көптеген қазақстандық баланы құтқаруға көмектесті. Қалада екі театр орналасқан. Орыс драма театрының негізі 1977 жылы қаланған.

Қазақ драма театры 1996 жылы ашылған, жас театр. 2017 жылы Чернобыль апатының 30 жылдығына орай музейде экспозиция ашылды. Көкшетаулықтар осы қасіреттің салдарын жоюға өз үлестерін қосқан.

1930 жылы General Motors компаниясы шығарған «Кадиллак» маркалы американдық көлікті музейдің бірегей экспонаты деп атауға болады. Бұл көлікті Мәскеуде жұмыс істеген кезінде Куйбышев мінген. 1949 жылы көлікті Мәскеуден алып келген, сол уақыттан бері ол осында тұр.