Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Түріктер туралы Қытай деректемелерінде не жазылған

17105
Түріктер туралы Қытай деректемелерінде не жазылған - e-history.kz
Түріктер туралы Қытай деректерін негізге алған баянымызда, өткен бөлімді Күлтегіннің қайтыс болуымен аяқтаған едік.

Түрік қағанатының жойылуы

 

 

 

 

 

 

 

Сартаяқ санғұн Жан Чүй-и, әділет басқауылы Лүй Шяңдарға мөрлі хатпен барып көңіл айту және оған арнап мәңгітас орнату жөнінде жарлық шықты. Мәңгітастың мәтінін патшам өзі жазды, оған кесене тұрғызылды, тастан балбал ойылды, (мәңгітастың) төрт бетіне оның майдандағы ерлігі ойылды.

 

 

 

20 жылы Кіші шадқа оның өз бөліні Бұйрық чор у берді. Ол удан өлмей қалды да алдымен Бұйрық чорды жазалап басын алды, оның жандайшаптарын түгел қырды. (Білге қаған) қайтыс болған соң, елі оның ұлын Ынан қаған деген лауазыммен таққа отырғызды. Хантегін уәзір Ли Чюанға (Түрікке барып) көңіл айту, әрі Ынанға атақ беру, (Білге қағанға) арнап мәңгітас орнату, кесене салдыру, бітікші, күнделікші жанайдар Ли Рұңға мәңгітастың мәтінін жазу жөнінде жарлық шықты. Сонан жылға толмай Ынан аурудан қаза болды да оның інісі Теңлі қаған деген лауазыммен таққа отырды. Теңлі – хуашялықтардың тілінде йыңфo (қайтым) деген сөз. Теңлі өте жас еді. Оның шешесі, яғни Тонйұкұқтың қызы кіші дегд Үсе тарқанмен көңіл қосты, мемлекет билігіне араласты. Бұған бажақтар көнбеді.

 

 

 

Телінің екі көкесі қарулы күштерді бөліп басқарды. Шығыстағысы сол қол шад, батыстағысы оң қол шад аталды. Сайлауыт қосын да екі шадқа қарады. 28 жылы (740 жыл) патшам оң қол сартаяқ санғұн Ли Жыны мөрлі хатпен жіберіп Теңліні қаған көтерді. Көп ұзамай Теңлі мен оның шешесі батыстағы (оң) шадты Шырғалап басын алып, оның елін өзіне қаратып алды. Қатердің енді өзіне төнуінен қорыққан сол қол шад Теңліге қарсы әскер аттандырып, оны өлтірді де Озмыш қаған деген лауазыммен өзі таққа отырды. Сол қол шад та ел-жұртынан қолдау таба алмады. Басмыл ұлысы Ләшкер тартып бүларға тұтқиыл шабуыл жасады. Сол қол шад ойсырай жеңіліп, қашып кетті. Елі миша былықты. Батыс шадтың әйелі мен Бөгі чордың немересі Бөдеш тегін, Білге қағанның қызы Тайлақ ханша, Ынан қағанның кіші әйелі Өсейбек, Теңлі қағанның қызы Ұчық ханша, Абұс елтеберлер бірінен соң бірі ел-жұртымен келіп сарайға тізе бүкті. (Таң Шюанзүң заманы) тянбаудың 1 жылы (742 жыл) тамызда бағынған Лулар астанаға келді. Патшам оларға алдымен Шах бабалар ғибадатханасын зияраттауға бұйырды, онан соң сарайда қабылдап, Xya Ы сарайында қонақасы берді. Патшам осы оқиғаны баяндап өлең жазды (Жұңхуа кітап мекемесі 1975 жылы мамыр бірінші баспасы 1991 жылы желтоқсан Пекин 4-басылуы 5153-5178 бет).

 

 

 

Көне таңнама 194-бума, 144-баян түрік.

 

 

 

Батыс түрік асылында Теріскей түрікпен аталас еді, кезінде Мұқан қаған мен Ышбара қаған араздасты да, елі екіге айырылып кетті. Елі Үйсін елінің көне қонысын мекендеді. Шығысы Түрік еліне, батысы Лейжу (Арал) теңізіне, оңтүстігі Шәлік еліне, солтүстігі Қаңғайға түтасады, Чаң-Әнның солтүстігінен жеті мың ли жерде. Агни елінен солтүстік-батысқа қарай жеті күн жүргенде, Батыс түріктің күнгей ордасына, онан солтүстікке қарай тағы сегіз күн жүргенде олардың теріскей ордасына (Бесбалыққа) жетуге болады. Телек, Күсен және Батыс өңірдегі Ғy елдерінің бәрі соған қарайды. Батыс түріктердің ішінде Түрік және Нүшбе, Қарлық, Чоңұт, Чұмұл, Үбір сияқты әр түрлі аталар бірге қоныстанған. Ғұрып-салттары Түріктермен барандас келеді, тек тілдерінде ғана болар-болмас айырмашылықтар кезігеді. Батыс түрікте ябғу, тегін мансаптары қағанның ұлдары мен інілері және қаған нәсілінен тарағандарға беріледі, мұнан тыс, Іркін құтлы чор, емкүнтар (яғұнда), елтебер, тұдын сияқты мансаптардың бәрі ұрпақтан-ұрпаққа мирасқа қалып отырады.

 

 

 

Шора қаған Сүй Яндидың да-йе жылдарында (605-618 жылдар) інісі Күл Тарду шад пен Данай тегінді ертіп сарайға қол тапсыра келді әрі Яңдимен бірге Корейге жорыққа аттанып, Қарсана қаған деген атақ алды. Жянду бүлігінен кейін Юйуын Хуажиға еріп, Хыбейға оралды, Юйуын Хуажи жеңілген соң, Чаң-Әнға барып паналады, Таң Гаузу оны тағынан түсе құшақ жая қарсы алып, жанынан орын беріп, оған Әділеткер арда хан деген шен берді. Ол Гаузуға туыр інжу тарту етті. Гаузу: "Мына інжуің құнды-ақ екен, бірақ мен адалдығыңды онан да жоғары бағалаймын, інжу кісіге жолдас болмайды” деп көңілін аулап, тартуын қабыл алмады.

 

 

 

Ол Шібір қағанмен тегіннен өш еді. Астанаға келгенін білген соң, Шібір қаған патшаға кісі салып, оны өлтіруді талап етті, Гаузу мүнысын қабыл көрмеді. Уәзірлер: “Казір көнбей отырсыз, бірақ бір адам үшін, бір елден айырылып қалмайық. Кейін мұның зардабын тартып жүрерміз” деп жабыла насихат айтты. Гаузуға: "Мына адам барар жер, басар тауы қалмағандықтан, бізге пана іздеп келіп отыр. өлтіру әдiлеттiкке жатпайды" деп Тәйзұң ақыл айтты. Осылайша Гаузу көпке дейін бір байламға келе алмай дағдарып жүрді де ақыры амалдың жоқтығынан, Қарсананы ішкі сарайға шақыртып, онымен көсіле отырып шарап ішті, әбден мас болған соң Ішкі уәзірлікке жөнелтіп, Теріскей түріктің елшілеріне өлтіртіп тастады. Тәйзұң таққа отырғаннан соң оны рәсім бойынша қайта жерлетті.

 

 

 

Күл Тар шад алғаш тізе бүккен кезде Хүйниңде тұрды. Оған үш мың атты сарбазы бар бір ұлыс қарайтын. Ол Сүй патшалығының соңғы кезінде өзін Күл Тар қаған деп жариялады. (Таң Гаузу заманы) удының алғашқы жылдары (618 жылдар) әрмене екендігін білдіріп елші жібергендіктен, оған Туа Қаба Кул каған деген шен әрі мол сый-сияпат берілді. Көп ұзамай Ли Гүй тарапынан жойылды. Данай тегін Cүй әулеті (Янди заманы) да-йе жылдарында (605-617 жылдар) Қарсана кағанмен бірге Кіндік қағанатқа келіп паналады. Яндидың Ляудұңға жасаған жазалау жорығында көрсеткен ерлігі үшін оған алтын таңба-күлгін шашақты санаткер абыз деген лауазым берілді. Кейін өз ұлысымен Лоуфонға барып қоныстанды. Гаузу (Тәйюанда) көтеріліс жасағанда, Данай елімен келіп оған қосылды. Сүй сардары Саң Шянхы Имачуан деген жерде көтерілісшілерге сұрапыл шабуыл жасағанда олардың бірталайы жеңіліп шегінуге мәжбүр болды, тек Данай ғана бірнеше жүз атты сарбазбен жау қолына бейғам жатқанда тұтқиыл тап беріп, оларды ойсырата жеңіп, көтерілісші қосынының айбарын асырды. Сол үшін оған санаткер абыз деген лауазым берілді.

 

 

 

Астананы тыныштандыру кезіндегі ерлігі үшін оған бес мың топ торғын және Шы деген әулет есімі берілді. Удының алғашқы жылдары Тәйзүңның қосыны қатарында Шө Жүй қолын талқандады әрі Уаң Шычүңды тыныштандыруда, Доу Жянды, Лю Хитаны талқандауда жасаған үлкен ерлігі үшін үш сарай кәнизегі, түмен топтан астам әр алуан гүлді торғын тарту етілді. (Таң Тайзұң заманы) жынгуанның 3 жылы (629 жыл) талай реткі ерлігі үшін оң қол қаһарлы тоқсауыл тай санғұн және Фыңжоу түтығының тектеушісі болып тағайындалды, Доу ел-сұлтаны деген лауазым, үш жүз түтін иелік берілді. 12 жылы (638 жыл) дүние салғанда, қолғанат тай санғүн деген атақ берілді. Кезінде Қарсана Суй әулетіне қол тапсыра келгенде Янди оны қамап тастаған еді. Елі Қарсананың орнына оның әкесінің інісін Шағыр қаған деген лауазыммен таққа отырғызды.

 

 

 

Шағыр қаған – Tapду қағанның немересі. Таққа отыра, ол елінің іргесін кеңейте бастады. Оның табиғасы Шығыста Алтынтауға, батыста теңізге дейін жетті. Юйміннің батысындағы елдерді де өзіне қаратып, Теріскей түрікпен үзеңгі қағыстырды, ордасын Күсәннің солтүстігіндегі Сәнми тауына тікті, көп ұзамай дүниеден өтті, тағына інісі Тоң Ябғу қаған отырды. Тоң ябғу қаған ержүрек те, айлакер, жорықта ысылған адам еді. Ол солтүстікке шеру тартып Телектерді бағындырды, батыста парсылармен тіресті, оңтүстікте Копенге дейін қол созды, осы аралықтағы өңірлерді түгел өзіне қаратты. Оқшыларын Әлденеше жүз мыңға жеткізіп, Батыс өңірге үстемдік орнатып, ертедегі Үйсіндердің қонысына иелік етті. Ордасын Шаштың теріскей жағындағы Мыңбұлаққа көшірді, Батыс өңірдегі елдердің хандарына елтебер атағын берді, сондай-ақ ол елдердің ел билеу істеріне бақылау жүргізіп, алым-салық жинауга кузау салып отыратын бірден түдын тағайындады. Батыс нүмдар өмір бойы тап осы тұстағыдай күшейіп, нығайып көрген жоқ еді. (Таң Гаузу заманы) удының 3 жылы ол сарайға елші арқылы Тазидың әйдік жүмыртқасын тарту етті. Бұл кезде Теріскей түрік қатер төндіріп тұрған еді.

 

 

 

Гаузу олармен тізе қоса отырып теріскей бажаққа төтеп беру мақсатында елшісін аса қошаметпен қабылдады. Тоң ябғу 5 жылдың қысында қалың қолмен жорыққа шығамын деп уәде берді. Мұны естіп қатты шошыған Ілік қаған Тоң Ябғүмен тағы да ымыраға келіп, бір-біріне шабуыл жасамайтын болып келісім жасады. Тоң ябғү көп ұзамай сарайға қыз айттыруға жаушы жіберді. Гаузу уәзірлеріне: “Батыс түрік бізден тым шалғай жатыр, қысылтаяң күндер туа қалса, көмекке келе алмайды. Олар құдалық сөйлесіп отыр, қалай істеген жөн?" деді. Фың ды-и: “Қазір алыстағы елдермен берекелесiп, таяудағы елдерге жорық жасаудан асқан шара жоқ, әзірше Теріскей тиектің аптығын басу үшін құда андалыққа келісім беріп қойыңыз. Баска амалды бірнеше жылдан кейін Кіндік қағанат күшейіп, нығайып алған соң қарастыра жатармыз" деді. Гаузу қүда-андалыкка уәде берді. Гаупиң ханы Даулиды оларға елші етіп жіберу туралы жарлық шықты. Бүған Тоң Ябғү төтенше қуанды, бірақ Ілік қаған бірнеше жыл бойы әлсін-әлі шапқыншылық жасап түрғандықтан батыс бажакпен арадағы жол бекітіліп, құдалық іске аспады.

 

 

 

(Таң Тәйзүң заманы) жынгуанның 1 жылы (627) олар Інжу Тоң іркін мен Гаупиң ханы Даулиды жіберіп, сарайға жақүт көзді зер белбеу ұсынып, бес мың жылқы айдатты, осы кезде Тоң ябғү өзін өте құдіретті санады да, қол астындағы қараша халыққа қайыр Қылмады. Осылайша бұқарасы онан жери бастады, Қарлық тайпасы көтеріліс жасады, Ілік қаған Батыс түріктің кіндік қағанатпен Қүда-анда болуына қарсы болып, бірнеше дүркін шабуыл жасады және Тоң ябғұға кісі салып: "Егер Таң патшалығының ханшасын алатын болсаң, менің елімнің үстін басып өтерсің" деп доңыз айбат көрсетті. Тоң ябғуның мысы қүрып, қыз айттыру арманына жете алмады. Тоң ябғуны оның әкесінің ағасы өлтіріп, орнына қаған болды. Бүл Бағадүр Ізқүтлы би қаған деп аталды. Тоң ябғу ның өлімі туралы хабарды естігенде Тәйзүң катты қайғырды, оның қазасына асыл бұйым, торғын-торка өртеп, аза білдіру үшін елші аттандырды. Арада үлкен аласапыран болғандықтан, елші оларға жете алмай, бұл әрекет сәтсіз аяқтады.

 

 

 

Бағадүр Ізқүтлы би қаған тегінде Батыс түріктің бір қауым тайпасын бөліп билеп түрған кіші қаған еді, осы кезде өзін Батыс түріктің тай қағаны деп жариялады. Бұған елі көнбеді, Нүшбе үлысы жаппай Низек Баға шадты қаған етіп көтермек болды. Бұған Низектің өзі көнбеді. Сол тұста Тоң ябғұның ұлы Телік тегін Бағадұрдың зобалаңынан бой тасалап, Қаңлы еліне паналап жүр еді. Низек соны әкеліп Ілбіс Ышбара Сіл ябғу қаған деген лауазыммен таққа отырғызды. Бұлардың арасындағы соғыс толастамады. Сонан екі жағы да сарайға елші салып, қүда-анда болуға өтініш білдірді. Тайзүң: “Елдеріңнің жағдайы тынышталған жоқ, хан мен қараша арасындағы қатынастарың тұрақты емес, араларындағы соғыс толастамады, қалай қүда-анда болмақсыңдар" деп ризалық бермеді әрі әрқайсысың өз ұлыстарыңа иелік етіңдер, ендігі жерде бір-біріңе соқтықпаңдар. деп насихат айтты. Бұрын Батыс түрікке қараған Батыс өңір елдері мен Телектер олардан бет бұрып, іргесін аулақ салды.

 

https://www.youtube.com/embed/dRMP-UIzY2A

 

 

Сіл Ябғу қаған бұрынғы ханның ұлы болғандықтан, бұқарасы соны қолдады. Батыс жақтағы Түрік қаған мен Бағадүр қағанның қол астындағы үлыстардың ағамандарының бәрі соған қосылды. Бұлар Бағадүрға күш біріктіре жорық жасап, оны ойсырата жеңді. Алтынтауға қашып кеткен Бағадүрды көп ұзамай Түрік қаған өлтірді. Елі Сіл Ябғү қағанды тай қаған етіп көтерді. Ол билік басына келгеннен кейін Телектердің үстіне аттанды. Сонан Сір-енданың түтқиыл соққысына төтеп бере алмай, жеңілді. Сіл Ябгү мінезі қатыгез, күмәншіл, өсек-аяңға сенгіш, ел билейтіндей айласы жоқ жан еді. Іл қаған оған кезінде көп еңбек сіңіріп, кіші қаған деген шен алған болатын, бірақ бұл оны да ешқандай күнәсіз мерт етіп, түп-тұқиянымен құртты. Жұрты жанымызға кәдік деп онан қатты түңілді. Жайшылқта Низектен қатты айбынатын Сiл ябғү оған да астыртын қастандық жасамақ болды. Низек Агни еліне қашты. Осыдан кейін, Шетбе тарқан мен Түрік, Нүшбе үлыстарының ағамандары Сіл Ябғуға тізе қоса шабуыл жасады. Ол салт атпен қашып құтылып, Канлыға паналады, сонан көп ұзамай дүниеден өтті. Ел-жұрты Низекті Агнидан шақырып әкеліп, таққа отырғызды. Оған Түрік қаған деген атақ берілді. (Көне таңнама 194- бума 144- баян түрік. 286-317 беттер)

 

 

 

Түрік қаған Тарду қаған деп те аталды. Оның әкесі Баға шад тегінде Тоң ябғұға қарайтын еді. Ол астанаға уды жылдарында барды. Бұл кезде әлі де бектік дәрежеде тұрған Тәйзүң оны құшақ жая қарсы алды, төс соғыстырып дос болды. Ол қаған болған соң берілетіндігін білдіріп сарайға елші салды. Тәйзүң оған елші арқылы лауазымшен және дабыл, байрақ сыйлады. (Таң Тайзұң заманы) жынгуанның 7 жылы (633 жылы) мәмілегер кіші уәзір Лю Шән йынды елші етіп жіберіп, оған Тоңа Алып Қал би Түрік қаған деген атақ берді. Келесі жылында Низек өлді. Оның орнына інісі Тоңа шад таққа отырды, ол Ышбара Теліш қаған аталды. Ышбара Теліш қаған жынгуанның 9 жылы (635 жылы) сарайға қыз айттыру туралы өтініш қойып, тартуға бес жүз жылқы айдатты.

 

 

 

Сарай оған мол сый-сияпат көрсетіп, көңілін аулаған болса да, Қыз беру жөнінде келісім бермеді. Көп ұзамай оның елі он үлысқа бөлініп кетті. Әр ұлысқа бірден билеуші тағайындалып, бұлар он шад деп аталды. Әрбір шадқа бірден оқ берілді, сол себепті Он оқ деп те аталды. Он оқ өз ішінде сол және он қанатка бөлініп, әр қанатқа бестен оқ берілді Сол қанат Бес түрік ұлысы делініп, бес тай чор қойылды. Чорлар бір-бір оқты басқарды Оң қанат Бес нүшбе аталып, бес тай іркін қойылды. Іркіндер бір-бір оқты басқарды. Бұлар жалпы Он оқ делінді. Осыдан кейін бір оқ бір үлыс аталды. Үлкен оқбасылар ағаман деп аталды. Бес түрік ұлысы Сұябтың шығысына, Бес нүшбе ұлысы Суябтың батысына ірге тепті. Бұлар Он оқ бодүн деп аталды.

 

 

 

Теліш қаған кейін келе бұқарасынан қол үзіп қалды, жалпы халқы онан бет бұрды. Өзінің қол астындағы Тоң түдынның шабуылынан қолы торғайдай тозды. Теліш өз төңірегіндегі бірнеше жүз атты сарбазбен күшті қарсылық көрсетіп, сан мәрте майдандасты. Тоң түдын оны ала алмай шегінді. Сонан Теліш қаған өз інісі Бөрі шадка барып паналап, екеуі бірігіп Агниды ұстап тұрды. Ескіл Күл іркін мен Тоң түдындар ел-жұртын жиып, Үкек шадты тай қаған етіп көтеріп, Теліш қағанға кіші қаған атағын бермек болып келісті. Тоң түдынды көп ұзамай біреулер жайратып кетті. Ал Үкек шадтың колын (Теліш қағанның) іркіндері жеңді. Теліш қаған бұрынғы иеліктерін қайтарып алды. Нүшбе, Чүмүл сияқты ұлыстар Теліш қағанға берілді.

 

 

 

12 жылы (638 жылы) батыс үлыстары Yкек шадты Ілбіс Түрік қаған деген лауазыммен таққа отырғызды. Ілбіс Түрік қаған билікті Қолына алған соң, Теліш қағанмен кескілескен соғыс жүргізді, сонан көп адамынан айырылған екі жақ та шегінді. Теліш қағанмен арада жер бөлісі болды, Іле өзенінің батысы Түрiкке, шығысы Телiшке тиді. Түрік қаған Сұғат тауына тағы да орда тікті, бұл теріскей орда (Бесбалық) деп аталды. Құтаршет, Басмыл, Алайонтлы, Керғұр, Хорезм, Шөмекен сияқты елдер соған қарады. 13 жылы (639 жылы) түдын, елтеберлер мен Үкек шадтың сөз байласқан арандатуына тап болып, тығырыққа тірелген Теліш қаған Перғанаға қашып барып, сол жерде өлді. Нүшбе ұлысының атамандары Теліш қағанның орнына оның інісі Қананың ұлы Бопы тегінді таққа отырғызды, ол Ілбіс Ышбара Ябғу қаған деп аталды. (Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. 4-том. 253-291- беттер)

 

 

 

Ілбіс Ышбара ябғу қаған билік басына шыққан соң Сүғап суының теріскейінен орда тігіп, оны күнгей орда деп атады, елін шығыс іргесі Іле өзеніне дейін жетті. Күсән, Пышамшан, Самут, Тохар, Агни, Шаш, Кеш, Кай, Мургаш (Мера), Қаңлы елдерін түгел шылауында ұстады. Сарайға талай мәрте елші жіберіп тарту тартты. Тәйзүң оған таңбалы хат жолдап, медет берді. Жынгуанның 15 Жылы (641) сол қол күтaуыл санғұн Жаң Дашыға қағанға берілетін шен Және дабыл, байрақты тапсырып келу жөнінде жарлық шықты. Осы кезде Түрік қаған мен Ябғұның арасында жиі-жиі қақтығыс туды. Түрік (қаған) сарайға елші салды, Тойзүң оған көршілермен тату болуды дәріптеп ақыл айтты. Кейінірек Түрік (қағанның) жасағы бірте-бірте күшейді де, Батыс өңірдегі елдер түгел соған бағынды. Көп ұзамай Түрік (қаған) Ябғұға қарсы Шаш елінің түдынын қайрап салды. Бұлар оны тұтқындап, Түрік (қағанға) тапсырды да, ол өлтірілді.

 

 

 

Түрік қаған елін бірлікке келтірген соң, Нүшбелер іштей енжарланып, онан бет бұрды. Түрік қаған Тохарға қарсы жорық жасап, оларды талқандады.

 

 

 

Сонан мығымсып, Батыс өңірге баса билік жүргізу үшін жорықшыларын Үбір дуанына қарай аттандырды. Әнши басқағы Го Кы екі мың атты сарбазбен Ұгур (оғыз) жолынан шабуылдап олардың бетін қайтарды. Түрік (қаған) Чоңүт, Чұмүлдарды айдап салып, Тәңіртау ауданын қоршауға алды. Го Кы оларды жасқап тастады да, Чоңүт іркін түрған қамалды басып алды. Жауды Арсак тауына дейін өкшелей соққылап, мыңдаған адамның басын кесті, сонан Чүмүлдарды бағындырып қайтты. Ұлысының мал-мүлкін қалағанынша қымқырды деп Түрік қаған Низектің басын алған еді. Көп ұзамай Низектің аламан сардары Құлекенің шабуылынан (Түрік) қолы торғайдай тозды, елі үлкен аласапырандыққа түсті. Жынгуанның 15 жылы (641) өз қол астындағы Оғыл чор сияқты адамдар Түрік қағанды тақтан тайдыру туралы ақыл қосып, сарайға басқа бір қаған тағайындау туралы Өтініш айтып, кісі салды. Тәйзүң елшіден таңбалы хат жөнелтіп, Баға чор Ілбіс қағанның ұлын Ілбіс Шағыр қаған деген лауазыммен таққа лайықтады.

 

 

 

Ілбіс Шағыр қаған таққа отырған соң, Нүшбе Қолын Ақсуға аттандырып, Түрік (қағанға) шабуыл жасады. Өз жұртынан Қолдау таба алмайтынын сезінген Түрік батысқа қарай Тохар еліне ығысты. Шағыр қаған осының алдында Түрік қаған қамап тастаған Кіндік қағанаттың елшілерін жосын бойынша босатып, ат-тұрманын жабдып, Чаң-әнға жолға салды. Онан кейін елші арқылы жергілікті бұйымдардан тарту тартып, қыз айттыруды өтінді. Тайзүң онысын қабылдады. Енші ретінде Күсән, Ұдүн, Шәлік, Чүгүпан, Көгарт сияқты бес елді боліп беру туралы жарлық ШЫҚТЫ. Тойзүң дүниеден көшкен соң, Ашна Қара опасыздық жасап Шағыр қағанның ұлысын өзіне қаратып алды.

 

 

 

Ашна Қара – Eбол шад Шағыр тегіннің ұлы. Алғашқыда Ашна Бүтін алдымен бодан болды. Түрік қаған Ашна Қараны ябғу етіп тағайындап, оған Ашна Бүтіннің иелігін берді, халқы Талас суының аңғарын мекендеді. Ол Ши Жоу дуанының солтүстігіндегі бір мың бес жүз Ли өңірді алып жатқан Чұмұл, Чоңұт, Қасу, Қарлық, Нүшбе сияқты бес тайпа халыққа үстемдік жүргізді. Кейін Түрік қаған Тохар еліне қарай қашқан кезде Шағыр қағанның қолы оны Өкшелей соққылады да, Ашна Қара тұрақты мекенінен айырылды. Жынгуанның 22 жылы (648) ол ел-жұртымен сарайға берілді.

 

 

 

Бұлар патша жарлығымен Тиңжоу дуанына қоныстанды. Көп ұзамай оған сол қол аду тоқсауыл санғұн, Яучы түтығы деген лауазым берілді. Гаузұң таққа отырған соң, сол қол аду тоқсауыл тай санғұн болып көтерілді де, бұрынғысынша Яучы тұтығы болып отыра берді.

 

 

 

(Таң Гаузұң заманы) юнхүйдың 2 жылы (651) Ашна Қара өзінің ұлы Терғұнмен бірге жұртын бастап батысқа қарай Қоныс аударды да Түрік қағанның иелігін иемденіп, Батыс өңірдегі аудандарды биледі, ордасын Екіөгіз бен Мыңбұлаққа тігіп, Ышбара қаған деген лауазыммен Он оқ Түрік, Нүшбе ұлыстарына билік жүргізді. Соның ішінде Түрік бес чор еді: бірінші, Шөмекен Лы чор, екінші, Күлік Күл чор, Ашна Қара қызын соған ұзатқан, үшінші, Шеп шад Тон чор, төртінші, Түргеш Қалаш чор, бесінші, Шаныш Шопан чор.

 

 

 

Нүшбе бес іркін болды: бірінші, Ескіл Күл іркін, ең мықтысы осы еді. Екінші, Қасу Күл іркін, үшінші, Барсыған Тон Ышбара іркін, төртінші, Ескіл Низек іркін, бесінші, Қасу Шопан іркін еді. Бұлардың да өз ұлыстары болды, соғысқа жарамды бірнеше жүз мың атпал азаматтары бар еді. Бұларды да Ашна Қара шылауында ұстады. Батыс өңірдегі елдердің дені соған қарады. Ашна Қара көп ұзамай Терғұнға Бағадүр ябғү деген лауазым берді. Сосын батыс бажақтың ұлыстарына талай рет шабуыл жасады, Тиңжоу дуанына да арандату жүргізді. 3 жылы (652 жылы) сол қол мыршап тай санғүн Ляң Жянфаң, оң қол аду тоқсауыл тай санғұн Қыбыт Қалықтарға Өнен басқа ғына қарайтын Құйғырдың елу мың атты сарбазын бастап жорыққа шығу туралы жарлық шықты. Бүл жорықта ілгеріндікейінді бес мың адамның басы кесіліп, алпыстан астам ағаманы тұтқынға алынды. 4 жылы (653 жылы) Түрік қаған қайтыс болды, оның ұлы Інжу ябғү Бес нүшбе ұлысымен тізе қоса, Ашна Қараға шабуыл жасау туралы өтініш жасады. Сонан оның ордасын талқандап, мыңнан астам адамын жайратты.

 

 

 

(Таң Гаузүң заманы) Шянчиңның 2 жылы (657 жылы) оң қол тұрғауыл санғүн Су Динфаң, Өнен басқағЫ Рын ЯшЯң, кеми басқақ Шяу Сы-йе, сол қол аду Тоқсауыл тай санғұн, Қаңғай түтығы Құйғыр Бонендер қалың Қолмен жазалау жорығына жіберілді, онан тыс, оң қол қаһарлы тоқсауыл тай санғұн Ашна Міші, сол қол тұрғауыл тай санғұн Ашна Бүтін аға жебеуіл болып аттанды. Су Динфаң қолы Ертістің батыс аңғарына жеткен кезде (Ана) Қара бастаған Күлік Күл чорлардың жиырма мыңнан астам атты сарбазы шеп құрып күтіп тұрған еді. Су Диңдаң кеми төбенай Рын Яшяңдарды бастап олармен айқасты.

 

 

 

Қарақшылар ойсырай жеңілді, Түтап тарқан секілді екі жүзден астам төбе үлыс басылардың басы алынды, Кара мен Күл чор салт атпен кашып кетті, Іле өзенінен өткен кезде тағы да толы жатқан сарбаздары ат-көліктерімен суға кетіп өлді. Шяу Сы-йе Караның ордасы тігілген Мыңбұлаққа дейін қуып келді. Ашна Міші де Іле өзеніне ат басын тіреді. Чоңүт, Чүмүл сияқты ұлыстар тайлы-таяғымен келіп тізе бүкті. (Ашна) Міші онан әрі ілгерілеп Екіөгізге жетті, (Ашна) Қара Бүшер тарқанға бытыраған жасағын жиып, қамал қүрып, қарсы шайқас жасау туралы әмір берді. Міші мен Бүтін де шабуылдап, оларды қатты шығындады әрі Қараға Суяб өзенінің бойында Су Диңфаңмен тізе қоса шабуыл жасап, оны да ойсырата жеңді.

 

 

 

Паналау мақсатымен Қара мен Терғүн Шөнеу шадқа бұрылды. Олар ашығып және ат-көліктері болдырып, Шаш елінің Сұдырбалық қамалына әрең жетті. Қамал басы Ынал тарқан алдарынан азық-түлік, арақшарап алып шығып өтірік күткен болды, олардың сөзіне сеніп қамалға кірген Қараны қамап тастады. Шяу Сы-йе шашқа келгенде, Шөнеу тарқан Қараны оларға табыс етті. Кара Сы-йеға: "Казір мен шаңырағы күйреген елден түскен түтқынмын. Марқұм патша мені төтенше есіркеп еді, мен оған опасызлық жасадым. Бүгін тәңірдің қарғысына үшырап жеңілдім. Хәндіктердің қылмы тыны астанада өлімге бұйыратын заңы б деп естуші едім, мені де астанада өлтірсене Алдымен Жаулиң кесенесіне тағзым жасап марқұм патшадан кешірім сұрайын, бар тілегім осы” деді. Мұны естіп Гаузүң оны мүсіркеді. Қараны астанаға әкелген сон. Жаулиң кесенесіне және Шах бабалар Ғибадатханасына атау рәсімін өткіздіріп, онан өлім жазасынан кешіру жөнінде жарлық шығарды. Жүртын Күнлиң, Мыңчы сияқты екі басқақтық құрып жеке-жеке орналастырды. Оған тәуелді елдерді дуан-түтықтарға бөлді, батысы Парсы еліне дейінгі жерлер Әнши басқағына қаратылды. Қара 4 жылы (659 жылы) дүниеден өтті. Сүйегі жарлық бойынша Ілік қағанның қабірінің жанына жерленді. Осы оқиғалардың бәрі тасқа ойылып жазылды.

 

 

 

Ашна Міші - Істемі қағанның жүрежаты. Бастапқыда Істемі Тәңірқұттың қызметінде болып, он ағаманды басқарды, оның жүз мың сарбазы болды. Ол Батыс өңірдегі Ғy елдерін бағындырған соң, өзін қаған деп жариялады. Қоластындағы бұқарасы Он оқ бодүн деп аталды, оларды ұрпақтан-ұрпаққа биледі. Міші бұрын Бағадүр ябғү болған еді. Жынгуанның 6 жылы (632 жылы) мәмілегер кіші уәзір Лю Шән-йынге бағын елге барып, оған Қал би Түрік қаған атағын беру, дабыл, байрақ және түмен топ торғын-торқа тарту ету туралы жарлық берілді. Оның аталас ағасы Бүтін өз алдына қаған болу үшін Мішінің інілері мен ағасынан туған бауырларынан жиырмадан астам адамды қастандықпен өлтірді. Сонан Miшi мен Бүтін арасына жік түсті де жынгуанның 13 жылы (639) қол астындағы Чоңүт, Чүмұл ұлыстарын бастап, сарайға берілді. Сарай оған оң қол сақтауыл тай санғұн деген шен сыйлады.

 

 

 

Кейін Бүтін өзін Түрік ябғү деп жариялады, қол астындағы ұлыстардың бірталайы бағынбай Оны тастап жай-жайына кетті. Сонан Бүтін де қатын балаларымен сарайға паналады. Оған сол қол тұрғауыл тай санғұн деген шен берілді.

 

 

 

АШна Miшi кейін Тәйзүңның қосыны қатарында Корей жорығына қатысып ерлік көрсеткендіктен, оған Пхеньян кіші дарқаны деген лауазым берілді, Шянчиңның 2 жылы (657 жыл) оң қол қаһарлы тоқсауыл тай санғүн. Болып көтерілді. (Ашна) Қара тыныштан дырылған соң, Miшiге тағы Жаңғырған қаған, оң қол тоқсауыл тай санғұн, Күнлиң басқағы деген лауазымдар берілді, басқа руына бұрын Қараға қарайтын Бес түрік улысы бөлінді. Ашна Бүтінге Жалғас қаған, он кол тоқсауыл тай сангүн, Мынчы басқағы деген лауазымдар беріліп баскаруына Бес нушбе үлысы қаратылды. Оларға мынадай жарлық шықты: "Батыс бажақ аласапыран болғалы отыз жылдан асты. Таяуда Ашна Қара қүтырынып, бұқара тағы да күйзеліске үшырады. Мен төңіректің төрт бұрышына әмір жүргізген патша ретінде халықтардың бәріне қамқор боламын. Зүлымдардың халықты қан қақсатып, бейкүнә бүкараны ұзақ уақыт күйзелтуіне жол бермеймін. Сондықтан оң қол түрғауыл санғүн Су Динфаңдарға ержүрек атты сарбаздарды бастап теріскей бағыттан жорық жасаңдар деп бұйырдым. Сендер сарайдың әмірін оңды түрде насихаттай отырып, күнгей бағыттан тыныштандыру жүмысын жүргізіп, ең соңында сүмырайларды еліміздің әскери айбарынан сескендірдіңдер, жат қауымдарды біздің мағрипатымызға қызықтыра білдіңдер. Опасыздарға жазалау жорығын жасап, берілгендерге мейірбандық көрсету арқылы Батыс өңірді тыныштандырып болдық. Қара әкелі-балалы екеуі қолға түсті. Барша ұлысқа қалайда бір адам қолбасылық етуге тура келеді. Сендер сарайға әлдеқашан жүгінгенсіңдер, көптеуіл дер қатарында ұзақ болып, әділеттіктің мәнін терең сезіндіңдер, заңдық нормаларды терең түсіндіңдер. Сондықтан сендерді бір бір ұлысты басқаратын қаған етіп тағайындадым. Он оқ бодүн Ашна Қараға өз еріктерімен бағынған емес. Сендер келе сала олар дереу тізе бүкті, яғни біздің елге адал жүрегін бағыштады. Сендер Лу Чыңчиндермен бірге ұлыстардың үлкен-кішілігіне, мәртебесінің жоғары-төмендігіне орайластырып, дуанбасыдан төменгі үлықтарды тағайындауға құқықтысыңдар".

 

 

 

(Таң Гаузүң заманы) лүңшо жылдары (661 663) Miшi мен Бүтінге Юйхәй бағыТының аға төбенайы Cy Xәйжыңмен Күсәнге жорық жасау туралы тағы бір жарлыҚ ШЫҚТЫ. Бүтін Мішінің ұлысын өзіне қаратып алғысы келіп жүрген еді. Сондықтан Су ХәйЖыңға құпиялап: “Міші бүлік тудырғалы жүр, бір амалын тауып көзін жоғалт” деді. Бұл кезде Су Хәйжың бірнеше мың әскермен Міші иелігіндегі өңірде оқшау тұрып жатқан еді. Ол қолбасыларын шұғыл жинап алды да Оларға: “Егер Міші бүлік тудыратын болса, іздің бірде біріміз тірі қүтылмаймыз, қазір Гдын ала қамданып қалсақ, жеңіп шығуымыз мүмкін” деп ақыл салды. Осылайша жарлық келіпті, аға төбенай қаған мен ұлыс басыларға бірнеше миллион топ торғын таратады екен деген дақпырт таратты. Міші Нөкерлерін бастап сыйлықты алмақшы болып барған кезде, Су Хәйжың оларды түгел Қырып салды. Осының артынан батыс бажақ Міші бүлік тудырмақшы емес еді, Су Хойжың Бүтіннің жалған жаласын тексеріптектемей албаты қырғыншылық жүргізді деген сөздерді желдей гулетіп жатты.

 

 

 

У Зытян уақытша сарай жұмыстарын жүргізіп тұрған кезде, Он оққа бірнеше жыл бойы билеуші қойылмай, ұлысының көбі Торғайдай тозып кетті. (У Зытян заманы) чүйгүңның алғашқы жылдары (685-688 жылдар) Miшiнiң ұлы сол қол бабыр тоқсауыл қосалқы нөкер сардар Мереке сол қол ұлан тоқсауыл санғұн және Күнлиң басқағы болып Көтерілді. Оған Жаңғырған қағанның лауазымына мұрагерлік етіп, бес түрік ұлысын басқару туралы жарлық шықты. Бүтіннің ұлы (Ашна) Құшыра оң қол ұлан санғұн және Мыңчы басқағы болып көтеріліп, Бес нүшбе ұлысын басқаратын болды. Көп ұзамай Мерекеге сол қол тоқсауыл тай санғұн деген шен берілді. (У Зытян заманы) Ру-идың 1 жылы (692 жыл) ол Ләй Жүнчынның жаласымен бүлік тудырғалы жүр дейтін қылмыс қылмыс тағылып, қастандыкка үшырады. Кезінде оның ұлы (Ашина) Ған Яжоу дуанына айдалған еді, (У Зытян заманы) Чаң-әнның 3 жылы (703 жыл) шақырып әкелінді, соғыста көрсеткен көп реткі ерліктері үшін оң қол аду тоқсауыл тай санғүн болып көтерілді әрі окесінің Жаңғырған қаған дейтін лауазыМына мұрагерлік етіп, Он оқты жәлдеуші аға жебеуіл етіп тағайындалды. Ұлысын біртебірте Бөгі чор мен Үшелiк жаулап алғандықтан Ған өзінің еліне қайтып бара алмады. (Таң Шюанзүң заманы) Кәйжан жылдары (713-741 жылдар) сіңірген ерлік еңбектері жинақталып оған оң қол сартаяқ тай санғүн лауазымы берілді, кейін Чаң-Онда дүние салды.

 

Ашна Бүтін өз елінде сол қол түрғауыл тай санғүн еді, мышымен бірге Қараны тыныштандырған соң, шығауыл тай санғүн деген лауазым қоса берілді, ал іс жүзінде оң қол тоқсауыл тай санғүн, Мыңчы басқағы, Жалғас қаған деген лауазымдармен Бес нүшбе үлысын биледі. Сонан көп ұзамай өлді. Оның үлы Құшыра өз елінде Бөрі шад атанып еді. (У Зытян заманы) чүйгүңның алғашқы жылы (685 жылы) оң қол ұлан санғүн. Мыңчы басқағы деген шендер беріліп, Жалғас қаған лауазымына мұрагерлік етіп Бес нүшбе үлысын биледі. (У Зытян заманы) Тяншоудың 1 жылы (690 жылы) сол қол тоқсауыл тай санған болып тағайындалып, лауазымы Риясыз бейкүнә қаған деп өзгертілді де, бүрынғысынша Мыңчы басқағы болып тұра берді. Көп ұзамай дүние салды. Оның ұлы Ашна Оңғарға (Таң Жүңзүң заманы) шынлұң жылдары (705-706 жылдар) іркес-тіркес оң қол тұрғауыл тай санғұн, санаткер уәзір деген шендер берілді. Кейін көлік уәзірі, Мыңчы басқағы және Он оқ қағаны болып ауысты. Чүйгүң жылдарынан соң, Он оқ ұлысы Түрік Бөгі чордың шабуылына ұшырап, өлгені Өліп, тозғаны тозып жоғалды. Құшыра соңынан ерген бар-жоғы алпыс-жетпіс мың адамымен ішкі өңірлерге барып қоныстанды. Батыс түрік Ашна әулетінің үстемдігі осылай аяқталды. (Синь Тан шу. Батыс түрік баяны). 215-бума. 

Пайдаланған әдебиет: «Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» 2-,3-,4-томдар.

Есбол Нұрахмет

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?