Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Нумизматикалық көрсеткіштері бойынша Сарайшықтың тарихынан (XIV-XVI ғғ.)

2315
Соңғы жылдары отандық тарихи зерттеулерде Алтын Орда империясы дәуірлерінде Еуразия даласында болып өткен этномәдени үрдістеріне деген қызығушьшық артып келеді.

Соңғы жылдары отандық тарихи зерттеулерде Алтын Орда империясы дәуірлерінде Еуразия даласында болып өткен этномәдени үрдістеріне деген қызығушьшық артып келеді. Жошы ұлысының жерінде аталмыш тарихи дәуірлерде экономикалық жүйесі мен әкімшілік орталықтары болған жүздеген калалар бой көтерді. Сол қалалардың бірі империяның орталық пен шығыс провинциялары арасындағы байланыстарын қамтамасыз етіп тұрған Сарайшық (жазба деректері мен нумизматикалық материалдарда Сарайджук, Сараджик, Сараджук) болды. Аталмыш қаламен Алтын Орданың және кейінгі ортағасырлық Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының, мәдениетінің, экономикасының трансформациялық дәуірлері тығыз байланыста өрілді.

Сарайшықтың тарихы мен археологиясына байланысты еңбектерде, өкінішітісі сол осы күнге дейін оның сан ғасырлық тарихына қатысты жан- жақты мәселелер егжей-тегжейлі қамтылмай келеді. Қаланың тарихы жайында зерттеушілердің көзкарасы да бірқалыпты емес, кейбіреулерінің пікір ойы тіптен нақты материалдармен де дәйектелінбей жүр. Сондықтан археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері Жошы Ұлысының тарихы мен мәдениетін зерттеуде ерекше маңыздылыққа ие болып тұр. Осы тұрғыдан нумизматикалық материалдар аса құнды әрі жаңаша бағамдауды қажет етеді. Оларды сол дәуірлерде соғылып шығарылған, барлық адамдарға мәлім болған, ақша айналымына қолданылған айғақтар, бір сөзбен айтқанда ресми құжаттар деуге болады. Сондықтан тек қана нумизатикалық материалдар — Алтын Орданың өмір сүрген уақытымен сабақтасқан оның сауда-экономикалық байланыстары мен мемлекеттің саяси тарихын көрсете алатын нақтылы дәйекті деректер болып табылады.

b7c9ad4890868b72d304f345a86b4467.jpg

Жошы хан. стамбұлдағы топқапы сарайының мұражайы. Байсұңқар альбомы. №2152, 43а. 

Сарайшықтың зерттеулеріне арналған ғылыми еңбектерде қаланың тиындары турасында алғашқы мәліметтер ретінде бірең-сараң мақала қана жарық көріпті.

Кейбір зерттеушілер Сарайшық қала ретінде құрылуын XIII ғасырдың ортасынан бұрын деп есептеген. Алайда сол заманға қатысты нумизматикалық материалдар қазірше табылмады.

Қала Жайық өзені жағалауындағы әсем табиғатты жерде орналасқан, бұл жер бұрынырақ тұрғын қоныстар мен қолайлы өткілік болған тәрізді.

Қазбалардың біреуінің төмеңгі қыртыс қабатынан шақпақ тас қырғыш, қола дәуірінің келсабы, ерте темір ғасырлық жебелер табылған.

Соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулер барысында ХІ-ХІІ ғасырдың тұрғын үйлері болғандығының белгісі боларлықтай азғана зат бұйымдар атап айтқанда, қолмен жасалынған қыш ыдыстар табылды.

Ортағасырлардың алғашқы кезендерінің құрылысы болғанын аңғартатын жер қабаты өзен ағысымен шайылып кетті немесе XIII ғасырда салынған үй құрылыстардың орнын жобалау кезінде жойылып кеткен болуы мүмкін Ол жайында ХҮІІ ғасырда османдық Қажы Халифтың жылнамасында былай делінген: «Яик (Жанку) жагалауында С.ван.ж. (немесе С.ваи.х) деген қала бар, ол құмандардың астанасы болды, одан кейін жаңадан салынып онда ноғайлар қоныстанган, қазір олардыц хандары өмір сүреді» (Трепавловтың сілтемесі бойынша. 2002,226 б.). Қажы Халиф құмандар деп Алтын Орда дәуірінің тұрғындарын атаған болу керек, солай атауы оған занды еді, өйткені бұл этноним ұзақ уакыт қолданылған еді. Бұл мәліметтің көп мағыналы болуына қарамастан XIII ғасырдың ортасында Сарайшық өмір сүріп жатқан еді. Елбарыстың (1512- 1525ж.) хатшысы болған Өтеміш қажы өзінің «Шыңғыснама» туындысында Алтын Ордаға шабуыл жасаған Елхан Құлағұ хан (654/1256-663/1265) мен Берке хан (655/1257-665/1266) соғысын баяндауда Берке хан Бұхара шейхінің оң батасын алып таққа отыру үшін аттанған болатын. «Ол Сарайшыққа бара жатқанда оның айналасында бес жүз адам жиналды. Сарайшықтан өтіп Еділ өзені жагалауына жеткенде мың бес жүз адам болган-ды... Дәшті уалаяты Берке ханға багынган кезде көптеген дінсіздерді ол исламға қаратқан еді» (Утемиш-Хаджи, 1992, 97, 99 б.) делінген.

Хиуа әміршісі Әбулғази Баһадүр хан (1644- 1664ж.): «... сол уақытта бірдей Берке хан да, оның ағасы негізін қалаған Сарайшыққа аттанды. Ол Бұхарадан келген ірі керуенді көрді» (Абулгази Бахадур-хан, 1966, 99 б.) деп жазған. Басқаша айтқанда, жазба деректер бойынша Сарай қала мәртебесін Баты хан (1227-1255ж.) билеген.кезеңінде алған. Стартегиялық тұрғыдан Еуропа мен Кіші Азиядан Хорезм, Қытай аймағына тартқан трансқұрылықтық маңызды керуен жолдары бойынша орналасқандықтан Сарайшық сауда орталығының ірі өткілігі ғана болмаған, сонымен қатар Алтын Орданың астанасынан мемлекеттің шығыс провинцияларына, яғни Хорезмге жүргізілетін басқа ру тетігінің маңызды қаласына айналды.

Қазірше қаладан табылған ең көне тиын Баты ханның немересі Меңгү-Темірдің (1266-1282 ж.) билігі кезінде соғылған дирхем. Ол қаланың төмеңгі мәдени қабатынан табылды және Еділ бойындағы Үкек қаласында шығарылған. Сол кезеңдерде Меңгү-Темірдің атымен ордалық Бұлғар, Қырым (Солхат) қалаларында және ол билік жүргізген Сарай, Биляр, Керман, Хорезм қалаларын да да тиын соғылып жатты. (Савельев, 1858, 269 б.; Сингатуллина, 2003, 32-37, 120-128 б.) Үкектің дирхемдері жалпы өте жұқа әрі қоспасы сапасыз күмістен жасалынып тұрған. Аталмыш дәуірдің тиындарында алғаш рет Жошы ұлысы хандарының аттары жазыла басталды. Бұрын Ұлыстың тиындары марқұм халиф Насыр-ад-диннің атымен шығатын еді. Г.А.Федоров-Давыдовтың пікірінше осындай дирхемдер Берке хан (1257-1266 ж.) тарапынан соғылып мемлекетте исламды уағыздап насихаттауға арналған болатын (Федоре Давыдов, 2003, 10 б.). Қалған дирхемдері оған ұқсас әрі оларда Шыңғыс ұрпақтарының таңбасы бедерленген еді. Ол кезде мемлекет Қарақорым орталықты моңғол империясының құрамында болатын Берке ханның тұсында моңғол империясынан бөлектеніп Жошы ұлысының дербестігі күшейе бастады, оның белгісі іспетті ол кездері тиын ақшаларда мұсылмандық символдар пайда болды. Дәл Меңгүр-Темір заманында Алтын Ордалық хандардың атымен алғашқы тиындар соғыла басталды. Тиындарда хандарға қатысты «сұлтан», «ағзам» (ұлық) деген мұсылманданған атақтар мен сөз тіркестер пайда болды. XIII ғасырда Жошы ұлысының шығыс аймағына қарасты жерлері біртіндеп дербес өмір сүре бастады да, одан Ақ Орда деп аталды. Ақ Орда жеріне Жетісудың шығысы, Ертіс, Ұлытау, Қаратауға дейінгі дала, одан Сырдарияның ортаңғы тұсы кірді. Бұл өңірді Баты ханның ағасы Орда Еженнің ұрпақтары биледі.

XIII ғасырдың соңына қатысты Сарайшықтың тағы бір тиын түрі Меңгү-Темірдің ұлы Тоқты немесе Тоқтоғұның атымен байланысты. Ол 1290-1312 жылдары билік құрды. Ең бір қызықты тұсы да сол, Әбілғази Баһадүрдің айтуынша Тоқты оның әкесі Меңгү-Темірдің сүйектері Сарайшықтың қасиетті орнында (пантеонда) жатыр (Абулгази Багадур-хан, 1966, 396.). Тоқтыны әкесімен бірге жерлеудің себебі ол тек қана оның қарапайым ұлы болғандықтан емес, сонымен бірге әмірші билеуші, мемлекет тұғырын бекітіп жалғастырушы ретінде шьглған болса керек.

a09762036810c298fd2c0bea320be01c.jpg

Батұ Жошы ұлы. Стамбұлдағы Топқапы сарайының мұражайы. Байсұңқар альбомы. №2152, 43 а

Тоқты Меңгү-Темірдің ең кіші ұлы болғанына қарамастан балғын шағында хан тағына мұрагер болды. Алайда сол заманның кезекті ала сапыранын басқарған аса адуынды Ноғай әмір оны тақтан тайдырды. Сол-ақ Ноғайдың көмегімен Тоқтының туыстары хан тағын иеленді. Тоқты амалсыздықтан қашуға және өзінің сәтін күтуте мәжбүр болды. Оның сәтті шағы да ер жеткенде келді. Бірнеше жылға созылған қан төгісі мол соғыс пен қайсарлықтың түбі оны 1290 жылы хан тағына жеткізді, көп ұзамай ол 1299 жылы Ноғайды жеңіп дарабилікті хан болды. Тоқты өзінің болашақ тағына отыру үшін Ноғайдың ықпалы басым болған Жошы ұлысының орталығы Бұлғар мш Қырым ұлысынан алыстағы Сарайшықта үзеңгілестерін ұйымдастырды деуге толық негіз бар (Савельев, 183 б.).

Оның билік құрған кезеңіне байланысты Сарайшықтан табылған хұлағұд елхандардың (ирандық) тиындары жатады. Ол тиындар мұнда Иранмен жүргізген саяси-әскери қатынастары мен сауда-экономикалық байланыстар нәтижесінде келсе керек. Қашан Хұлағұдың әскерлері Иранды жаулады, сол сәттен-ақ Хұлағұ мен Берке арасында талас тартыс үдейе өрши түсті. Оның негізгі себебі де тұрмысқа қолайлы да маңызды әзербайжан жері болды. Бұл жер үшін жүздеген жылға созылған күресте жеңіс бір қолдан екінші қолға алма-кезек өтіп жатты. Ортақ мүдде бола қалғанда күрес-талас та тоқтап, дамыл алатын.

Оның себебі Иран мен Жошы ұлысы хандарының теке тіресінде көшпелі ақсүйектердің жерді жаулап алу пиғылының астарында яғни жауланған жерді ақылмен пайдалану мүддесінде болды. Сондай-ақ жалпы экономикалық үндестіктер, әкімшілік құрылысының сонымен қабаттас ақша айналымының ұқсастығында да болды. Иранда да, Жошы ұлысында да негізгі ақша бірлігі алты дирхемға сай еді. Тиындарында атып келе жатқан күн мен арыстан бейнелері, геометриялық торлар және т.б. ортақ кескіндер болды. Сауда мен ақша жүйесін реттеуде айна қатесіз реформалар жүргізді. Демек Иранды билеген Ғазан мен Ұлысты билеген Тоқты кездерінде белгілі бір келісім бойынша іс шаралар жүргізілген көрінеді. Сондықтан Сарайшықтан иран тиындары табылуы таң қаларлық құбылыс емес (Федоров-Давыдов, 2003, 30 б.).

Тоқтоғү билікті қолға алған соң оны бекем үстай білу керек-ті. Ноғайды жеңгені барлығын жеңді деген сөз емес. Тоқтының Ноғай туыстарымен болған үздіксіз талас-тартыстар мен билеуші шыңғыс ұрпақтары ханшайымдарының билікке деген тақталас ұмытылыстары Ұлыстың жағдайын қиындатып, әбден әлсіретіп те жіберді. Династиялық соғыстардың салдарынан ақша тиынның құны өз бағамымен тіптен сәйкескенді қойды. Күміс ақша айналымынан ғайып болды. Сөйтіп бүл мемлекеттің экономикасына жарылыстай кері әсерін тигізді, заңды тауар алмасуын қамтамасыз ете алмады. Кейбір тиын шығарылымдарында билеушінің аты жазылмай біркелкі ұқсас етіліп соғылып жатты. Мұндай жайттарда дирхемдегі күміс салмағы да тұрақсыз болды. Сондықтан Тоқтоғұ алғашқы ақша реформасын жасады. Қай жерде болмасын дирхем 1,365 грамм салмақпен соғылатын болды. Тиындарда Тоқтының аты кейде мадақтау атымен «Насир ад-Дин» және «Гийяс ад-Дин» («дін тірегі») деп жазылды. Және көне ұйғыр жазуымен де "Тоқтүбек«деп өрнектелді. Оның атымен соғылған тиындар орталықтан шалғай провинцияларда және Қырым мен Хорезмде де соғылып жатты. Дегенмен мыс тиындары аз мөлшерде ғана ақша айналымына енгізілді.

Экономиканы түрақтандыру екінші кезеңде, яғни 1310-1311 жылдары саяси тұрақтылықтың арқасында тағы да қосымша ақша реформасы жасалды. Ол империяның тіптен алыс шалғай жерлерінде де жүргізілді. Ескі тиындар тәркіленді, жаңалары орталық қалаларда көп нұсқамен шығарылды. Дирхемнің салмағы 1,486 грамм болды. Бұл кездерде Алтын Орданың саяси орталығы Бұлғардан Сарайға ауысты.

Империяда 1312-1342 жылдары билік құрған Өзбек ханның кезендерінде тұрақтылық пен гүлденудің ең жоғары деңгейіне жетті. Мемлекеттің базарында алтын, мыс тиындар қалың санмен қолданылды. Ол тиындардың көптігі соншалықты, тіпті Өзбектен кейінгі хандар заманына дейін олардың тиындарымен тепе-тең ондаған жылдары бойы қолданыла берді. Өзбек ханның аса қуатты мемлекеттік басқару құдыретті тұтқасы болды. Әскери шонжарлар Өзбекке бағынуды табиғи зандылық деп білді. Мұсылмандык тәрбие көрген ол күллі ислам әлеміне танымал әрі шығыстағы ең ұлықтардың санатында болды. Сондықтан да сунниттердің символы алғашқы төрт халифтердің және өзінің лақап аты «Гийяс ед-Дуниа» мен «Гийяс ед-Дуниа уа ед-Дин» («діннің тірегі, дүниенің қамқоршысы») дегенді Өзбек өзінің тиындарына тұрақты түрде соқтырып енгізетін (Савельев, 15 б.). Дәл оның дәуірінде мемлекеттің территориясы Батыс Сібір мен Ертіске дейін кеңейді. (Сафаргалиев, 1960, 65 б.). Жаңа көптеген қалалар бой көтерді, әрине Сарайшықта гүлдене берді. Соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулер дәл осы заманда қалалардың тым көптеп бой көтергенін көрестті. Кең көшелі және аландарын жақсылап ойластырган қала жобасы бойынша кварталдар молынан салынды. 1333/1334 жылы Сарайшықты көрген араб саяхатшысы Ибн-Батутта: «Сарайдан он күндік жолдан кейін біз Сарайшыққа, (Сарайчик: «жук//чик» деген кіші, кішігірім, демек Сарайжук деген Кіші Сарай деген сөз.). Ол қала Улусу «ұлы су» деп аталатын ағымы тез үлкен өзеннің жағалуында орналасқан. Онда сал көпір, Бағдаттағыдай көпір бар. Осы қалада біздіц арбалы amпен жүруіміз тамамдалды. Біз оларды сонда сатып, әрбіреуін төрт алтын динарға, күшсіз әлсіз болгандықтан және бұл қаладагы арзандықтан арзанырақ бағаға саттық. Арбаларды жегуге біз түйе жалдадық. Осы қаладағы қосшы қарт ақ ниетті «Ата» деген атты түрік адам. Ол адам бізге ас-тамақ ұсынып батасын берді» (Тизенгаузен, 1884, 307, 308 б.). Мемлекеттегі тауар-ақша қатынастарының орнығып қалғаны жайында 1330 жылы флорентиялық қаржыгер Франческо Пеголотти былай дейді: «Таныдан Қытайға басталган жол саудагерлердің айтуынша саяхаты күндіз де, түнде де қауіпсіз екен. Тек ғана егер саудагер олай бұлай жүрген жoлында мерт болса, оның бар мүлкі өлген жеріндегі мемлекеттік билік иесіне табыс етіледі екен... Егер де ол өлген жерінде ағайыны немесе туғаны болса, онысын растаса оған марқұмның барлық мүлкін тапсырады, сөйтіп мүлік осылайша сақталынды» (Сафаргалиевтің сілтемесі бойынша, 1996, 357 б.). Сондықтан Ұлыстың әр түрлі қалаларының басқа да елдердің тиындары сауда жолындағы трансқұрылықтық негізгі күре тамыры өткен Сарайшықтан табылып жататыны сирек жайт емес.

6242e52f5dfa664cbc3550e6b2d42ecd.jpg

Өзбек Тоғрылча ұлы. Стамбұлдағы Топқапы сарайының мұражайы. Байсұңқар альбомы. №2152, 36а

Өзбек хан билігі тұсындағы тиындардың ішінде Хорезмде соғылған әр типтес тиындар кездеседі. Олардың көркемделуі мемлекеттің басқа да жерлерінің тиындарынан өзгешелеу. Ал олардың Сарайшықтан табылуы заңды құбылыс еді. Өзбек 1313 жылы хан тағына таласқандарды, әуелі Тоқтының ұлы Елбасмышты жеңген соң дара билікке қол жеткізді. Билікті алуына Хорезмдегі Тоқтының әскери шонжары Құтлық-Темір көмектесті (Тизен- гаузен, 1884,381 б.). Бұл орайда біршама билікке қол жеткізген Құтлық-Темір 1314-1317 жылдары Өзбектің атынсыз тиын соқтырмақшы болғанымен кейінірек барлығы орнына қойылды. Өйткені оған Өзбек пен Иран билеушілері араларындағы қатынастар себеп болған көрінеді. Екі аралықтағы арақатынастар алғашқы жылдары тыныштықпен өтпеген. Әзербайжан, солтүстік Иран жерлері үшін күрес жалғасты. 1320 жылы Өзбектің әскерлері солтүстік-шығыс Иранның бөлігі Хорасанды жаулау үшін Хорезмге басып кірді. Патшалар 1323 жылғы бейбітшілік келісімінен кейін «өзара бітісіп, бейбітшілік орнатты» (Тизенгаузен 1884, 387 б.). Сарайшықтың тұрғындары да осы оқиғалардан тыс қалмады, соған орай бұл жерде ирандық Иезд, Тебриз қалалардың тиындары да кездеседі.

Өзбек хан 1341 жылы қайтыс болды. Өз ағайындарын өлтіріп хан тағына Өзбектің ортаншы ұлы Жәнібек отырды. Ол хан тағында өзін «әкесіндей әділлетті, билеуші, дін қамқоршысы» ретінде көрсетті (Савельев, 20 б.). Иранмен күресті жалғасытырып Тебризді жаулап алып, сонда өз тиындарын соқтырды. Осы тиындардан бірнешеуі Хорезммен әсіресе, Хорасан соғысы кезінде қарым-қатынастар жүргізіліп тұрған Сарайшықтан табылған. Деректерде Жәнібек «1357 жылға дейін Хорасанды басып алғанша күллі жаңа әскери жасақтарын» бірнеше мәрте жіберген. (Тизенгаузш, 1884, 388 б.).

Осы кезеңдердің археологиялық айғақтары бойынша Сарайшықта отбасылық үйлердің типтері ғана емес, жалпы қоғамдық құрылыстары кеңінен салынған. Олар бір қалыпты стандарттық жобамен ұзын қабырға бойынша бірнеше бөлмелер жалғасып салынған жатахана іспетті болды. Осы қабырғаның шетіне дейін коридор (дәйіз) салынып, қабырғалармен бөлінген бөлмелердің жеке-жеке есіктері болды.

Сарайшықтың базарында сол заманның тиындары мол қолданылды. Осы тиындардың төрт жүздей нұсқасы табылған, олардан Өзбек пен Жәнібекке тиесілісі әр қайсысына екі жүзден келеді. Хорезм және Азақтың тиындардың болуы Жәнібек тұсында мемлекеттің әр түрлі өңірлерінің қатынастары өзара тығыз болғандығын аңғартады. Дүние 1360 жылдары басында күрт өзгерді. Осы кездерден «Орданың іші орасан кесапат» дегендей бүлік сойқан басталды, қанға боялған таққа бір-бірлеп хандар алмасты (Савельев, 23 б.).

a2d65143a0c36218622163e6e7dd27f4.jpg

Мәңгі Тәңірінің күші-дүр

Ұлы сұсты, еркін халыққа

Өзбек ханның жарлығы

кім еш табынбаса,

(сол) кісі жойылсын, өлтірілсін

Өзбек ханның жарлықты алтын пайзысы (герегесі)

1359 жылы дүниеден өткен Жәнібектің ұлы Бердібек өз ағасы Құлынаның қолынан қаза тапса, Құлына жарты жылдай билік құрып ағасы Наурызбектің қолында көз жұмды. Наурызбек те жылдай мерзім билік құрды. Сарайшықтың нумизматикалық коллекциясында осы заманға қатысты хан тиындары өзара ұқсас келеді, сандары да аз ғана. Олар мемлекеттің орталық қалалары мен Хорезмде соғылған. Ордалықтардың қожырап әлсіреп қалған орталық билігін сол кездерде дербес саяси күшке айнала бастаған Хорезмдегі Қоңырат суфистер династиясынын билеушілері пайдаланғысы келді. Аталмыш династия көрші аймақтардың саяси әрі экономикалық өміріне белсенді түрде ықпал жасады. Сарайшықтың осы аласапыран дәуіріне қатысты мәдени қабаттарында Хорезмде жасалынған зат (шамдал, асхана ыдыстары, тас қазан) бұйымдардың біршама көп болуы мұнда хорезмдік тұрғындардың бір бөлегінің көшіп келіп қоныстанғандықтан болуы да мүмкін.

Құлына да, Наурыз да батыстың хсуреттиан ортасымен байланысты өкілдерінің мүддесіне ауыңқы болды. Құлынаның ұлдары хсуреттиан еді, ал Наурызды шығыстық бағытты ұстанған феодалдардың мүддесіне суық көзбен қарайтын Өзбектің әйелі Тайдұл қолдап тұрды (Мухамадиев, 1983, 89 б.).

Орданың ұрпағы Қызыр билігі дәуірінен бастап саяси биліктің тұтқасын біршама ұзақ мерзім осы династиялықтардың өкілдері қолына алды. Қызырдың бұрынырақ Жайықтың арғы бетінде өз ағасы Шымтайдың құзырындағы астанасы Сығнақта болатын жерлерімен шекаралас ұлысы бар еді. Ол өзінің қарауындағы Азақ, Сарай-әл-Жадид, Гүлістан және Хорезм қалаларында өз тиындарын шығара бастады. Сарайшықта XIV ғасырдың екінші жартысы мен ортасында тиындар соғыла басталды. Қызырдың атақты тиындары Сарайшықта хижра бойынша 761 ж. (1359-1360 жылдары) соғылған. (Мухамадиев, 1983, 19 б.). Сарайшықтан табылған «Сарай әл-Жадид» атымен соғылып шыққан көптеген пұлдар Қызырдың билік мерзімне тән. Сонымен бірге № 88, № 90 және № 91 нөмірлі кейбір тиын типтері Алтын Орданың басқа қалаларының коллекциясында кездеспейтіні Қызыр билігінің соңын ала немесе одан кейінгі мерзімдерде тек қалыптық белгісін (штемпелін) пайдаланып шығарылған осы үлгідегі тиындар Сарайшықта соғылғанын жанама түрде айғақтауы мүмкін.

Содан кейін, 1366 жылы үш жыл билік құрған Қызырдың ұрпағы Әзіз-Шейх таққа отырды. Оның дәуірінде тиындар негізінен Гүлістан мен Сарайда соғылып тұрды. Сарайшықтан аталмыш мерзімге байланысты тиын көмбесі табылды. Көмбеде 144 нұсқа күміс, 12 нұсқа мыс тиын бар. Көмбенің мыс тиындары Қызырдың (1359-1361ж.) атымен соғылғандары. Барлық дирхемдер Тоқты хан билігінен 1310 жылғы соғылым) Әзіз-Шейхге (1365-1367ж.). дейінгі кезеңдерді қамтыған Сарай әл-Махрус, Сарай әл-Жадид, Гүлістан және Ордұ қалаларында соғылған. Көмбе қыш кірпіш қабырғалардың қалдыктары жатқан 15 см тереңдіктен табылған. Сырт тұсында жатқан тиындарда ірі тор көзді матаның із табыстары сақталынған. Тиындардың қасында төрт гүл жапырақты көркем төртбұрыш кескінді калыпқа соғылған алтын қапсырмалар болды.

Орданың билігіне 1371 жылы қысқа мерзімге Тұлынбек-ханым келді, ол кезге тән пұлдар қала қазбаларынан кездеседі.

Ұрыс-хан билігі дәуірінде, яғни, 1370 жылдардың ортасында Ақ Орда мен Алтын Орданы біріктіріп бір мемлекет құру әрекеті жасалынды (Тиэентаузен, 1941, 131 б.). Ол 1374-1375 жылдары ордалық Сарайды, Кам бұлғарлар және т.б. жерін жаулап алды. Алайда Мамаймен күресіп еріксіз Сырдария жағасына қайтуға мәжбүр болғанымен ол Атгын Ордадағы өз ықпал әсерін жоғалтпады. Ұрыс ханның тиындарын анықтауда қиындықтар бар. Өйткені сол кездердегі тиындар басқа бір хан яғни Мамай Ордасының ханы Мұхамед-Бұлақ (1370- 3 76 ж.) атымен де соғылып жатты. «Мамай өз Ордасында басқа патша Мамат сұлтанды отырғызды » (Мухамадисв А.Г. 1983, 95 б.). Мамай ордасында аз уақыт таққа отырған Абдулланы Мұхамед-Бұлақ өзгертті. Осы аталмыш хандардың тиындары жасалуы мен өрнектелуі жағынан өзара өте ұқсас келеді, тіпті де Мамай ордасының штемпелі бір ғана ұстаның қолымен соғылған деп жорамалдауға болады.

Сарайшық 1370 жылдары шайбанилық Айбектің еншілігіне енгені, ол Әли-қожа мен Елбан хан атымен Сарайшықта өз тиындарын 1374 жылы соғып шығарғанын зерттеушілер тілге тиек етеді (Савельев, 1858, 229 б.). 1375 жылы Сарайшықты Айбектің ұлы Кари-хан биледі, одан кейінірек қысқа мерзімде екі жыл бойы хан болған билік кезінде жорық жасаған шайбанилық Арабшахтың (1377-1378) қолында болды (Федоров-Давыдов, 1973, 135-136 б.; Сафаргалиев 1960, 383 б.; Савельев 1858, 229 б.). Алайда Сарайшықтан табылған өте мол нумизматикалық материалдар ішінде аталмыш заманның осы тұлғаға қатысты бірде бір тиын жоқ, керісінше «Алтын орда билігінде Әмір Темірдің, Еділ бойында Мамайдың таластарына табысты соққы бере білген, тақталастар заманындағы құдыретті хандардың бірі» Мұхамед Ұрыстың оңдаған пұл мен дирхемдері табылған (Мухамадиев, 1983,95 б.). Дәл аталмыш дәуірде ХҮІІ ғасырдың тарихшысы Махмуд ибн Уалидің мәліметі бойынша Ұрыс-хан өз ордасын Сығнақтан Сарайшыққа көшірмек ойы болған екен.

Тоқтамыстың билікке келуімен ордадағы «орасан кесапат» тамамдалды. Тоқтамыстың билікке жетер жолы оңай болған жоқ. Оның әкесі Тұлы- қожа Алтын Орда жорықтарына өз ұлысының адамдарын жіберуден бас тартқандықтан ұлы державалық мүдделі әмірші Ұрыс-хан тарапынан өлтірілді. Тоқтамыс өлімнен қашып Самарқандтағы Әмір Темірді паналады. Тақталастарды пайдаланып барлық Орта Азияны қол астына біріктіріп алмақшы болған Темір, өзіне серік еместерін жойып ғана қоймаған, сұңғыла оймен өзіне бағынбайтын дербес көршілерін әлсіреткісі келді. Осы себептерден ол бірнеше рет Ақ Орда мен Моғұлстанға жорық жасады. Ал Тоқтамыстың келуі Темір үшін тым күтпеген жайыт болды. Ұрыс Алтын Ордада жатқан кезінде Тоқтамыс Темірдің әскерлерімен Ақ Орда жеріне шабуылдады. Егер соғыста жеңсе, Тоқ тамыстың келісімі бойынша Шабран, Отырар, Сығнақ және Сарайшық иелігіне өту керек еді. Тек ғана төртінші реткі жорықта Ұрыс-ханның өлімінен кейін Тоқтамыс өз мақсатына жете білді. 1376 жылы Сығнақ жаулап алынды, сонда Тоқтамыс хан болып жарияланды ( Савельев, 63 б.). Темір көрші Хорезм, Моғұлстан мен Иранда соғыс жүргізіп жатқанда, Тоқтамыс Ақ Орда феолдарының көмегімен Алтын Орда билігін тартып ала білді, сөйтіп ол Темірдің бәсекелесі болды.

ac03d2de4767fd1072c1ea5b99787663.jpg  18e16643bbc4530bfb93f265965e573d.jpg

Мәңгі Тәңірінің күші-дүр

Ұлы сұсты, еркін халыққа

Абдаллах ханның жарлығы

кім еш табынбаса,

(сол) кісі жойылсын, өлтірілсін

Абдаллах ханның жарлықты күміс пайзысы (герегесі)

Тоқтамыстың атымен Алтын Орданың барлық тиын соғатын орындарда тиындар соғыла басталды. Оның билігінің бас кезеңдерінде ақша реформасы жүргізілді, Хорезмнен тыс мемлекеттік барлық жерлерде 1,30 грамм салмақты күміс тиын шығарыла бастады (Федоров-Давыдов , 2003, 17 б.). Ал Хорезмде 1,50 грамм салмақты күміс тиын соғылатын. Осындай тиын Сарайшықтан табылды. Демек Сарайшықта қайтадан мыс, күміс тиын соғыла басталды. Сарайшықтың № 162, № 1 № 168 нөмірлі басын кері бұрып жатқан аңдар бейнесі мен гүл пішін бейнеленген пұлдары каталогта көрсетілді. Бұл пұлдардың саны Ордұ Муаззам, Сарай, Сарай әл-Жадид, Хорезм мен Гүлістан тиын ақшаларының санынан әлде қайда көп.

1380 жылдардың екінші жартысында Самақандта Әмір Темірдің тиындары шыға бастады. Бұл жайт Әмір Темір мен Тоқтамыс арасында пайда болған қайшылықтар салдарынан аталмыш аймақтардағы әскери-саяси оқиғаларымен тығыз байланыста өрбіді. Соғыс қақтығыстар барысында Тоқтамысқа қарасты Хорезмнің Үргенші сияқты қалалар жермен жексен болды. Темірдің өмір баяны жайлы Ибн Арабшах былай дейді: «Оның алдыңғы жасақтары Азаққа жетті, ол Сарай, Сарайжүқ, Қажы Тархан және сол өңірлерді жойып жіберді» (Тизенгаузен, 466 б.). Археологиялық зерттеулердің нәтижелері оның бұл сөзін қазір дәлелдемей тұр (Самашев, Кожаков, Талеев, 19 241 б.). Ибн Арабшахтың сөзін оның заманда ирандық Шараф ад- Дин Йазди да дәлелдемейді. Оның мәліметтерінде Темір, адамдар бар жерде бөгеліп қалудан сескеніп Жайықтың жоғарғы ағысын кешіп өтіп Тоқтамыстың әскеріне қарсы жүрген (Йазди, 1972, 447 б.).

Нумизматикалық материалдар бойынша Сарайшықтың қирап қалған негізгі мерзімі ХҮ ғасырдың бірінші жартысына қатысты. Бұл Алтын Орданың династиялық әулеттік тақталас үшін және мемлекеттің негізгі тірек жерлерін жаулап алу мақсатында жүргізілген Жошы әулетінің үш буыны Шайбан, Тоқа-Темір, Орда-Ежен ұрпақтарының әулеттік күресі кезінде болған. Тек ғана 17 жылдың ішінде (1400-1417 жылдары) онда сегіз хан тақ ауысты.

Қаланың мәдени қабаттарының жоғарғы қыртыстарында негізінен V қазбалар тұсы аталмыш заманға қатысты және каталогта № 170 деп көрсетілген типті пұл ақшалар кездеседі. Ол ақшалар Сарайшықтан басқа еш жерде кездеспейді, ал олардың саны тіркелгендері бойынша отыздан астам және тек ғана Сарайшықта соғылғанын көрсетеді.

Соғылымның сапасы да нашар, жазуы да тым тұрпайы дөрекілеу келеді. Дегенмен олардың санының көптігі оны шығарып тұрған ханның экономикалық билігінің әл ауқатын анықтап береді. Ханның атын жазған үлгісінен Едіге әміршінің өкілі Болатхан (1406/1407-1410/1411) тарапынан шығарылып тұрды деуге болады. Осы тиындармен қатарлас Сарайшықта 1413/14 жылдан 1419/20 жылға дейін билік құрған Дервіш хан да тиын соқтырып тұрды (Сафаргалиев, 1960, 192 б.).

ХІҮ ғасырдың соңында Сарайшық аумағында маңғыттардың әміршісі Едіге Маңғыт (Ноғай) Ордасын құрды. Хандық тақты иелену хақы жоқ, алайда «ұшан теңіз ұрпақтарымен, үй ішімен», «тіпті әп-сәтте 200 мың әскерді жасақтай білетін Едіге сұлтандыққа кім қалағанын жақындатты, тілегенімен жүрді, бұйрығына ешкім қарсы шықпады, шектеуіне қарсы ала-жібін ешкім аттап өтпеді» (Тизен- гаузен, 1884, 467, 472 б.; Мухамадиев, 1983, 119 б.). Ол Алтын Орда тағына Ақ Ордалық Шыңғыс ұрпақтары Темір-Құтлық, Садыбек, Болат, Дервішті отырғызды, 1420 жылы қайтыс болғанға дейін олардың атынан мемлекетте билік жүргізді. Бір аласапыран кезеңде Едіге жараланып Сарайшықтың жанындағы Жайық суына кетіп мертіккен. Оның мүрдесін жаулары судан шығарып алып «тағдырдың еркіне жіберген» (Тизшгаузен, 1884, 473 б.).

Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440 ж.) және немересі Уақас тұсында Сарайшық біртіндеп дербес мемлекет Ноғай Ордасының орталығына айналады.

Қазақтың алғашқы хандарының бірі Қасым хан билігі тұсында (1511-1521 жылдары) оның мемлекетінің құдыреті күшейді. Каспийдің және Жайықтың даласы, оның территориясына енді, хандықтың ордасы да бір мезгіл Сарайшық болды. Қасым хан тарихи деректер бойынша Сарайшықта дүние салды, осында жерленді.

Елдің шығысындағы кесірлі қасіретті оқиғалар салдары мен егемендік үшін күрес қазақтың хандарын Сарайшықты тастап кетуге мәжбүр етті. Бұл кала да көп ұзамай Еділ мен Жайық аралығында негізгі қонысы болған Маңғыт жұртының немесе Ноғай Ордасының орталық қаласы болып өзгере берді. Қасым ханның мұрагері Хақназар (1538- 1580ж.) хан кезінде 1568 жылы Қазақ хандығының құрамына Сарайшық қайтадан енді.

Сарайшықтың топографиясында XV ғасырдың үшінші ширегінде өзгеріс болған көрсетеді. Қаланың батыс бөлегіндегі тұрғын үйлері босап қалды, тұрғындар оңтүстік-шығыс бөлегіне, өзен ағысы бойымен шоғырланды. Бұл жер қазіргі «Сорончика» деп аталатын қаланың алғаш батысынан аңырап босай бастаған бір бөлігі орналасқан Жайықтың бір сағасындағы мекен. Қаланың осы бөлегінде XV-XVI ғасырлардағы үйлердің қалдықтары зерттелінген (II және XII қазбалар).

Осы қазба зерттеулері барысында табылған тиындар Бұлғар, Орды, Бик- Базар, Қырық Йер, Бақша Сарай қалаларында соғылғаи Топырақ үстіңгі қабаты материалдарында Сырдарияның ортаңғы ағысы тұсындағы қалалардың пұлдарына ұқсас пұлдар кездесті. Олардың ішінде тұңғыш рет кездесіп отырған пұл да бар. Онда таңба соғылған және әзірше оқылуы қиын мәтіннің әріп бөлшектері бар. Осылардың кейбіреулері Сарайшықтың тиын соғатын орындарында соғылды деп айтуға әбден болады.

Сөйтіп қаланың гүлденуі 1312 жылдан басталды, оның елеулі мәдени-экономикалық өрлеу дәуірі болғаны анық та қанық, даусыз факт. Қаланың өз тиындарын соғып шығаруы 1360-жылдардан басталды, кейде үнсіз-хабарсыз қалса да, XV ғасырға дейін жалғасты.

Сарайшық тиындары / З. Самашев, Р. Бурнашева, Н. Базылхан, В. Плахов. Алматы, 2006. — 184 бет.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?