Ұлттық топонимиканы жаңғырту мақсатында, ежелгі тарихи-географиялық
атаулардың әкімшілік-аумақтық бірлігі қалпына келтірілді. Сонымен қоса, орыс
тіліндегі қазақ топонимикалық атауларын ретке келтіру арқылы көптеген
облыстардың, қалалардың, аудандардың және басқа елді мекендердің атаулары
өзгертілді. Атаулардың атын өзгерту жергілікті халық депутаттары кеңесінің ұсынысы
бойынша және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік
ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақ-стан Республикасы жеке әкімшілік-аумақтық бірлігінің жеке атауларының қайта өзгертілуі және орыс тіліндегі қазақ топонимикаларын ретке келтіру туралы» 1993 жылғы 4 мамырдағы қаулысына сәйкес бірқатар облыстар, қалалар, аудандар, ауылдар және басқа да елді мекендердің атаулары қайта өзгертілді.
Осы қаулыға сәйкес Джамбул облысы — Жамбыл; Жамбыл облысының Джамбул қаласы — Жамбыл; Жамбыл облысының Джамбул ауданы — Жамбыл; Жамбыл облысының Чу қаласы — Шу; Жамбыл облысының Чу ауданы - Шу ауданы; Жамбыл облысының Джувалин ауданы — Жуалы; Жамбыл облысының
Курдай ауданы — Қордай;
Жезқазған облысының
Джездинский ауданын — Жезді; Жезқазған облысының жұмысшы поселкесі Джезды — Жезді;
Жезқазган облысының жұмысшы поселкасы Джезказған — Жезказған;
Талды-Курган облысы — Талдықорған; Талдықорған облысының Талды-Курган қаласы — Талдықорған; Оңтүстік Қазақстан облысының
Джетысай қаласы — Жетісай; Оңтүстік Қазақстан облысының Джетысай ауданы — Жетісай ауданы;
Алматы облысының Энбекши казах ауданы — Еңбекші қазақ; Алматы облысының Иссык қаласы — Есік; Алматы облысының Джамбул ауданы — Жамбыл; Солтүстік Қазақстан облысындағы Джамбул ауданы — Жамбыл ауданы; барлық ауыл кеңестері мен елді мекендерінде (ауыл, поселке, жұмысшылар поселкесі), ауыл кеңестерінде Джамбул атын Жамбыл ауданы және Жамбылға сәйкес Жамбыл деп өзгертілді.
Сонымен қатар облыстар мен аудандарға да жаңа атаулар берілді:
Актөбе облысы бойынша — Қарабұтақ ауданын Әйтеке би; Ново-россия ауданын Хромтау;
Алматы облысы бойынша — Нарынқол ауданын Райымбек;
Жезқазған облысы бойынша — Приозерный ауданын Тоқырау;
Қарағанды облысы бойынша — Егіндібұлақ ауданын Қазыбек би;
Көкшетау облысы бойынша — Володар ауданын Айыртау;
Қостанай облысы бойынша — Боровской ауданын Мендіқара;
Маңғыстау облысы бойынша - Ералиев ауданын Қарақиян;
Павлодар облысы бойынша — Краснокут ауданын Ақтоғай; Ермак қаласын Ақсу;
Талдықорған облысы бойынша — Андреев ауданын — Үйгентас; Киров ауданын — Көксу;
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша — Лепсі ауданы — Қазығұрт; Бугунск ауданы Ордабасы; Шымкент қаласының Дзержинск ауданын — әл-Фараби: Пахтааральск ауданы — Мақтаарал атауларына өзгертілді
Бірқатар облыстардың аумақтық кұрылымы қайта қаралып біріктірілді және соған сәйкес олардың шекарасы да өзгерді. Әкімшілік-аумақтык реформаның барысында Жезқазған облысы Қарағанды об-лысымен, Көкшетау Солтүстік Қазақстан облысымен, Семей Шығыс Қазақстан облысымен біріктірілді. Ал Талдықорған облысы Алматы облысына қосылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы «Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыс-тарының әкімшілік-аумақтық құрылымдарының өзгеруі туралы» (аудан-дарды біріктіру арқылы) Жарлығы бойынша бұл облыстардың ішкі кұрылымында өзгерістер болды. Президенттің жарлығын орындау мақ-сатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 23 мамырдағы қаулысының нәтижесінде Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының шекаралары өзгерді.
1997 жылғы реформаның негізгі мақсаты әкімшілік құрылымды оңтайландыру және облыстардың қаржылық санын қысқарту еді. Кейіннен бұрынғы екі облыстың орталығы — Көкшетауға 1999 жылы және Талдықорғанға 2001 жылы облыс орталығының мәртебесі, сонымен бірге Алматы және Ақмола облыстарына облыс орталығының мәртебесі қайта қайтарылды.
Қайта өзгертілген әкімшілік-аумақтық реформалардың салдары әртүрлі болды. Торғай облысының қысқаруы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатты әсер етті. Жезқазған облысы ірі кор-порация «Қазақмыстың» болуының арқасында бұл үдерістен жеңіл шықты. Семей облысының Шығыс Қазақстанға қосылуы Шығыс Қазақстан облысын дотациялық өңірге айналдырды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы «Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының 2006—2008 жылдарғы қаланы дамыту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы қабылданғаннан кейін жағдай жақсы жағына қарай өзгере бастады. Бағдарламаны жүзеге асыру өндіріс тауарлары мен қызмет көрсету көлемінің ұлғаюына, инвестиция құйылуының артуына, азаматтардың материалдык және пәтер-үй жағдайларының жақсаруына, өндірістік және әлеуметтік инфраструктураның материалдық қор нысанының нығаюына септігін тигізді.
Әкімшілік-аумақтық реформаның ішкі ғана емес, геосаяси маңызы бар. Өйткені, сол облыстардың алғашқы кезекте мемлекеттік шекара-сымен бірге сыртқы шекарасы да бір мезгілде жаңаша құрылды. Шека-рамен шектес аймақтарды ірілендіру болашақта олардың жағдайларын тұрақтандырды. Тәуелсіз Қазақстанның біртұтас жалпы геосаяси кеңістікте ішкі бірігуіне жағдай жасады. Ірілендірілген шеткі облыстардын маңыздылығы шекараға шектес қаланың атымен емес, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары сияқты Қазақстанның маңызды аймақтарымен аталды.
Дерек көзі «Қазіргі Қазақстан тарихы» Алматы «Раритет», 2010ж. 135-137 беттер. Б.Ғ. Аяған, Х.М. Әбжанов, Д.А. Махат
Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.