Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлт психологиясы

4218
Ұлт психологиясы - e-history.kz
Халықтық психология – психика мен мінез – құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі.

Бүкіл халық ұстанатын тәлім – тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың , жалпы мінез – құлқы, іс – әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез – құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл – адам мінез – құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім – білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелрін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады. 

Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет – ғұрып, діл, дін, т.б), жемісін сол халықтың психологиясын, сана – сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Этнопсихология жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт, т.б) пайда болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан Уәлиханов еді. Оның  еңбектерінде халық рухы дейтін ұғым жиі кездеседі. Мұны халықтық психология ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зертттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан.


2.  Қазақтың ұлттық мінез бітістері, олардың кейбір 
ерекшеліктері. 
Бұл – өте күрделі, әлі де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жақсы аңғарған Н. Назарбаев былай дейді: «Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зердленбей жатқан тылсым дүние».
Ғасырлар бойы көшіп – қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім – тәрбие берудің айырықша талап – тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, бұлар жас адамның жұртқа танымал моральдық – психологиялық нормасын «сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән – мағынасы мыналар еді: көшпелі мал шаруашылығын жете игенрі; еңбек сүйгіштікпен қиыншылыққа төзе білу; жаудан беті қайтпау;  сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау (жасы үленді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, т.б).
Көшпелі өмір тіршілігі қара күшке мығым, қиыншылыққа төзімді, құбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш болумен бірге, жан – жүйесі жағынан да жан – жақты жетілген, кемел адамдарды қалыптастырды. Үйде де, түзде де бала ес білгеннен бастап із кесіп, жол қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың көзі қырағы, құлағы сақ, қияндағыны шалатын болды. Аң аулап, мал бағып, күнделікті күйбең тіршлікпен жүрсе де жас өскін ақынның сөзін, жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел аузындағы ұғымды мақал мен мәтінді, ертек пен жұмбақты, терме мен шежірені жадында сақтап, халық даналығын өзіне рухани азық етіп отырды. Әрдайым көшіп – қонуға дайын отырған қазақтар үшін аң – құс аулау, мал күзету, жау түсіру – тұрмыстың дағдалы машығына айналды. Әрбір көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, әрі шаңырақ иесі болып санлады. Осы айтақанымыздың дәлелі болып табылатын кейіннен мақал болып кеткен «өнерді үйрен де, жирен»,  «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы ортақ», «Жауда жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде жүрсе, құрт қайнатқам батырым» сияқты бесаспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздер біздің заманымызға дейін жетті. Көшпелі қауым бірін – бірі жақсы білді, әр адамның қадір – қасиеті, оның жасына, жол – жоралғысына, әлеуметтік ортадан алатын орнына қарай белгіленіп отрырады. Мұндай қауымдастық адамаралық қатынастарды қаршадайдан көріп өскен бала да өсе, ер жете келе ортақ мүдделілікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік белгісін түсініп, жеке бастың өзіне бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Психологиялық тұрғыдан «бірауызды» болып қауымдасқан жандар үнемі өздерінің рулық одағына етене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанды. Осыған орай көшпелі тұрмыс тәліміне лайықталаған бата беру, ант ішіп ақталу, айтысқа, дау – дамайға төрелік айту сияқты этностық таптауырындар (стереотип)  кең әріс алды. Әриен, осы топтық санамен бірге әркімнің жеке басының әлеуметтік және биосфералық факторларға орайлас жеке – дара, жас, жыныс ерекшеліктерінің де болатындығы еске алынды. Мәселен, көшпелі халық қыз баланы ерекше қадірлеп, қастерлеп, әлпештеді. Оны әдемлік пен әдептіліктің, сұлулық пен. Іңкәрліктің символы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт» дейтін болды.
Қоғам өмірінде қазіргі кезде жүріп жатқан терең саяси – экономикалық өзгерістер халқымыдың баға жетпес рухани  байлықтары: тіл мен ділі, діні мен тарихы, өнері мен әдебиеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен шаруашылығына (қолөнері, киім – кешегі, ою – өрнегі, әуез аспаптары, үй жиһазы, т.б.) байланысты небір  асылдарды, қысқасы, ұлттың бүкіл болмыс – бітімін (менталитетін) жаңартып, жаңа мазмұнмен байытуда. Әриен, еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері – қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын, өйткені, қазақ этносының қазіргі бүкіл тыныс – тіршлігінде, от басындағы әдет – ғұрпы мен салт – дәстүр, жөн – жосық, жол – жоралғысында кең байтақ өлкемізді біраздан бері мекен етіп келе жатқан басқа этностар мінездерінің элементтері де көрініс беріп жүр. Десе де, бәз біреулер айтып жүргендей, біз жылқы мінезділіктен айырылған, «қой мінезді» момын, жуас, намысы жаншылған халық емеспіз.
Жеріміздің ұланғайыр кеңдігімен, мұндағы табиғат сұлулығының әсерінен ғасырлар бойы қалыптасқан дархан, жомарттық, адамға деген мейірімдлік пен өнерпаздық, қазақ биосферасының өзіндік ерекшелігінен туындаған асқан қонақжайлылық, жойқвн соғыс пен қуғын – сүргінге ұшырау салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны өсер ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қанымызға сіңген малжандылық, ешуақытта басқа жұрттың жеріне көз алартпаған бейбітшілік саясат, өзі тиген дұшпанның қабырғасын қақсатқан көзсіз батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі керемет шыдамдылық пен барға қанағатшылдық – біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы.
«Бұрынғы уақытта – деп жазды Ж. Аймауытов пен М. Әуезов» «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында; - қазақ еліұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы ірі, бітімді, қайратты, сайықшыл ел болған екен. Досымен достасып, жауымен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білгетін халық екен» -  (Алаш, 1917, 30 наурыз, № 16) 
Әрине, патшалық отарлау мен большевиктік империялық саясат тудырған ұнамсыз қасиеттердің біразы бізде қазір де баршылық. Қанымызға әбден «сіңіп» жағымпаздық пен жалтақтық, даңғазалық пен күншілдік, арызқойлық пен жалақорлық, бойкүездік пен салғырттық, жалқаулық пен шалағайлық, т.б. Осы секілді келеңсіз қасиеттер әлі күнге дейін алдымызға оралып, заман талабына бейімделуге бөгет болып отыр. Әсіресе, Кеңес өкіметі жылдарында ұлттық мінезімізге дінсіздік, спирттік ішімдікке әуестік, келеңсіз тіршілікке құмарлық, бақталастық, т.б. (бұлар бұрын – соңды қазақтың түсіне де кірмеген мерез қасиеттер еді)  осы сияқты жағымсыз қасиеттер келіп қосылды. Бізде бұдан басқа еліктеп – солықтаулар (батысшылдық, ермелік, еліктеушілік, желөкпелік, т.б.) жетіп артылады. Бұл жәйт еңсемізді көтертпей, құлдық психологияның шырмауынан шығуға кесірін тигізіп – ақ келе жатқанын естен шығармауымыз қажет.
Қазақ халқы сонау есте жоқ заманнан өзінің қадір – қасиеттерін қызғыштай қоғап, көздің қарашығындай сақтап, бұған шаң жуытпай, өз ұрпағын ауыздандарып келген ел. Сондықтан да қазіргі ұрпақ осынау ұлттық қасиеттерімізді ерекше қастерлеп, мақтан тұтып, жас өскіндер осы рухта тәрбиеленуге тиіс.


Қорытынды

Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәрбиесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Халықтық  психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен  этнографиямен астарласа дамыған  этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады. Халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі имандылық пен адамгершілігінің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі. Әрине «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы», «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» дегендей, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері болғандығы белгілі.
«...Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады»
Мағжан Жұмабаев

«Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ»
Ғабит Мүсірепов

«Ұлттың мақтанышы – жеке адам мен ұлт үшін бұзылмас заң. Кімде – кім өз ұятын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса – ол адам сөзсіз арамза қаңғыбас»
Бауыржан Момышұлы



Қолданылған әдебиет:

1.  Қ. Жарықпаев. «Жалпы психология». - Алматы, 2004 жыл 


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?