Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының ұлы биі

3325
Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының ұлы биі - e-history.kz

Орта жүз Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан Қазыбек би 1665 жылы Қарқаралы өңірінде дүниеге келген. Оның әкесі — Келдібек би. Қазыбек туғанда оның анасы Тоқмейіл былай депті:

 «Айналып-толғанып өсірсем, 
 Ақ сүтімді кешірсем, 
 Адалдан болар нәсібің. 
Тіліңнен болар кәсібің». 

Бір орында байыз тауып отыра алмайтын баладан белгілі шешен, ұлы би шығады деп кім ойлаған... Қазыбек бидің пікіріне хандар, беделді сұлтандар-да құлақ асқан. Қазақ халқы оны Қаз дауысты Қазыбек би деп атап кеткен. 

Қазыбек бидің ақыл-ес қабілеттері жоғары болып, халық үшін бәрін істеуге дайын болған. Ол атақты шешен, халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы болып, шын мәнінде Орта Жүзіндегі мемлекеттілік пен заңның қорғаушысы болып табылған екен. Бірақ та қазақ даласында тек өзінің би қызметтілігінің арқасында ғана емес белгілі тұлға болып саналған. Сөзге шешен, вербалды таласқа түсіп, ұтымды сөзді пайдаланып, өз қарсыласының ойынан озып кете беретін болды. Оның бойындағы осындай қасиеттер би ретіндегі және елшілік қызметі үшін-де өте пайдалы болған. 

Билердің ерлігі әйгілі батырларлар көрсеткен ерлігінен кем емес болып, мемлекет саясатының барысын анықтаған еді. Осылай, Қазыбек бидің ақылы мен күшінің арқасында қалмық пен қазақ халықтары арасында тыныштық орнатылған.  

Қазыбек би Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді, сондықтан да Жоңғар әміршісіне барған алғашқы елшіліктің құрамында болған. Келіссөздер сәтті аяқталып, жоңғарлар ұрланған малды иелеріне қайтарып берді. Хикаяларды баяндайтын аңыздарға сенсек, Қазыбек би Жоңғар әміршісіне былай депті: 

«Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. 

Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз. 

Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. 

Бірақ асқақтаған хан болса — хан ордасын таптай білген елміз. 

Атадан ұл туса — құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса — күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз. 

Сен темір болсаң, біз көмірміз — еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.

Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең — шабысқалы келгенбіз. 

Сен қабылан болсаң, мен арыстан — алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. 

Бітім берсең — жөніңді айт, бермесең — тұрысатын жеріңді айт!»

Одан кейін Қазыбек би қазақ елшілігінің құрамында жоңғарларға бірнеше рет барып келген, соның нәтижесінде татулық пен бейбітшілік орнатылған. Бір кезде Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда, Қазыбек би Абылайды құтқару үшін үлкен табандылығын көрсеткен. Абылай сұлтан тұтқыннан босатылды. Кейін ол Сарыарқаның ханы болып атанды. Би Абылайдың өр мінезін, қазақ халқына деген берілгендігін байқады. Жоңғар хандығының билеушісі Қалдан Серен Абылай сұлтанды тұтқыннан босату үшін екі шартты қойған. Біріншіден, Қазақ даласының ең атақты адамдарының әрқайсысы өзінің бір ұлын аманатқа берсін деген еді, ал екіншіден, жоңғарлар Ресеймен қарым-қатынасты үзіп, Жоңғар хандығының бодандығын қабылдауын талап еткен. 

Қазыбек би барлық қазақ руларының өкілдерін жинады. Олар ақылдасып, осындай бір ортақ шешім қабылдады: өздерінің ұлдарын аманатқа береміз, бірақ Жоңғар хандығы не Ресей империясының бодандығын әзірше қабылдамаймыз. Егер-де Қалдан Серен олардың шешімімен келіспесе, онда орыстармен бірігіп, жоңғарлармен соғысатынын айтты. Айла-әрекетін жасаған еді. Жүргізілген келіссөздердің нәтижесі бойынша Абылай сұлтан тұтқыннан босатылды, Түркістан қаласы және отыз екі қазақ елді мекені Қазақ хандығының аумағына қайта қосылды.

Қазыбек би қазақ халқының тағдығырында шешуші рөлін атқарған: қазақ халқын біріктірген, орталықтандырылған мемлекетті құрғандардың бірі болған еді. 1680 жылы Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Тәуке хан Төле, Әйтеке, Қазыбек билерге жаңа заң жобасын — «Жеті жарғыны» жасатып, бүкіл халық алдында қабылдатты. 

b486abcdde1d793d400292cc0ea3b75b.jpg

Қазыбек би қалыптасқан тарихи жағдайға өз бағасын дұрыс бере отырып, қазақ халқын ынтымақ пен бірлікке, руаралық дауларды тоқтатуға, жоңғар, орыс, өзбек халықтарымен достық қарым-қатынастарды орнатуға шақырып жүрген. Әділдік пен алғырлыр — оның би қызметіне тән болған белгілер. Ол өмір бойы өз халқының қамын ойлап жүрген. Әркезде әділ билігін айтып отырған. Халық ауыз әдебиетінде Қазыбек бидің нақыл сөздері өте көп сақталған. 

Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында дүниеден өткен. Оның баласы Бекболат әкесі қайтыс болған жерде киіз үй тұрғызып, төрт айдың ішінде Қазыбек бидің денесін қоршап сақтап жүрген екен. Қар ерігенде, Бекболат әкесінің денесін Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне апарып жерлеген.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?