Орта Азия тарихында Талас шайқасының маңызы аса зор, сол замандағы Араб империясы мен Қытайдың Таң патшалығының арасындағы зор шайқас Орта Азияның кейінгі мыңжылдық тағдырын шешті
Мұнда араб әскері ғана емес, қарлық әскері де өте маңызды рөл ойнады, осыдан бастап Орта Азияға ислам діні орныға бастады. Не үшін сол замандағы алып империя Орта Азияға қайтадан қалың қол жібере алмады? Төменде осы сұрақтарға жауап табуға тырысамыз.
Тарихи деректер бойынша бұл шайқастың себебі былай болған:
«Биылғы жылы Ферғананың Шашпирі және Шаш патшасы бір-біріне қарсы шықты. Ихшид қытайлық патшасынан көмек сұрады. Қытай патшасы Шаш патшаны қорғап алу үшін 100 000 әскер жіберді. Шаш патшасы қытайлық патшаға қайтып оралды және ол мен оның адамдары оны қудалаған жоқ (қытайлық патша)» [Ибн. Әсир, Тарих].
Мұнда Ташкент билеушісі мен Ферғана билеушілерінің алауыздығынан екені айтылған. 657 жылы Таң әскері Батыс түрік қағанатын құлатқанда олардың батыс шекарасы Бұқара қаласына дейін жеткен болатын. Олар Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы ру-тайпаларын бір-біріне айдап салып, бастарын біріктірмей, сырттай басқарып келген. Ендеше Таң патшалығы кімдер еді дегенге келейік.
Оқи отырыңыз: #100шайқас: Бодандықтан бостандыққа
Түріктер мен Таң империясының соғыстары
618 жылы қытайланған Алтай текті сәнбилер ақсүйегі Ли Юань Таң мемлекетін құрып, он жылда тұтас Қытайды біріктіреді. Ли Юанның арғы аталары 480 жылы қытайлана бастаған. Сәнби патшасының қытай салтын қабылдау, қытайша киіну, ордада қытайша сөйлеу, ата-тектерін қытайшаға ауыстыру сынды орда жарлығын шығарады, осылайша бүкіл солтүстік Қытайды билегендеріне 100 жылдан асқан көшпенді тоба сәнбилер қытайласып болады. Ли Юаньның аталары сол кезде қытайша фамилия қабылдағандардан болатын. Уей (Вей) мемлекеті екіге бөлінгенде аталары сол елдің батыс бөлегінің сегіз тіректі әулетінің бірі болады. Сондықтан да жапон оқымыстысы «Шан Шан Жы Миң Таң империясын Тобалар мемлекеті деп атаған дұрыс» дейді. Ал Күлтегін мен Білге қаған бітіктасында оларды «тауғаштар» (тобғаш) деп атайды. 618 жылы құрылған мемлекет сол заманда ең құдіретті көшпенді империя Түрік қағанатымен бетпе-бет келеді. Бірақ екіге бөлініп кеткен империяның дәурені өткен болатын, Шығыс Түрік қағанатының өзінде бағынышты ру-тайпалар наразылығы өршіп тұрған. 552 жылдан бері қарай бірлікке келмеген әлсіз Қытай патшалықтарына қарата тонаушылық соғыстарын жүргізген Түрік қағандарының ізімен Елік қаған да Таң еліне қарата соғыс ашады.
Таң мен Түрік арадағы соғыс былай болған екен: «620 жылы Түріктер Жиңжоу қаласына басып кіріп, неше мыңдаған адамды айдап әкетеді. 624 жылы Елік қаған 100 мың әскермен Таң ордасына төнеді. Таң ордасы дүрлігіп көптеген ұлықтар астананы көшіру ұсынысын ортаға қояды, бірақ Таң патшасы Тай Зұн бас тартады. Екі жақ Ұлупанда соғысады, бір-бірін ала алмайды. Түріктер жыл сайын Гансу, Нинся, Шаньси, Шаанси провицияларын шауып, жаппай тонауға ұшыратады. 626 жылы Түріктің 100 мың қалың қолы астана Чаң Анға 40 шақырым жерге дейін келеді, Тай Зұн патша келісімге келіп, көп алтын-күміс пен торғын, торқа, жібек ұсынады, Түрік әскері кері шегінеді. 627 жылы Шығыс Түрік қағанатында ішкі бүлік шығып, сір енда, ұйғұр, байырқу, тоңыра қатарлы белді тайпалар көтеріліске шығып ту-талақай болады, олар сір ендадан қаған сайлайды. Батыс Түріктің қағаны да Таң империясымен бірігеді, сол жылы қалың қар жауып, қыруар мал қырылады, Шығыс түрік әбден әлсірейді, таңдықтар орайдан пайдаланып соғыс ашады» (Жаң Гаң. Мемлекет қорғанысы тарихынан баян. Таңның Шығыс Түрікті жою соғыстары).
629 жылы қазіргі Хоххот маңындағы соғыста Түріктер жеңіледі, 630 жылы Ин Шань тауында Таң мен Сір енданың әскерлері Түріктерді ойсырата жеңеді, Елік қаған бастап түріктің жасағы мен халқынан 150 мың адам қолды болады да, Шығыс Түрік қағанаты жойылады. Моңғол сахарасына Сір ендалардың құқығы жүре бастайды. 150 мың Түрік солтүстік Қытайға орналастырылады да, әскер қызметіне жегіледі.
640 жылы Таң әскерлері Шығыс Түркістанға кіріп, Тұрпанды басып алады, 642 жылы Батыс Түріктің Ебдұл қағаны Құмылға қайта тап береді. 644 жылы екі жақ келісімге келеді, 646 жылы Ашина галу деген Түрік ақсүйегі Таңға беріледі де, олардың сол қанат сардары болады. 648 жылы Таң әскерлері Ұдұнды (Хотан) басып алады. 651 жылы Батыс Түріктің Таңға сатылған тобы мен Таң жасақтары Ебдұл қағанға соғыс ашады.
657 жылы тарихи сипатты Батыс Түркі қағанатын жойған соғыс болады.
«657 жаңа жылдың алғашқы айының 21-нші жұлдызында Тан Гаосонг үлкен армияны шығарды және солтүстік және оңтүстік жолдарды батыс түркілеріне шабуылдады, солтүстік жолдың қолбасшысышысы Су Дингфанг болды, оңтүстік жолы - Оң қанатта Ашнаның генералы Місі, сол қанатта Генерал Ашына бұжын болады. Соғыс кезінде Су Дингфанг көптеген Батыс Түрік тайпаларын Тана армиясы үшін күресуге шақырды. Шапиро Су Дингфангтағы 10 000-нан астам адамның әскерін Туохе өзенінде (қазіргі Ертіс өзені) 100 мың түрік сарбазымен қоршап алды. Сой Дингфанг үш рет жеңіліске ұшырағаннан кейін әскерлерді қарсы шабуылдады және Түрік әскерлерін жеңді. Түріктен он мың адам тұтқындалды. Кейбір Түрік тайпалары шегініп, Шапиро батысқа қарай қашып кетті. Су Динфанг әскері қолайсыз ауа-райына қарамай, 200-ден астам шақырымға қуалады, олар Джиньяшанда Шаронды жеңді (қазір Орталық Азиядағы Ташкент) және неше он мыңдаған адамды тұтқынға алды» (Чю Ген. Таңның Батыс Түрікті жеңуі).
Осы соғыстан кейін Батыс Түрік қағанаты жойылып, оның оңтүстік және шығыс территориясын таңдықтар жаулап алады, 60-70 мың Түріктер ішкі Қытайға әкетілді. Бұл Таң империясының ең шарықтаған кезі саналады, халқы 50 миллионнан, территориясы 10 миллион шаршы километрден асып сол замандағы ең ірі империяға айналады. Бірақ арада бір ғасырдан соң бұл заманы басынан ұшады.
Шығыс Түрік қағанатының қайта орнауы және жойылуы
679 жылы Шығыс Түрік ақсүйегі Құтылық 700 адаммен көтеріліс жасап, Түрік қағанатын қайта орнатады, оның інісі Бұг чордың тұсында Түрік қағанаты тіпті күшейіп, Таң империясын неше рет ойсырата шабады, онан кейін Білге қаған таққа отырады, оның інісі Күлтегін бұрын Түрікке қараған көшпенділерді қайтадан тізе бүктіреді. 731 жылы Күлтегін, 734 жылы Білге қаған дүние салғаннан кейін ұйғұр, қарлық, басмылдар көтеріліп, Таңмен бірге 742 жылы Түрік қағанатын аударады, 745 жылы Ұйғұр қағанаты құрылады. 100 мыңнан аса Түріктер жәнеде солтүстік Қытайға әкелініп әскер қызметіне жегіледі.
Ал Батыс Түрік жерінде 699 жылы Түргеш қағанаты орнайды, олар Тәңіртаудың теріскейі мен Алтай арасы, Жетісуды иелігіне алады. 745 жылы ұйғұрдан жеңілген қарлықтар Түргеш жеріне кіре бастайды.
Оқи отырыңыз: #100шайқас: Қытайға құқай
Талас шайқасы
Таң әскерін бастаған Гау Шиан Фан Шашты басып алғанда қырғыншылық жүргізіп, әйелдерді зорлап, қарттар мен балаларды да қағыс қалтырмай қырып, аямай тонаушылық жасайды. Қашып құтылған Шаш ханы Аббасилерден көмек сұрайды. Таң әскерімен Қарлық, Ферғана әскері қосылып Арабтарға қарсы соғысқа шығады. 750 жылы Бұқарада 30000-нан аса шиғалар көтеріліс жасайды, оларды басып-жаныштауға бір түмен әскер жіберіледі, соғыс 37 күнге жалғасады. Зияд бастаған Араб қолы Бұқараны алып өрт қояды, онан Самарханға шабуыл жасайды.
750 жылы 93 жыл билеген Умәуилердің соңғы он төртінші халифасы Маруан ІІ-ні Аббасилердің бірінші халифасы Абул Аббас ас-Саффах құлатты. Оның қолбасшысы Зияд ибн Салих Атлах шайқасында мұсылмандардың әскерін басқарып [1, 88], 751 жылы мұсылмандар Талас өзені маңында (Қырғызстан) Қытай әскерімен соғысып жеңіп шықты. Осы ұрыста тұтқынға түскен қытайлар (20 мыңға жуық адам тұтқынға түсті, 45 - 50 мыңдай қытай әскері өлді) арасында қағаз жасауды білетін шеберлер де бар екен. Міне осылар арабтарға қағаз жасауды үйретті. Әл Макдиси өзінің «Әл Бэду әт-Тарих» еңбегінде: «Бес күнге созылған бұл соғыста қытай әскерінің 45 мыңы өліп, 20 мыңы тұтқынға түсті» деп жазды. Жеңіс түрік халықтарының қытай құлдығынан, оның будда дінінен аман сақтап, ислам өркениетімен дамуына жол ашты [2.18].
Әбу Аббас билік ұстаған 3 жылы (751) Бұқарада бүлік шықты, атаманы – Шарық ибн шейх, ол 30 мың әскермен арабтар және басқалардан, Әбу Мүсілімнен кек алды, Әбу Мүсілім оларға қарата жаныштау жорығын жүргізді. Екі жақтың соғысында сүлек өлді, ол Бұқараны алып, Самарханда қамал салды... Ақыры қытайлар да әскер шығарды, Сайд ибн Хұмейт қала бекінісін беріктеді, қытайлар неше рет соқтықты, олар қытайларға атойлап шығып, 45000 адамын қырды, 25000 адамын тұтқынға алды, қалғаны қашты, мұсылмандар олардың әскери орындарын басып алды, өзен маңындағы елдермен қалаларды бағындырды, байлықтарын талап алды» (Al-Mutahhar ibn Tahir al-Maqdisi, 850-934).
Қытай дерегі бойынша соғыс бес күнге жалғасқан, соғыстың ең қызған шағында Таң жағындағы қарлық әскері арабтар жаққа шығады. Қарлықтар арабтар жағына шыққаннан кейін Таң қосынымен байланысын үзеді де, аласапыранға түседі, арабтар орайдан пайдаланып атты әскерлермен сұрапыл шабуыл жасайды. Қарлық атты жасақтары бір бүйірден келіп тиеді. Ауыр жеңіліске тап болған Гау Шияу Фән Ан Шиға қарай қашады. Соңында бірнеше мың ғана адамы қалады. Осылайша Қытайлар Орта Азия мен Шығыс Түркістаннан айырылады.
Қатысқан әскер саны
Қытай жағы жұмылдырған әскер саны туралы екі түрлі жазба бар; бірі 60000-70000, енді бір деректе 20000-30000 адам делінеді. Екі араб жазба деректеріндетүрлері Таң жағы 100000 (және тұтқынға қаза тапты) адам жұмылдырғаны айтылады, Таң дерегінен сәл басқаша. Таң әскері мен қатар вассалдық ел әскері де жазылған, бірақ 70000 адамдардың жалпы саны және дәйекті «Tongdian» жазбаларымен ұқсас; 100000 Таң әскері қаза болған және тұтқынға түскен, 30000-ы аман қалған және бұл сан екі «Таң әулетінің тарихы» және «Билік ғибратнамасындағы» дерекпен бірдей емес. Қытай жағы: аман қалғаны тек бірнеше мың жазылған [45].
Ал арабтар жағында тұрып қатысқан әскер санын мамандар 100 мыңға тұрақтандырған.
Қазіргі уақытта шетелдік тарихшылар мен ғалымдар айтунша, Таң әулетінің әскерлерінің саны 20000-30000-нан астам адам дегенді қолдайды, 100000 Таң әскерінің саны дегенді дәлелдейтін дәлел жоқ. Әйгілі британдық шығыстанушы Артур Вэй Ли, қытайтанушы Дэвид, соның ішінде Джон Powell мен Біріккен Ұлттар ұйымының білім беру, ғылыми және мәдени ұйымы «Орталық Азиядағы өркениет тарихын» құрастырғандар, Америка Құрама Штаттары Tibetologist Baigui Si, ресейлік ислам ғалымы Бартольд және Мухаммад әл-Асад (Мұхаммед Асад) Таң, сондай-ақ араб тарихы кітаптар сөздер мен терминдер саны асыра айтқан деп санайды: бұлардың барлығы дерлік 20000-30000 Таң әскері қатысқан дегенге тоқтайды.
Ән Рұхшан мен Ашына Сүйгін көтерілісі
Орта Азияда осындай жеңіліске тап болуының көптеген себептері де бар еді. 660-742 жылдарға дейін асып-тасып жарты әлемді билеген таңдықтар әбден әспенсіп, бодан елдерге тырнағын батырумен қатар өз іштеріндеде іріп-шіри бастаған болатын. Таң Шуанзұң патша Яң Гүй Фей атты тоқалын әлпештеумен болып, сән-салтанатқа беріліп, орда істерін мүлде ұмыт қалдырады. Тағы бір қауіп болса, Таң империясын империя қылған жауынгер көшпенді ұлыстар болатын, оны Батыс Түрікті жеңген соғысынан білуге болады. Таңға еңбек сіңірген көптеген көшпенді түріктерден шыққан қолбасшылар болады, соның ішінде Ән Лу Шан ең беделді болатын. Ол Тай Пин, Фән И, Хы Дұн сынды үш аймақты билеп, 183 мың әскерге басшылық ететін айдарлы ұлық болатын, тегі жағынан әкесі Соғды, шешесі Түріктің Ашина руынан еді. Тарихшылар оның шынайы есімі «Ән Рұхшан» болуы мүмкін дейді. Ол заманда солтүстік Қытайда түрік, татап, қидан, тоңыра руларынан құралған 100 мыңдаған жасақ болған, бұл шын мәнісінде ең үлкен қауіп еді.
Осының нәтижесінде Бағдадта (793 жылы), сосын Мысыр (шамамен 900 жылы) мен Мароккода (шамамен 1100 жылы) және Испанияда (1150 жылы) қағаз өндірістері ашылды. Арабтардың папирусқа қарағанда жасалуы арзан әрі сапалы қағаз шығаруды үйренуі кітап шығаруды оңайлатты [3, 189-190]. Бүкіл Орталық Азияның саяси тарихын өзгерткен осы бір соғыс ғылымның да дамуына үлкен септігін тигізгені шындық. Білім иелерінің түрлі жаңалықтар ашуына, мыңдаған кітаптарды жазуына, осы бір соғыста түрік тайпаларының арабтар жағына өтуі – аса маңызды оқиғаның бірі. Онымен қоймай олар ешқандайда қытайласуға ұшырамаған еді.
Оқи отырыңыз: #100шайқас: Ұлы қорғанға найза тіреу
755 жылы Ән Рұхшан 200 мың әскермен Таң империясына қарсы соғысқа аттанды, қарсы келген Таң әскерін қойша қырып, астана Чаң Анды да басып алды. Таң патшасы Чыңдуға қашады. Бірақ олар орасан зор қырғын мен тонаушылық жүргізеді. Ән Рұхшанды оның өз ұлы өлтіреді. 758 жылы Ашына Сүйгін 200 мың әскерімен тағы да Таңға қарсы соғысып, олардың 600 мың жасағын жеңеді. Таңдықтар түріктердің ата жауы ұйғұрлардан көмек сұрайды, ұйғұр әскері кіргеннен бастап түріктер жеңіле бастайды. 763 жылы таңдықтар мен ұйғұрлар көтерілісші түріктерді ақыры жеңеді. Ұйғұр әскерлері жүрген жерін түк қоймай тонап кетеді. 8 жылға созылған соғыстан кейін Таң империясының 53 млн халқынан 17 млн ғана қалады, өндірісі ауыр ойраншылыққа ұшырайды, таңдықтар осылай әлсірегендіктен Шығыс Түркістанды ұйғұрлар мен тибеттер бөлісіп алады. Сонан 1755 жылға дейін Қытай қолы аттап баса алмайды, Таң империясы тек Қытай қорғанының ішін ғана әзер ұстап қалады.
Атлах шайқасының Орта Азияға ықпалы
Түріктердің арасында ислам дінінің беделінің өсуі ІХ-Х ғасырларда шамамен 820 жылдан 1000 жылдарға дейін болған қазіргі Түркістанның мәдени облыстары Орта Азиядағы Иран Саманид династиясы билік жүргізген кезден басталды. VІІІ-ІХ ғасырлардағы оқиғаларын баяндайтын деректер Оңтүстік Қазақстан халықтарының жаппай ислам дініне кіргендігін жазады.
840 жылы Нур ибн Асад Испиджабты бағындырады, 859 жылы оның інісі Ахмед ибн Асад Шауғар қаласына жорық жасайды. 766 жылдан бастап Жетісу мен Қазақстанның оңтүстік өңіріне саяси өктемдігін жүргізген қарлұқтар мұсылман мәдениетінің ықпалына өзгелерден гөрі бұрынырық түседі. Олар исламды тіпті Махди халифаның (775-785 жж.) кезеңінде қабылдады деген пікір бар, бірақ бұл пікір олардың белгілі бір бөлігі жөнінде ғана болуы мүмкін. Өйткені 853 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразды, оның басты шіркеуін мешітке айналдырған. Ислам дінін ұстанатын халықтар көбейген сайын қалаларда үлкен мешіттер салына бастады [8, 92]. Мысалы, Баласағұн 940 жылдан бері мұсылман қаласы болып есептеледі. Ал жекелеген қалаларда сауданың жандануы, бұрын мұсылман емес халықтардың дінді қабылдауына ықпал етті. X ғасырда мұсылманшылықтың толқын-толқын таралғаны байқалды. Сол кездегі Орта Азия тұрғындарының лек-лек болып Исламға қосылғаны тарихи әдебиеттерде баяндалады. Мәселен, 960 ж. 200 мың шатыр түркі халқы ислам дінін қабылдаған. Бұл – түрік халықтарының тарихындағы ірі оқиға.
1232 ж. қайтыс болған тарихшы Ибн әл-Әсирдің «Әл-Кәлім» деп аталатын 8 томдық кітабында осы оқиғаны: «Түріктерден екі жүз мың шатыр адам мұсылман болды» дейді [4, 295]. Бұл оқиғалардан түрік халықтарының біраз бөлігінің ислам дінін қабылдағанын байқаймыз. Бұл кезеңде қалаларда ислам діні кеңінен қалыптасқаны анық, мысалы: Ежелгі Тараз қаласы ислам дінінің осы өңірдегі тарауына тірек болды [1, 95] және орта ғасырдағы гүлденген Испиджаб көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айналды [1, 97], бұдан да басқа қалалар дінді таратуда жақсы істер атқарды.
Осы зор дүрбелеңнен кейін Таң империясы мүлде бас көтеруден қалды, таңдықтардың Атлах шайқасынан кейін Орта Азияға қайта тап бере алмауына осы Ән Рұхшан-Ашина Сүйгін дүрбелеңі зор әсер етті! Атлах шайқасының баянды болуына негіз қалады. Ал осы Таңға қарсы көтеріліп оларды қынадай қырған Түріктердің де көбі қырылып кетті! Егер Түріктер Таңды алып империяға айналса өздері үшін аса қатерлі деп білген ұйғұрлар бар күшімен бастықтыруға көмектесті. Түріктің қалдығы кейін әлсіз елге айналды, Қытай құрамына сіңіп кеткен Ашиналар деген фамилиямен белгілі болып, саны қазір 3.6 млн-ға жетіп отыр. Өздері ерлікпен от кешіп жауын да қырып, келмеске кеткен батыр Түріктер басқа ағайындарының сақталуына, нығаюына жағдай жасап кетті. Біз Атлах шайқасымен ғана мақтанып қоймай, осы Көк Түріктердің егей ерлігін де ұмытпауымыз керек, тарихты оқиық!