Шет ел мұрағаттарынан әкелінген тарихи материалдар
04.10.2013 3253
ІІІ ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Р.Б.Сулейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі М.Әбусейітова тарихшы ғалымдар әкелген жаңа артефактар мен материалдарды таныстырды.

Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ІІІ ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Р.Б.Сулейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі М.Әбусейітова тарихшы ғалымдар әкелген бірқатар жаңа артефактар мен материалдарды таныстырды.

Құбылайдың немересі Ананд ханзаданың исламды қабылдауы. Рашид ад-Дин. «Жамағат-тауарих». Моғол мектебі, 1590–1595 жж. Рампур, Үндістан.

Шамандар Ғазан ханның ұлы Арғынның тағдырын болжауда. Рашид ад-Дин. «Жамағат-тауарих». Моғол мектебі, 1590–1595 жж. Рампур, Үндістан.

Діни уағызшылар (буддизм, шаманизм, ислам, суфизм) бейнеленген миниатюра. «Дәруіш каландарлар Мултанға барар жолда». Рашид ад-Дин. «Жамағат-тауарих». Моғол мектебі, 1590–1595 жж. Рампур, Үндістан.

Әбілқайыр ханның таққа отыруы. Масуди Усмани Кухистани. «Тарих-и Абулхаир-хани». Мауераннахр, 1541 ж. Лондон, Британ кітапханасы.

Естеріңізге сала кетейік, «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында Қазақстанның ұлттық тарихына қатысты жаңа мұрағаттық материалдарды анықтау мақсатында шет елдерге ғылими экспедициялар ұйымдастырылған болатын.
Дерек көз: ortcom.kz