Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві туралы 25 дерек
15.04.2019 3810
Аталған архивтік мекеменің құрылғанына 25 жыл толуына орай арнайы деректер тізімін ұсынамыз

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Мемлекет басшысының 1994 жылғы 14 қаңтардағы №1502 Жарлығымен құрылды.

2. Архив өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 15 маусымдағы №52 өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Архив Қазіргі заман тарихының орталық мемлекеттік Архиві базасында құрылған, онда 600 мыңға жуық сақтау бірлігі бар.

4. Архив 1974 жылы типтік жоба бойынша салынған ғимаратта орналасқан, 8 архив қоймасы бар, сөрелердің ұзындығы 29 шақырым.

5. Архив Қазақстанның саяси тарихының ХХ-XXI ғасырлардың құжаттарын сақтайды.

6. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Архивте 1918-2013 жылдардағы оқиғаларды суреттейтін 810 мыңнан астам сақтау бірлігі бар.

7. Архивке жыл сайын 6 мыңға жуық сақтау бірлігі келіп түседі.

8. Архив ел Президентіне тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың құжаттарымен, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымына кіретін қоғамдық бірлестіктердің, ұлттық мәдени орталықтардың құжаттарымен жинақталады.

9. Архив Қазақстан Республикасы Президентінің, оның Әкімшілігінің және Мемлекет басшысына тікелей бағынатын басқа да мемлекеттік органдардың қызметін архивтік  қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындайды.

10. Архивте Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің түпнұсқалары, оның халықаралық конгрестерде, форумдарда және кездесулерде сөйлеген сөздерінің мәтіндері және басқа да құжаттар сақталады.

11. Архив Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің,  сондай-ақ олардың ізашарларының партия ұйымдарының, Алматы қаласының және Алматы облысының 1918-1991 жылдардағы құжаттарын сақтайды.

12. 1998 жылдан бастап Архив жеке тектік құжаттармен толықтырылады. Оның ішінде Бәйкен Әшімов, Әнуар Әлімжанов, Асанбай Асқаров, Герольд Бельгер, Сұлтан Жиенбаев, Шәңгерей Жәнібеков, Михаил Есеналиев, Манаш Қозыбаев, Марат Оспанов және т.б. жүзден астам мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің жеке қорлары сақталған.

13. 2014 жылы Электронды архив құру үшін Архивті ақпараттандыру тұжырымдамасы қабылданды.

14. Жыл сайын сандық нысанға 25 мың сақтау бірлігі көшіріледі.

15. 2021 жылға қарай 160 мың сақтау бірлігі бар бірінші санаттағы қорлардың барлық құжаттары сандық нысанға көшіріледі. 

16. 2019 жылдың 1 қаңтарына 108 мың іс сандық нысанға көшіріледі.

17. 2006 жылдан бастап жылына 2 рет Ақпараттық-әдістемелік бюллетень шығарылады.

18. 2015 жылдан бастап «Екінші дүниежүзілік соғыстың әскери тұтқындары-қазақстандықтар: әдебиет, дерек көздері және деректер базасы» ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырылуда. Жоба сайты www.tutkyn.kz

19. 2016 жылдан бастап «Қазақстандағы 1930 жылдардағы ашаршылық» ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырылуда. Жоба сайты www.asharshylyq.kz

20. 1994 жылдан бастап Архивтің оқу залында 7 мыңнан астам зерттеуші жұмыс істеді, соның ішінде Ресей, Украина, Армения, Өзбекстан, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Жапония, Франция, Италия, Польша және Румыния ғалымдары болды.

21. 2017 жылдан бастап Архив әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен (РФ) бірлесіп ТМД елдерінің жас архившыларының жазғы мектебі халықаралық білім беру жобасын жүзеге асыруда.

22. 2016 жылдан бастап Архив әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірге қазақстандық жоғары оқу орындарының тарих факультетінің студенттері арасында Олимпиада жобасын жүзеге асыруда.

23. 2019 жылдың 1 қаңтары жағдайына Архивтің 7 елдің: Беларусь – 3, Германия – 3, Корея – 1, Қырғызстан – 1, Польша – 3, Ресей Федерациясы – 4, АҚШ – 1. 16 шетелдік ұйымдармен халықаралық келісімдері бар.

24. Архив сайты www.archive.president.kz

25. Архив сайтында 40 виртуалды тарихи-деректі көрме орналастырылған: http://archive.president.kz/ru/nauka/virtualnye-vystavki

Айнаш СЕЙСЕНБАЕВА, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің бас сарапшысы