Шерхан Мұртаза айтқан екен...
Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз
Мұртаза Шерхан – көрнекті қазақ қаламгері, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Талапты ауылында 1932 жылы туған.
М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Республикалық баспасөз, радио, телевизия орындарында қызмет атқарған. «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, «Жазушы» баспасында, «Жалын» алманахы мен «Жұлдыз» журналының бас редакторы, «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінің бас редакторы, «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы болған.
Ш. Мұртаза – «Қара маржан», «Қызыл Жебе», «Ай мен Айша» романдарының, «Интернат наны», «Белгісіз солдаттың баласы», «41 жылғы келіншек» әңгімелерінің, «Бесеудің хаты», «Сталинге хат» сияқты драмалық туындылардың авторы. Ш. Айматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» шығармаларын қазақ тіліне аударған.
***
Бірде белгілі драматург Қалтай Мұхамеджанов бір топ қаламгер арасында өзінің Куба сапары туралы әңгіме қозғап отырады.
– Мен Гаванада отырып Алматымен үш минутта сөйлесіп үлгердім, – дейді.
Сонда мұны тыңдап отырған Шерхан Мұртазаев басын шайқап, таңырқап:
– Япырай, ә! Өзіміз мына тұрған Сарыағашта дем алып жатқанда Алматымен үш сағат дегенде әзер сөйлесуші едік, – деген екен.
***
Жазушы Шерхан Мұртазаның 60 жасқа толған мерей тойында ақын Мұхтар Шаханов құттықтау сөз сөйлеп, сөзінің соңында:
– Сағынышымды сарқып айтқан,
Айта алмасымды тартып айтқан – Ер аға!
Алпысқа келіп ата болған,
Баукеңдерден бата қонған – Шер аға!
Талай қыздың еріні тиген
Мұртыңыздан бір сүйейін – Кел, аға! – деген екен.
Фотосуреттің авторы: Ерлан Омаров