Халықтарды жақындататын Наурыз мейрамы
26.03.2018 2084
Әзірбайжан Елшілігі «Хазар» әзірбайжан этномәдени орталығының қолдауымен түркі халықтарының ортақ мұрасы болып саналатын Наурыз мейрамына арналған салтанатты кеш ұйымдастырды

Наурыз сөзінің Жаңа жыл деген мағына беретіндігі бәрімізге аян. Ерте заманнан бері ата-бабамыз тойлап келген Наурыз көктемгі күн мен түннің теңесуінің мерекесі және жаңа жылдың бастауы. Түркі әлемінің жарқын да маңызды мерекесі түрлі діндер мен халықтарды біріктіреді.

Біздің ұлттық-рухани құндылықтарымызды бейнелей отырып, ғасырлар сынынан өтіп келген бұл мейрам адамдарды қайырымдылық пен бір-біріне деген құрметке шақыра отырып, бірлігімізді нығайтудың мықты негізі болып табылады.  Көктемнің келгенін, табиғат пен жер-дүниенің жанданғандының белгісі ретінде, ғаламшарымыздың түкпір-түкпірінде түрлі фестивальдар мен мерекелік жиындар өткізіледі. Наурыз – молшылық, қайырымдылық, игілік мейрамы.  

Наурыз байрамы – бұл халықтарды жақындататын көпір, бір-біріне деген сүйіспеншілік пен құрметті дәстүрге айналдыратын буын. Осы күні Әзірбайжан Елшілігі достары мен қонақтарына арнап өз есігін айқара ашты. Қонақжай қожайын ретінде Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов әр қонаққа, соның ішінде NDH интернет-порталына да көңіл бөлді.

– Наурыз – түркітілдес халықтардың басын біріктіретін жанып тұрған от секілді. Осы от сіздердің шаңырақтарыңызда ешқашан сөнбесін, ошақтарыңызда жылу мен қуаныш сақталсын деп тілеймін. Сонымен қоса, осы от барлық балалардың – мәжбүрлі көшірілгендердің, баласынан – отан қорғаушысынан айырылған аналардың жүрегін жылытса деп үміттенемін. Мен әр отбасына, әр үйге, халықтарымыздың әр өкіліне бақыт пен тыныштық тілеймін. Мен бүкіл түркі әлемін Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын, осы мейрамның жоғары құндылықтары мен салтын сақтап қалған халықтарымыздың мүддесі үшін достық пен ынтымақтастығымызды дамыту жолындағы біздің бірлескен күш-жігеріміз бұдан әрі де нығая береді деген сенімдемін.

Өткен жылды қорытындылай келе, көзге түскен әзірбайжандықтарды марапаттау салтынан жаңылмай, Әзірбайжан Елшілігі Қазақстан Республикасындағы әзірбайжан халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтаудағы белсенді қоғамдық қызметі үшін Астана қаласының әзірбайжан қауымдастығының өкілдерін марапаттады. Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Рашад Маммадов: 1) «Хазар» этномәдени орталығының кешкілік мектебінің жетекшісі Наргиз Исмайлованы Құрмет дипломымен; 2) «Хазар» этномәдени орталығының жетекшісі Видади Агаевты Құрмет дипломымен; 3) «Әзірбайжандықтар қауымдастығы» қазақстандық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы бөлімшесінің басшысы Фаиг Махмудовты Құрмет дипломымен; 4) Әзірбайжан қауымдастығының қызметіне және халықтар арасындағы достықты нығайтуға белсенді араласқаны үшін «Ахыска тиүріктері» қазақстандық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы бөлімшесінің жетекшісі Аскар Пириевті Құрмет дипломымен; 5) Әзірбайжан қауымдастығының белсендісі Алышан Исмайловты Құрмет дипломымен; 6) «Хазар» этномәдени орталығының белсендісі қажы Гашим Агаев Құрмет дипломымен; 7) «Хазар» этномәдени орталығы жетекшісінің орынбасары Эльшан Гасановты Құрмет дипломымен; 8) Әзірбайжан қауымдастығының белсендісі Закир Биннетлиді Құрмет дипломымен; 9) Әзірбайжан қауымдастығының белсендісі Ильхам Ахмедовті Құрмет дипломымен марапаттады.

Әзірбайжан Республикасы Президенті И. Әлиевтің өкімімен халықтар арасындағы достықты нығайтуға және әзірбайжан диаспорасының дамуына қосқан үлесі үшін Атырау қаласы «Новруз» этномәдени орталығының төрағасы Эльдар ахмедов «Терегги» медалімен марапатталды. Барлық марапатталғандар атынан Эльдар Ахмедов сөз сөйледі.

Қонақтарға жарысқа қатысуды ұсынғаннан кейін мереке тіпті қыза түсті. 10 ерікті импровизацияланған сахнаға шығып себеттен боялған бір-бір боялған жұмыртқадан алды. Ойын шарты бойынша ойыншылар жұпқа бөлініп, жұмыртқаны жарулары керек болды. Кімнің қолындағы жарылмаса, сол жеңімпаз.

«Ахыска түріктері» қазақстандық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы бөлімшесінің жетекшісі Аскар Пириев ойын жеңімпазы атанып, Әзірбайжан Елшілігі атынан арнайы жүлде алды.  Бұдан кейін концерттік бағдарлама басталды. Жаңа жылға бәрінен де балалардың қуанатыны белгілі. Сондықтан да, мерекеде балалар өз өнерлерін көрсетті.  

Қонақтардың алдында «Хазар» этномәдени орталығының кешкілік мектебінің ұжымы өз өнерлерін көрсетті. Әзірбайжан елшілігі қызметкерлерінің балалары би биледі. Рояль мен скрипкада талантты музыкант  Людмила Топоркова мен ҚАЗҰӨУ Музыкалық Академиясының скрипка бөлімінің 1-ші курс студенті Дана Шалауовалар шығармалар орындады. «Хазар» этномәдени орталығының әншісі Нейла Гулиева әзірбайжан халық әндерін орындады.

Наурыз – әзірбайжан мен қазақ халқының ортақ мейрамы.