«Нұр Отан» партиясының XV съезі – маңызды оқиға
21.10.2013 1924
Біз шын мәнінде биылғы жылдың тарихи оқиғасы - «Нұр Отан» партиясының XV съезіне қатыстық. Съезде 1200-ден астам делегат пен еліміздің әр аймағынан келген мыңнан астам өкіл болды.

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысы Төлеген Әбдірахманов «Нұр Отан» партиясының XV съезі – маңызды оқиға болды деп санайды.

«Біз шын мәнінде биылғы жылдың тарихи оқиғасы - «Нұр Отан» партиясының XV съезіне қатыстық. Съезде 1200-ден астам делегат пен еліміздің әр аймағынан келген мыңнан астам өкіл болды. Алдымен, жиында партияның басты құжаты-доктринаның қабылданғанын айтқым келеді. Ол партияның алдағы онжылдықтағы міндетін айқындап, «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді»,- деді Т.Әбдірахманов.

«Съезде партия мүшелері мен әрбір қазақстандықтың еліміздің болашағына жауапты екендігі айтылды. Қазақстан Республикасы Президенті, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының еліміздегі басты партиоттық күш болуы қажеттігіне назар аударды. Партияның маңызды міндеті - «Қазақстан-2050» стратегиясында айтылған қазақстандық патриоттықты қалыптастырудағы жалпыұлттық орталыққа айналу»,- деді мәслихат хатшысы.

Дерек көз: bnews.kz