«Қазақ диаспорасының жасампаздық әлеуеті: тарих және қазіргі заман»
05.11.2013 1496
Алматыда «Қазақ диаспорасының жасампаздық әлеуеті: тарих және қазіргі заман» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алматыда «Қазақ диаспорасының жасампаздық әлеуеті: тарих және қазіргі заман» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оны ұйымдастырушылар - Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы (ДҚҚ), Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, М.Әуезов атындағы философия, саясаттану және дінтану, әдебиет және өнер институты, сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, деп хабарлады ДҚҚ баспасөз қызметінен.

Қазақстанның жеті қаласынан - Алматы, Астана, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент және Қостанай қалаларынан баяндамалар келіп түсті. Конференция республикалық мәртебеге ие болғанына қарамастан, оған Түркия, ҚХР, Моңғолия, Ресей және Қырғызстаннан келген ғалымдар мен жазушылар қызығушылық танытты.

ДҚҚ төрағасының бірінші орынбасары, «Туған тіл» халықаралық қоғамдық-саяси, әдеби-ғылыми альманахының бас редакторы Талғат Мамашевтың атап өтуінше, диаспора бойынша алуан түрлі мақалалар жарық көргенімен, оның жасампаздық әлеуетін анықтау мәселесі ешқашан пәнаралық зерттеудің нысаны болған емес. Қазақтарды тарихи отанына қайтаруға мемлекеттік қолдау көрсетілгеніне қарамастан, оның сандық және сапалық құрамын анықтау ғылыми зерттеулер мен сараптамалық бағалаудың кемшін тұсы болып қалып келеді.

Осылайша, ғылыми әдебиетте және диссертацияларда шетелдік қазақтар жөнінде мәліметтердің алшақтығы үлкен - үш миллион адамнан алты миллион адамға дейін. Мұның бір себебі - ғылыми және қолданбалы жобаларға мемлекеттік тапсырыс әкімшілерінің этникалық қазақтар тығыз орналасқан ғылыми экспедициялар рөлін жете бағаламауы. Сондай-ақ, мемлекеттік шекаралармен бөлінген бір халықтың тарихын қалыпқа келтірудің жүйелі тәсілі ұстанылмайды. IV Дүниежүзілік қазақтар құрылтайында ҚР Президенті бірнеше министрліктерге шетелдегі қазақ диаспорасы бойынша ғылыми экспедиция ұйымдастыру және өткізу жөнінде нақты тапсырма қоюы кездейсоқ емес.