Желтоқсан айында ұлттық тарихты зерделеу мәселелері Мемлекет басшысына баяндалады
17.08.2013 2220
Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының басым бағыттары желтоқсан айында Мемлекет басшысына баяндалады

Сөзден нақты іске көшу қажет. Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының басым бағыттары желтоқсан айында Мемлекет басшысына баяндалады. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ведомствоаралық жұмыс тобының  отырысында Мемлекет хатшысы Марат Тәжин мәлімдеді. 

Отырыс барысында  «Халық – тарих толқынында» бағдарламасының әзірлену барысы талқыланды. Жұмыс тобының алғашқы отырысында қойылған міндеттерді іске асыру бойынша қабылданған шаралар сөз болды. 

Бұл бағыт аясында тың шараларды қолға алған топтың басты мақсаты –  түп тамырымызды зерттеп, зерделеу. Төл тарихымызға деген 1500 жылдық ұлттық көзқарасты қалыптастыру. Бірлескен қызметтің ұлттық сәйкестігін нығайту да назардан тыс қалмақ емес. 

Марат Тәжин, ҚР Мемлекеттік хатшысы: 

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында комиссия тарапынан Мемлекет басшысының атына біздің жұмысымыздың нақты бағыттарын белгілейтін арнайы баяндама әзірлеуіміз қажет. Бұл өте күрделі кешенді жұмыс. Сөзден нақты іске кірісу қажет.