Абай мұрасы және ХХІ ғасыр жастары
10.09.2020 3578
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының Жас ғалымдар кеңесі ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы және ХХІ ғасыр жастары» тақырыбындағы жас ғалымдардың республикалық онлайн-конференциясы өтті.

Абай – қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны. Ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасы, теңдессіз дана ойлары мен шығармалары бүкіләлемдік қазынаға қосылған алтын қор екені талассыз. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық. Бүгінгі таңда Абайды тану, жас ұрпаққа насихаттау, ақынның асыл мұрасын әр тараптан зерттеп, Абайтану ғылымының керегесі кеңи түсуіне үлкен игі істер атқарылуда. Аталған жас ғалымдардың онлайн-конференциясы ақын мұрасын ХХІ ғасыр жастарына үлгі етуді көздейді. Абайдың ойшылдық қырын заман сұраныстарына қарай сабақтастырып, әлем халықтарының ең көрнекті деген ойшылдарының ойларымен байланыстырып тың ойлар айтып, сапалы талдау жасау да нысанаға алынды. Ең басты мақсат, Абай армандаған ой-идеяларды іске асыруға талпыныс тудырып, жастардың сана-сезіміне үлкен рухани жігер беру.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айтылған негізгі идеяларға сай, Абай насихаттаған білімге, ғылымға деген құштарлық қасиеттері арқылы қазіргі жастарды ғылымға, білімге ұмтылуға шақыру жолдары талқыланды.


Конференция барысында Қазақстанның барлық аймақтарынан қатысқан жас ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Қатысушылар қатарында: Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының ғалым хатшысы Қозыбаева Махаббат Мәлікқызы, PhD (Алматы қ.), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, PhD Байдалы Рауан Жомартұлы (Қостанай қ.), Е.А. Бөкетов Қарағанды мемлекеттік университеті, Тарих факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, докторант Смағұлов Нұртас Бірлікұлы (Қарағанды қ.), Абай атындағы ҚазҰПУ, Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығы, PhD Марлен Әділов (Алматы қ.), ҚР Президенті архивінің, Мұрағат қорларын сақтау және мемлекеттік есепті қамтамасыз ету басқармасының архившісі Мухтарова Айгерим Муратқызы (Алматы қ.), Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Тарих және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы, докторант Рахметуллин Еркін Ерланұлы (Семей қ.), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Дархан Асқарұлы (Нұр-Сұлтан қ.), ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері, тарих магистрі Ыдырысов Бауыржан Шаябиденұлы (Нұр-Сұлтан қ.), С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті оқытушысы Рахимов Мәди (Павлодар қ.) және тағы басқалар болды. Сондай-ақ, Абай атындағы облыстық кітапхана директорының бұрынғы орынбасары, «Арман Тур» Ұлттық Тур операторлығының гид-экскурсоводы Тусупова Бахыт Смыковна жастарға өзінің баяндамасын арнады.

Конференцияға ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Жұмағалиев Дархан Аманжолұлы төрағалық етті.

Жиынға қатысқан жас ғалымдар Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы және ХХІ ғасыр жастары» тақырыбындағы жас ғалымдардың республикалық онлайн-конференциясының қорытындасы бойынша өздерінің Қарарын қабылдады. Іс-шара онлайн форматымен ZOOM платформасы негізінде өтті.