«Білесіз бе, бір адам жазған қағаз парағын қолыңызда ұстау бір ерекше сезім. Оның ойын білу, кешке шырақ жағып, осы жолдарды толғанып, қолымен маңдай терін сүрте отыра жазғанын елестету...» деп орыс жазушысы Ю.Алейникова жазғандай архивтегі құжаттар тарихқа толы, халықтың деректі ескерткіші, ұлттың тарихын сақтаушы дерекқор болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік архивтер дүниесіне іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив - 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау қажет екенін айтқан болатын. Міне сол игі іс қолға алынып, 2019 жылы аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві директорының орынбасары Тұрсынгүл Құсайынова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми-зерттеу тобымен бірлесіп шетел архивтері мен кітапханаларында, ғылыми орталықтарда археографиялық жұмыстар жүргізу, елімізге қатысты бірегей құжаттарды іздестіру мақсатында ұйымдастырылған «Шетелдік архивтердегі археографиялық жұмыстар және Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті туралы қорлар (анықтау, талдау, цифрландыру)» жобасы бойынша Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург, Қазан, Омск, Орынбор, Астрахань және т.б. қалаларының архивтерінде зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Аталған жұмыс нәтижесінде Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласындағы Ресей мемлекеттік тарихи архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Ресей географиялық қоғамының Ғылыми архиві қорларынан, Ресей ғылым академиясының Шығыс қолжазбалар институтының қолжазбалар қорынан, Ресей Ұлттық кітапханасы қорынан анықталған қазақ тарихына қатысты құжаттардың электрондық көшірмелері Ұлттық архивтің «Шетел мемлекеттерінің архивтері, кітапханалары және ғылыми мекемелерінен алынған құжаттар көшірмелерінің коллекциясы» деп аталатын №83 қорын толықтырды. Қорда қазақтардың тұрмысы, ислам дінін ұстануы, қазақтарды отарлау саясаты, күштеп отырықшыландыру шаралары, әскери линиялардың салынуы, орыс зерттеушілерінің қазақ даласы туралы мәліметтері сынды тарихи құжаттар топтастырылған.
Ендігі жерде осы құжаттардың ішіндегі бір тарихи дерекке назар аударсақ. Бұл Ресей мемлекеттік тарихи архивінен әкелінген авторы анықталмаған «Өлкенің табиғи жағдайлары мен жерді пайдаланудың егжей-тегжейлі сипаттамасы бар дала өлкесіндегі жер мәселесі туралы 1914 жылғы жазба (Записка (автор не установлен) о земельном вопросе в степном крае с подробной характеристикой естественных условий края и землепользовании (главным образом киргиз)).
Жазба 1905 жылы қоныстандыру мәселесін реттеу мақсатында құрылған қоныстандыру мекемелерінің Басқармасы қорында сақталған. Онда XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың жаппай көшіру үрдісінің бір қыры сипатталған. Нақтылап айтсақ қоныс аударушылардың Ақмола, Семей, Торғай және Орал облыстарының аумағына қоныстануы бойынша статистикалық мәліметтер берілген, өйткені бұл солтүстік аймақтардағы неғұрлым құнарлы жерлер еді. Қоныс аударып келген шаруалар бұл аймақтардың жартысынан көбін иемденіп алған және басым бөлігі жері өте құнарлы болғандықтан Ақмола облысына жайғастырылғанын да көруге болады. Патша өкіметінің бұл көші-қон саясатының әлеуметтік-саяси салдары қазақ халқына өте ауыр болғанын да айта кету керек.
Дала өлкесінде негізгі үш топтың өкілдері қоныстанғаны көрсетілген, бұл орыс шаруалары, казактар және жергілікті қазақтар (қырғыздар). Төменгі кестеде бұл топтардың әртүрлі облыстар мен уездердегі саны берілген.
ҚРҰА. 83-қор, 6-тіз., 972-іс, 1-п.
Уездер
Шаруалар
Казактар
Қазақтар (қырғыздар)
Барлығы
Ақмола облысы
Омбы
138
65
38
17
39
18
215
Петропавл
113
41
56
20
108
39
277
Көкшетау
216
62
39
11
97
27
352
Атбасар
54
35
4
2
104
63
162
Акмола
106
37
1
1
179
62
286
Облыс бойынша барлығы
627
49
138
11
527
40
1.292
Семей облысы
Павлодар
77
30
16
6
162
64
255
Қарқаралы
3
3
1
-
191
97
195
Семей
23
16
11
7
112
77
146
Өскемен
35
22
17
10
100
68
152
Зайсан
14
12
3
2
100
86
117
Облыс бойынша барлығы
152
17
48
5
665
78
865
Торғай облысы
Ақтөбе
100
44
-
-
126
66
226
Қостанай
200
56
-
-
154
44
354
Торғай
2
1
-
-
110
99
112
Ырғыз
3
1
-
-
117
99
120
Облыс бойынша барлығы
305
37
-
-
507
63
812
Орал облысы
Орал
92
38
73
30
77
32
242
Лбищенск
15
7
55
27
133
66
203
Гурьев
13
8
13
8
124
84
150
Темір
17
11
-
-
146
89
163
Облыс бойынша барлығы
137
18
141
18
480
64
758
Дала өлкесі бойынша барлығы
1.221
34
327
10
2.179
56
3.727
ҚРҰА. 83-қор, 6-тіз., 972-іс, 3-п.
ҚРҰА. 83-қор, 6-тіз., 972-іс, 4-п.
Бұл мәліметтер 1916 жылғы ауылшаруашылық санақ нәтижелерінен алынған.
Енді Дала өлкесінің болашақ дамуын жоспарлау үшін әртүрлі топтардың көлемімен қоса олардың өсу динамикасын ауылдық және қалалық деп көруге болады.
Ауыл халқының өсуі
(мың адам)
Облыстар
Ақмола
Семей
Торғай
Орал
Барлығы
Шаруалар
1905 жылы
207
23
100
97
427
1916 жылы
627
152
305
137
1.221
+420
+129
+205
+40
+794
Казактар
1905 жылы
81
34
-
131
246
1916 жылы
138
48
-
141
327
+57
+14
-
+10
+81
Қазақтар (қырғыздар)
1905 жылы
484
656
435
472
2.047
1916 жылы
527
665
507
480
2.179
+43
+9
+72
+8
+132
Қала халқының өсуі
(мың адам)
1905 жылы
117
55
30
65
267
1916 жылы
217
96
43
77
433
+100
+41
+13
+12
+166
ҚРҰА. 83-қор, 6-тіз., 972-іс, 5-п.
Кестеден өлкеде 1905-1916 жылдары орыс халқының шаруалары басқалардан көп болғанын көруге болады. Айта кететін жайт, олардың саны осыдан 10-15 жыл бұрын мүлдем болмаған уездерде едәуір өскен. Мысалы Семей облысының барлық уездері, Орал облысының Гурьев және Темір аудандары. Бұл әрине Ресейдің қоныс аударушыларды жаппай көшіру нәтижесі.
Ауыл халқының өсуімен қатар дала өлкесінің қалалары да бұрын соңды болмаған 63% «америкалық» өсу орын алды, әсіресе темір жолдарға жақын жердегі қалаларда үлкен айырмашылық байқалды. Ал керісінше Еуропалық Ресейде халық саны небәрі 17% ғана өсті.
Өлкеге қоныстанушылардың жаппай келуі кәсіптердің дамуы, тауар айналым мен өнеркәсіптің өсуіне себеп болды. Соның салдарынан бұл жаққа жұмысшылар, қолөнершілер, әбзелшілер, саудагерлер мен делдалдар ағыла бастаған.
Көбісі өздеріне қолайлы жер таппай, қалаларға кеткен. Қайта қайтқан қоныстанушылар мен жер көріп қайтушылардың (ходоктардың) жалпы саны 1896 жылдан 1916 жылға дейін келесідей болды:
Нақты келіп қайтқандар
Облыстар
Жылдар
Қоныстанушылар
Көріп қайтушылар (ходоктар)
Ақмола
1896-1916
1906-1915
барлығы
163. 033
490.257
653.290
40.293
102.848
143.141
Семей
1896-1916
1906-1915
барлығы
11.047
122.867
133.914
2.392
25.038
27.430
Торғай
1896-1916
1906-1915
барлығы
60.018
213.793
273.811
14.287
45.803
60.090
Орал
1896-1916
1906-1915
барлығы
36
56.338
56.374
8
10.798
10.806
Барлық облыстар бойынша
1896-1916
1906-1915
барлығы
234.134
883.255
1.117.389
56.980
184.487
241.467
ҚРҰА. 83-қор, 6-тіз., 972-іс, 7-п.
Барлығы Оралға сол кезде 3.067.984 қоныстанушы мен 732.361 көріп қайтушы (ходок) келген. Яғни қоныстанушылар – 29%, ал ходоктар – 25%.
Енді құжатта көрсетілген дала өлкесінен қоныстанушылардың өз еліне қайту бойынша берілген мәлімдемесіне тоқталсақ, бұл үрдісті келесі кестедегі мәліметтер айқындайды:
Облыстар
Жылдар
Қоныстанушылар
Көріп қайтушылар (ходоктар)
Ақмола
1896-1916
1906-1915
барлығы
35.064
99.135
134.199
23.030
61.791
84.821
Семей
1896-1916
1906-1915
барлығы
2.370
12.594
14.964
903
16.268
17.171
Торғай
1896-1916
1906-1915
барлығы
13.409
73.744
87.153
12.280
37.302
49.582
Орал
1896-1916
1906-1915
барлығы
6
11.167
11.173
5
8.251
8.256
Барлық облыстар бойынша
1896-1916
1906-1915
барлығы
50.849
196.640
247.489
36.218
123.612
159.830
ҚРҰА. 83-қор, 6-тіз., 972-іс, 8-п.
1905 жылы қоныстандыру мәселесін реттеу мақсатында құрылған қоныстандыру мекемелері Басқармасының 1905-1917 жылдардағы 12 жылғы қызметі нәтижесінде бір миллионға жуық қоныс аударушылар жерге орналастырылған.
1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысы шаруалардың қоныс аудару қарқынын күшейтіп, қазақтардың иелігіндегі жердің үлкен көлемін тартып алуға жол ашты. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті. Қоныс аударушы шаруалар тіпті адам тасуға бейімделмеген қолайсыз вагондарда келіп, Петропавл және Омбы қалаларының темір жол торабы бекеттерінде шоғырланды. Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерін де сонда өткізді. Азық-түліктің жетіспеушілігі мен дәрігерлік көмектің болмауы салдарынан адамдардың арасында ауру-сырқау көбейіп, тіпті өлім-жітім де көп болған. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар пункттері мен аурухана барактары жедел түрде салына бастаған.
Ресей империясының шаруаларды қазақ жеріне жаппай қоныстандыруы қазақ халқының ежелден қалыптасқан салт-дәстүрін, шаруашылық жүйесін үлкен өзгеріске ұшыратты, жері талан-таражға түсті. Жергілікті тұрғындар жайлы мекендерін тастап, амалсыз ішкері қарай қоныс аударуға мәжбүр болды. Яғни шұрайлы жайылымдар мен құнарлы егістік алқаптары қоныс аударған орыстар мен казактарға берілді. Көшпелілердің ата-мекендерінен, шұрайлы жайылымдарынан айырылуы салдарынан ежелден қалыптасып келе жатқан шаруашылықты жүргізудің тиімді әдістері жойыла бастады. Отарлау саясатының салдарынан қазақ халқы материалдық жағынан ғана емес, рухани жағынан да зардап шекті.
Патша өкіметінің қазақ даласындағы отарлау, орыстандыру саясатын жүргізуінің басты бағыттарының бірі – жергілікті халықты христиан дініне тарту, шоқындыру, рухани отарлау болды.
Патша өкіметінің бұл саясаты ХХ ғасырдың басында қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресіне қозғау салды. Халықтың ұлттық санасы оянып, келешегіне көз жіберу, елдің ертеңі не болмақ деген ой толғандырды. Сол кездегі өз болашағына батыл қадам жасайтын, халқымыздың біртуар перзенттері, өз елінің нағыз патриоттары елім, жерім деп күресті.
Бүгін міне небір қилы заманды, «тар жол тайғақ кешуді» басынан өткерген қазақ халқы Егеменді ел атанды, еңсесі биіктеп, рухы шалқи түсті. Төрткүл дүниеге «қазақ» деген ұлт, «Қазақстан» деген мемлекет болып танылды.
Осы орайда Елбасымыздың «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - деген сөздері еске түседі.
Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры – Тəуелсіздігімізді сақтайық, құрметтейік, ағайын!
Назым Биримкулова,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің бөлім басшысы